I. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі, 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, А.Каримуллин көшесі, 2/2 үй, анықтама үшін телефондар: 8(7112) 53-84-40, факс 8 (7112) 53-84-40, электрондық адресі l.amangalieva@kgd.gov.kz.
1. Ұйымдастыру-қаржы басқармасының бас маманы (уақытша, негізгі қызметкер Л.Ғ.Нұғманованың бала күту демалысы кезеңіне, 17.01.2025ж. дейін), («C-О-5» санаты, 1 бірлік, индекстік №МКД-9/2), «C-О-5» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 195 549 (min) теңгеден 224 624 (max) теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері: Алқа мәжілістеріне материалдар дайындау, жиналыстар мен алқа мәжілістерінің хаттамасын жасау, Мемлекеттік кірістер департаментінің құрылымдық бөлімшелерінің жұмыс жоспарларын жинақтау, келіп түскен құжаттардың уақтылы және сапалы орындалуына бақылау жасау, жоғары тұрған органның, департамент басшысының хаттамалық тапсырмаларының орындалуына бақылау жасау. Ақпараттық-сараптамалық жұмыс әдістерін игеру.
Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім - Бизнес, басқару және құқық: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, құқықтану.
Құзыреттер бойынша талаптар:
Стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
2.Камералдық мониторинг басқармасының №1 камералдық мониторинг бөлімінің бас маманы, («C-О-5» санаты, 1 бірлік, индексі №МКД-13-1/4), «C-О-5» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 263 131 (min) теңгеден 302 255 (max) теңгеге дейiн.
Функционалдық міндеттері: Тіркелуі/қайта тіркелуі жарамсыз деп танылған кәсіпорындардың контрагенттері бойынша хабарламаларды уақтылы өңдеу. Сенімсіз салық төлеушілерін анықтауды, залал сомасы 20 000 айлық есептік көрсеткіштен асатын контрагенттер бойынша материалдарды Экономикалық тергеу департаментіне беруді бақылау. Салық заңнамасы талаптарын сақтау мәселесі бойынша көшіп келген салық төлеушілерге бақылауды жүзеге асыру. Мемлекеттік сатып алу шеңберінде ақшалай қаражат алған салық төлеушілерге бақылау, талдау және мониторинг жүргізу, мемлекеттік сатып алуға қатысушы салық төлеушілерді қазынашылық сүйемелдеуді қамтамасыз ету, мемлекеттік сатып алу, корпоративтік табыс салығы, ҚҚС, жеке табыс салығы бойынша заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің камералдық бақылау хабарламаларын өңдеу. Салықтық тексеру тағайындау үшін орындалмаған хабарламалар бойынша материалдардың аудит басқармасына берілуін бақылау. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін, шаруа немесе фермерлік шаруашылықтары үшін арнаулы салық режимін, ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілер және ауылшаруашылық кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерді әкімшілендіру. Кәсіпкерлік субъектілерін әкімшілендіру жұмыстарын бақылау. Жер қойнауын пайдаланушылар мен резиденттер еместерге салық салуды әкімшілендіру.
Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім - Бизнес, басқару және құқық: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару.
Құзыреттер бойынша талаптар:
Стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
3. Өндірістік емес төлемдер басқармасының бас маманы (уақытша, негізгі қызметкер А.Е.Куспанованың бала күту демалысы кезеңінде, 05. 01.2025ж. дейін), («C-О-5» санаты, 1 бірлік, индексі №МКД-18/5), «C-О-5» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 263 131 (min) теңгеден 302 255 (max) теңгеге дейiн.
Функционалдық міндеттері: 700.00, 701,00, 701,01. 810.00, 851.00, 860.00, 870.00, 710.00 салық есептілігі нысандарын уақытында тапсыру, шаралар қабылдау, дұрыс және толық толтырылуын қамтамасыз ету. 104101, 104102, 104302, 104401, 104402, 105301, 105303, 105304, 105309, 105310, 105311, 105313, 105314, 105315, 105316, 105501, 105502, 201906, 204109, 204113,204162, 206108 бюджеттік сыныптама кодтарын және басқа да алымдар мен мемлекеттік баждарды әкімшілендіруге бақылау. Аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларының жеке тұлғаларға салынатын мүлік, жер, көлік құралдары салығы бойынша жұмысына бақылау. Заңды және жеке тұлғалардың мүлік, жер, көлік құралдары салығы бойынша салық салу объектілерінің жиынтық есебін жүргізуге бақылау. Ойын және тіркелген салықтарды қалыптастыру бойынша камералдық бақылау хабарламаларының Камералдық бақылау қорытындысының тізілімі жүйесінде уақытында өңделуіне күн сайын бақылау жүргізу. Бекітілген БСК бойынша әкімшілендіру мәселесі бойынша уәкілетті және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл. Аумақтық басқармаларға өңдеу үшін мәліметтерді уақытында жіберу. Уәкілетті және жергілікті атқару органдарымен кешіктіріліп, дұрыс және толық емес салық заңнамасымен көзделген мәліметтерді берулеріне байланысты құқық бұзушылық анықталған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау. 101202 – мүліктік табыс бойынша жеке тұлғалардың табыстарына салынатын жеке табыс салығын әкімшілендіру, 230.00 нысанды салық есептілігін қабылдау, мәліметтердің сапалы және толық көрсетілуі бойынша аумақтық басқармалардың жұмыстарын қамтамысз ету. Құқық қорғау органдарының мемлекеттік қызметшілердің декларациялары бойынша сұрауларына жауап беру. Аумақтық басқармалардың Бірыңғай жиынтық төлем бойынша жұмыстарына бақылау. 240.00 салық есептілігі нысанын уақытында тапсыру, шаралар қабылдау, дұрыс және толық толтырылуын қамтамасыз ету және бақылау. Басқарма жетекшілік жасалатын мәселелер бойынша міндеттердің орындалу қорытындысы туралы есептер, сараптамалық ақпараттар мен мәліметтердің берілуін қамтамасыз ету.
Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім - Бизнес, басқару және құқық: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару.
Құзыреттер бойынша талаптар:
Стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
4. Адам ресурстары басқармасының бас маманы («C-О-5» санаты, 1 бірлік, индексі №МКД-8/4), «C-О-5» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 226 837 (min) теңгеден 260 564 (max) теңгеге дейiн.
Функционалдық міндеттері: Департамент және құрылымдық бөлімшелер номенклатурасы бойынша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға конкурстарды өткізуді қамтамасыз ету, Департаментте және аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларында кадрлардың ауысуы және сапалық құрамын талдау, Департаменттің мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптары жинағын дайындау, Қазақстан Республикасы Президентімен бекітілген тәртіпте мемлекеттік қызметшілердің антын қабылдауды ұйымдастыру, Департамент және құрылымдық бөлімше қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттау және ынталандырудың басқа да түрлері бойынша материалдар дайындау. Департаментте мемлекеттік қызметті өткеру және ұйымдастырумен байланысты бұйрықтарды ресімдеу, Департамент және аумақтық мемлекеттік кірістер басқармалары мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау, біліктілігн арттыру, аттестациялау бойынша жұмысты ұйымдастыру, қызметкерлердің еңбек тәртібін бақылауды жүзеге асыру, Департаменттің мемлекеттік қызметшілерінің заңмен белгіленген шектеуліктер мен келісімдерді қабылдауын бақылау, Департамент және құрылымдық бөлімшелер номенклатурасы бойынша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға конкурстарды өткізу және мемлекеттік қызметшілердің лауазымдарды алмастырған жағдайда сынақ мерзімінен өтуін қамтамасыз ету, қызметкерлердің мемлекеттік еңбек өтілдері және еңбек шарты бойынша жұмыс жасайтын қызметкерлердің еңбек өтілін анықтау бойынша жұмысты ұйымдастыру, қолданыстағы ережелер мен нұсқаулықтарға сәйкес Департамент қызметшілерінің жеке істері есебін, еңбек кітапшаларын жүргізу тәртібін жүзеге асыру, «е-Минфин» АЖ-нің «Кадрлық басқару» кіші жүйесі АЖ-нің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету. Мемлекеттік кірістер органдарының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері тарапынан сыбайлас жемқорлық және лауазымдық құқық бұзушылықтарды анықтау, алдын алу және жолын кесу, заңсыз әрекеттерге жол бермеу бойынша шараларды жүргізу, Департаменттің және аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларының заңнама бұзушылығын жіберген немесе құқықтық емес әрекеттер жасаған лауазымды тұлғаларына қатысты қызметтік тергеулер жүргізу.
Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім - Бизнес, басқару және құқық: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, құқықтану.
Құзыреттер бойынша талаптар:
Стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Әңгімелесу өткізудің мерзімі мен орны:
Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде С-О-5 санаты бойынша БҚО, Орал қаласы, А.Каримуллин көшесі 2/2 үй мекен-жайы бойынша әңгімелесуден өтеді.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
Құжаттар 2024 жылдың 17 қаңтарынан бастап 2024 жылдың 25 қаңтарын қоса алғанда 7 жұмыс күні ішінде, жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап жүзеге асырылады.
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не "Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) Өтініш;
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);
3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариат куәландырған көшірмелері;
"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.
Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың (осы Қағидалардың 79-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда):
1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;
2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:
1) Өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссияның хатшысымен оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Қосымша ақпарат:
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары негізінде жүргізіледі.