I. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Жәнібек ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, 090200, Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылы, Ғумар Қараш көшесі, 63 үй, анықтама телефоны: (871135) 21-2-82, 21-4-90, факс (871135) 21-2-82, электрондық мекенжайы:dzhamieva@kgd.gov.kz, zko_zhanibek@kgd.gov.kz
1. Салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің бас маманы (уақытша, негізгі қызметкер К.Максотованың, бала күту демалысы кезеңіне, 01.03.2025ж. дейін), (C-R-4 санаты, 1 бірлік, индексі № МКБ-6-2/4), «C-R-4» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 226 837 (min) теңгеден 260 564 (max) теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері: Салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың, сондай-ақ дербес шоттардағы өсімақылар мен айыппұлдардың қоса есептелген (есептелген, кемітілген) және төленген (есепке жатқызылған, қайтарылған) сомаларының есебінің дұрыс жүргізілуіне бақылау және есептілікті дұрыс жасау функцияларын атқару. Салық төлеушілерге қатысты әкімшілік хаттамалар толтыру. Жеке тұлғалардың салық салуға жататын Қазақстан Республикасындағы мүлікті өткізуі кезінде құн өсімінен түсетін мүліктік кірісіне камералдық бақылау жасау, хабарламалар жеткізу және салықтарды бюджетке өндіруін қадағалау. Мемлекеттік кірістер басқармасының әкімшілік материалдары жөніндегі жұмыс жағдайын бақылауды жүзеге асыру. Әкімшілік мәліметтер есебін жүргізуге қатысу. Әкімшілік құқық бұзушылық істердің есебін жүргізу, құқықтық статистика және арнайы есеп Web-АП бағдарламасына Ф. 1-АВ, Ф. 1-АП нысандағы карточкалардың мезгілінде енгізілуін есепке алу құжаттарының тіркелуін уақытылы жүзеге асыру. Кіріс құжаттарын тіркеу және қабылдау. Кіріс және шығыс құжаттарын тіркеу журналын жүргізу. 1-ОЛ есебін жасап, әр ай сайын үндеу түсірулер есебін құқықтық статистика және арнайы есеп органдарымен салыстырып облыстық Мемлекеттік кірістер департаментіне жіберіп отыру Жергілікті бюжетті толықтыру бойынша іс-шаралар жоспарының орындалуы бойынша тиісті шараларды жүргізу. Салықтық тексерулер мен салықтық бақылауларды жүргізу және өзі толтырған актілеріне тиісті шараларды уақытында жүргізу. Бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс, салық заңнамаларын түсіндіру. Қазақстан Республикасы Қаржы министірінің 2020 жылғы 10 шілдедегі № 665 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік кірістер органдарының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету қағидалары бойынша жұмыс жүргізу. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының 31.01.2022ж. Өндірістік емес төлемдер бойынша бақылау, салық салу объетілерін есепке алу, салық базасын нығайту жұмыстарын жүргізу, хабарламалардын таратылуын және салықтардың бюджетке уақытылы түсуін қадағалау, 104102, 104402, 105315 код бойынша қалыптасқан берешектерді өндіру есептелген салықтардың дұрыстығын тексеру, хабарламалардын таратылуын және салықтардың бюджетке уақытылы түсуін қадағалау, бюджетке өндірістік емес төлемдер бойынша салық түсу жоспарын орындалуын қамтамасыз ету.
Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:
Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім - Бизнес, басқару және құқық: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, құқықтану. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар: ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету. Ақпараттық қауіпсіздік: Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері..
Құзыреттер бойынша талаптар: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Әңгімелесу өткізу мерзімі мен орны:
жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде С-R-4 санаты бойынша Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылы, Ғумар Қараш көшесі, 63 үй, анықтама телефоны: (871135) 21-2-82, 21-4-90, факс 21-2-82 мекен-жайы бойынша әңгімелесуден өтеді.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
Құжаттар 2024 жылдың 23 қаңтарынан бастап 2024 жылдың 31 қаңтарын қоса алғанда 7 жұмыс күні ішінде, жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап жүзеге асырылады.
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не "Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) Өтініш;
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);
3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариат куәландырған көшірмелері;
"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.
Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың (осы Қағидалардың 79-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда):
1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;
2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:
1) Өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссияның хатшысымен оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Қосымша ақпарат:
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары негізінде жүргізіледі.