I. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі, 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, А.Каримуллин көшесі, 2/2 үй, анықтама үшін телефондар: 8(7112) 53-84-40, факс 8 (7112) 53-84-40, электрондық адресі l.amangalieva@kgd.gov.kz
1. Адам ресурстары басқармасының бас маманы (уақытша, негізгі қызметкер С.Нургалиеваның бала күту демалысы кезеңіне, 25.10.2026ж. дейін) («C-О-5» санаты, 1 бірлік, индексі №МКД-8/1), «C-О-5» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 226 837 (min) теңгеден 260 564 (max) теңгеге дейiн.
Функционалдық міндеттері: Департамент және құрылымдық бөлімшелер номенклатурасы бойынша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға конкурстарды өткізуді қамтамасыз ету, Департаментте және аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларында кадрлардың ауысуы және сапалық құрамын талдау, Департаменттің мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптары жинағын дайындау, Қазақстан Республикасы Президентімен бекітілген тәртіпте мемлекеттік қызметшілердің антын қабылдауды ұйымдастыру, Департамент және құрылымдық бөлімше қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттау және ынталандырудың басқа да түрлері бойынша материалдар дайындау. Департаментте мемлекеттік қызметті өткеру және ұйымдастырумен байланысты бұйрықтарды ресімдеу, Департамент және аумақтық мемлекеттік кірістер басқармалары мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау, біліктілігн арттыру, аттестациялау бойынша жұмысты ұйымдастыру, қызметкерлердің еңбек тәртібін бақылауды жүзеге асыру, Департаменттің мемлекеттік қызметшілерінің заңмен белгіленген шектеуліктер мен келісімдерді қабылдауын бақылау, Департамент және құрылымдық бөлімшелер номенклатурасы бойынша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға конкурстарды өткізу және мемлекеттік қызметшілердің лауазымдарды алмастырған жағдайда сынақ мерзімінен өтуін қамтамасыз ету, қызметкерлердің мемлекеттік еңбек өтілдері және еңбек шарты бойынша жұмыс жасайтын қызметкерлердің еңбек өтілін анықтау бойынша жұмысты ұйымдастыру, қолданыстағы ережелер мен нұсқаулықтарға сәйкес Департамент қызметшілерінің жеке істері есебін, еңбек кітапшаларын жүргізу тәртібін жүзеге асыру, «е-Минфин» АЖ-нің «Кадрлық басқару» кіші жүйесі АЖ-нің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету. Мемлекеттік кірістер органдарының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері тарапынан сыбайлас жемқорлық және лауазымдық құқық бұзушылықтарды анықтау, алдын алу және жолын кесу, заңсыз әрекеттерге жол бермеу бойынша шараларды жүргізу, Департаменттің және аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларының заңнама бұзушылығын жіберген немесе құқықтық емес әрекеттер жасаған лауазымды тұлғаларына қатысты қызметтік тергеулер жүргізу.
Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім - Бизнес, басқару және құқық: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, құқықтану.
Құзыреттер бойынша талаптар:
Стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Әңгімелесу өткізудің мерзімі мен орны:
Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде С-О-5 санаты бойынша БҚО, Орал қаласы, А.Каримуллин көшесі 2/2 үй мекен-жайы бойынша әңгімелесуден өтеді.
II. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Орал қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі, 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Некрасова көшесі, 30/1 үй, анықтама телефоны: (87112) 24-28-35, электрондық мекенжайы: d.kaskarauova@kgd.gov.kz .
1. Өндіріп алу бөлімінің жетекші маманы («C-R-5» санаты, 1 бірлік, индексі №МКБ-1-5-3), «C-R-5» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 195 549 (min) теңгеден 224 624 (max) теңгеге дейiн.
Функционалдық міндеттері: Салық заңнамасымен белгіленген мерзімде салықтық берешек есебіне мүлікке иелік етуді шектеу туралы қалыптасқан шешімді салық төлеушінің қолына береді. Заңнамаға сәйкес салықтық берешек есебіне мүлікке иелік етуді шектеу туралы қалыптасқан шешім негізінде уәкілетті органдарда ауыртпалықтар салады. Салық заңнамасымен белгіленген мерзімде және тәртіпте мүлікке иелік етуді шектеу тізімдемесінің актісін жасайды. Уәкілетті органдарда тіркелмеген мүлікті анықтайды. Касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімнің қолданылу мерзімінде мүлікті, ақша қаражатының қозғалысын анықтау мақсатында салық төлеушінің берген есептіліктеріне талдау жасайды. Салықтық тексерудің нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) жоғары тұрған салық қызметі органының хабарламаға түскен шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарған шешіміне шағым жасаған кезде Салық кодексімен белгіленген мерзімге және тәртіпке сәйкес салық төлеушінің мүлікке иелік етуге шектеу жасау(шектеу туралы шешім шығару, ауыртпалық салу, тізімдеме актісін жасау). «КРУА» АҚ-мен шектелген мүлікті қабылдау –тапсыру актісіне қол қою, сондай-ақ борышкер қол қоюдан бас тартқан немесе келмеген жағдайда мүлікті сатып алу-сату шартына қол қою. Салықтық берешек есебіне салық төлеушінің (салық агентінің) мүлікке иелік етуін шектеуді іске асыру қағидаларына сәйкес бірлескен бақылау шараларын қабылдау үшін электрондық аукцион әкімшілігімен өзара әрекет жасау. Салық төлеушінің салықтық берешегі есебіне мүлікке иелік етуді шектеу туралы қайта жасалған шешім бойынша БСАЖ-да күн сайын түгендеу жүргізу.
Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:
Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім – бизнес, басқару және құқық: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, құқықтану.
Құзыреттер бойынша талаптар:
күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде С-R-5 санаты бойынша Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Некрасова көшесі 30/1 үй мекен-жайы бойынша әңгімелесуден өтеді.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
Құжаттар 2024 жылдың 12 ақпанынан бастап 2024 жылдың 20 ақпанын қоса алғанда 7 жұмыс күні ішінде, жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап жүзеге асырылады.
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не "Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) Өтініш;
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);
3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариат куәландырған көшірмелері;
"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.
Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың (осы Қағидалардың 79-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда):
1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;
2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:
1) Өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссияның хатшысымен оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Қосымша ақпарат:
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары негізінде жүргізіледі.