«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

I. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер  департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі, 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, А.Каримуллин көшесі, 2/2 үй, анықтама үшін телефондар: 8(7112) 53-84-40, факс 8 (7112) 53-84-40, электрондық адресі l.amangalieva@kgd.gov.kz.   

1. Адам ресурстары басқармасының бас маманы (уақытша, негізгі қызметкер С.Нургалиеваның бала күту демалысы кезеңіне, 25.10.2026ж. дейін) («C-О-5» санаты, 1 бірлік, индексі №МКД-8/1), «C-О-5» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 226 837 (min) теңгеден 260 564 (max) теңгеге дейiн.

Функционалдық міндеттері: Департамент және құрылымдық бөлімшелер номенклатурасы бойынша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға конкурстарды өткізуді қамтамасыз ету, Департаментте және аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларында кадрлардың ауысуы және сапалық құрамын талдау, Департаменттің мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптары жинағын дайындау, Қазақстан Республикасы Президентімен бекітілген тәртіпте мемлекеттік қызметшілердің антын қабылдауды ұйымдастыру, Департамент және құрылымдық бөлімше қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттау және ынталандырудың басқа да түрлері бойынша материалдар дайындау. Департаментте мемлекеттік қызметті өткеру және ұйымдастырумен байланысты бұйрықтарды ресімдеу, Департамент және аумақтық мемлекеттік кірістер басқармалары мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау, біліктілігн арттыру, аттестациялау бойынша жұмысты ұйымдастыру, қызметкерлердің еңбек тәртібін бақылауды жүзеге асыру, Департаменттің мемлекеттік қызметшілерінің заңмен белгіленген шектеуліктер мен келісімдерді қабылдауын бақылау, Департамент және құрылымдық бөлімшелер номенклатурасы бойынша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға конкурстарды өткізу және мемлекеттік қызметшілердің лауазымдарды алмастырған жағдайда сынақ мерзімінен өтуін қамтамасыз ету, қызметкерлердің мемлекеттік еңбек өтілдері және еңбек шарты бойынша жұмыс жасайтын қызметкерлердің еңбек өтілін анықтау бойынша жұмысты ұйымдастыру, қолданыстағы ережелер мен нұсқаулықтарға сәйкес Департамент қызметшілерінің жеке істері есебін, еңбек кітапшаларын  жүргізу тәртібін жүзеге асыру, «е-Минфин» АЖ-нің «Кадрлық басқару» кіші жүйесі АЖ-нің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету. Мемлекеттік кірістер органдарының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері тарапынан сыбайлас жемқорлық және лауазымдық құқық бұзушылықтарды анықтау, алдын алу және жолын кесу, заңсыз әрекеттерге жол бермеу бойынша шараларды жүргізу, Департаменттің және аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларының заңнама бұзушылығын жіберген немесе құқықтық емес әрекеттер жасаған лауазымды тұлғаларына қатысты қызметтік тергеулер жүргізу.

Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім  - Бизнес, басқару және құқық: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, құқықтану.

Құзыреттер бойынша талаптар: cтресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Әңгімелесу өткізудің мерзімі мен орны:

Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде С-О-5  санаты бойынша БҚО, Орал қаласы, А.Каримуллин көшесі 2/2 үй мекен-жайы бойынша әңгімелесуден өтеді.

Құжаттар 2024 жылдың 24 қаңтарынан бастап 2024 жылдың 26 қаңтарын қоса алғанда 3 жұмыс күні ішінде,  ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – Уәкілетті орган) интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш (бұдан әрі – Өтініш);

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 211 қазандағы No 14 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде No 14436 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.

Қосымша ақпарат

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары негізінде жүргізіледі.

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру
Дата публикации
24 января 2024