«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін жалпы конкурс

I. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Орал қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі, 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Некрасова көшесі, 30/1 үй, анықтама телефоны: (87112) 24-28-35, электрондық мекенжайы: d.kaskarauova@kgd.gov.kz .

1. Салықтық әкімшілендіру бөлімінің жетекші маманы, («C-R-5» санаты, 1 бірлік, индексі №МКБ-1-7-3), «C-R-5» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 195 549 (min) теңгеден 224 624 (max) теңгеге дейiн.

Функционалдық міндеттері: СЕН (салық есептілік нысаны) уақытылы ұсынбаған салық төлеушілерді анықтау 200.00, 220.00,240.00, 910.00,913.00,920.00, 871.00,100.00 және салық заңнамасында белгіленген мерзімде салық есептілігін ұсынбау туралы «БСАЖ» АЖ хабарлама жолдау. 10.1-10.6 критерийін орындау (қашықтықтан мониторинг), 12.1-12.5 (Шағын бизнес субъектілерін әкімшелендіру), 19.6 («Қоғамдық бақылау – түбіртекті талап ет» акциясы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлғалардың санының өсу қарқыны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер департаменті қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткіштері мен көрсеткіштерінің тізбесіне сәйкес. Бөлім бойынша біріктіру және есеп ұсыну және қызметтің тиімділігін бағалау көрсеткіштері мен көрсеткіштерінің тізбесін орындау.Жұмыс барысында бұзушылықтар туындаған жағдайда, әкімшілік іс қозғау, уақтылы және сапалы қалыптастыру, әкімшілік айыппұлды өз еркімен төлеу туралы хабарлама жіберу және жеткізу, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы анықтау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қарауға уәкілеттік берілген соттарға, органға, лауазымды адамға уақтылы жолдану.

Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім – бизнес, басқару және құқық: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, құқықтану.

Құзыреттер бойынша талаптар: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

2. Камералды бақылау бөлімінің жетекші маманы, (уақытша, негізгі қызметкердің А.Ескалиеваның бала күту демалысы кезеңіне, 17.06.2024ж. дейін), («C-R-5» санаты, 1 бірлік, индексі №МКБ-1-6-3),  «C-R-5» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 195 549 (min) теңгеден 224 624 (max) теңгеге дейiн.

Функционалдық міндеттері: ҚР ҚМ МКК Төрағасының «Деректерді бірыңғай сақтау» АЖ-де автоматтандырылған камералды бақылау нәтижесі бойынша МКБ-да шаралар өткізу тәртібі» туралы бұйрығына сәйкес, РВУ/ЕХД –да хабарламаларға уақытылы және сапалы жүргізу жұмысы; Тапсырылған декларациялар мен есеп айырысуларға тұрақты түрде камералды бақылау жасайды, егер салық есептілігінде мәліметтер арасында алшақтық және қайшылықтар анықталып жатса, салық төлеушіге камералды бақылау нәтижесі туралы хабарлама жібереді. Егер хабарламаға түсініктеме түрінде немесе СЕН тапсырмаса, жоспардан тыс тексеру жүргізу үшін материалдарды Аудит басқармасына жібереді; ҚР-ның «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес, әкімшілік іс жүргізуді қозғайды. хаттамалық тапсырмаларға сәйкес хабарламаларды заң бөлімімен келісе отырып (н.1-АП карточкасы) шығару және ақпараттық есеп құжаттарына енгізу, ҚР ӘҚБтК-ке сәйкес айыппұлды өндіріп алу туралы қаулыны беру күнін,  айыппұлды мәжбүрлеп өндіріп алу туралы қаулының орындалу күнін,  мәжбүрлеп өндіріп алу тәртібімен өндірілген айыппұл мөлшерін  «АРМ ЕУСС» ДҚ-да  (Автоматизированное рабочее место «Единая унифицированная статистическая система» толтыру. Қайтып келген хат-хабарлардың негізінде қызметін жүзеге асырушы (ЗТ, ЖК) СТ-дің, сондай-ақ қажет болған жағдайда  салық заңнамаларына сәйкес тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша ҚҚС төлеуші болып табылатын  СТ-нің нақты орналасқан жерін немесе болмауын растау үшін,  СТ-нің мекенжайына салықтық зерттеу жүргізу.

Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім – бизнес, басқару және құқық: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, құқықтану.

Құзыреттер бойынша талаптар: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

3. Жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімінің жетекші маманы, («C-R-5» санаты, 1 бірлік, индексі №МКБ-1-9-3), «C-R-5» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 195 549 (min) теңгеден 224 624 (max) теңгеге дейiн. 

Функционалдық міндеттері: еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы елдерден қаңтар, наурыз, мамыр, шілде, қыркүйек, қараша айларында әкелінген тауарлар бойынша 328.00 нысанын қабылдауды және өңдеуді жүзеге асыру. Қаңтар, наурыз, мамыр, шілде, қыркүйек, қараша айларында тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштерді қабылдау кезінде 105115 коды бойынша салықтардың толық есептелуіне және уақтылы төленуіне бақылауды жүзеге асыру. Қаңтар, наурыз, мамыр, шілде, қыркүйек, қараша үшін тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы ұсынылған өтініштердің жасалу сапасына оларды қабылдаған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде (ЕАЭО елдерінің салық органдарына беру үшін маманның міндетті белгісімен немесе осы белгіні қоюдан дәлелді бас тартумен) тексеруді жүзеге асыру. 328.00 нысаны бойынша форматты-логикалық бақылау, қаңтар, наурыз, мамыр, шілде, қыркүйек, қараша айларындағы мәртебелерді бақылау. ҚР ӘҚБтК-нің 272, 288, 287, 571, 571-1-баптары бойынша «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінде белгіленген тәртіппен ақпан, сәуір, маусым, тамыз, қазан, желтоқсан айларына әкімшілік жауапкершілікке тарту.

Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім - әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, құқық: құқықтану, құқық, кеден ісі.

Мүмкіндігінше, негізгі қызмет саласы бойынша қайта даярлау курстарынан өткені туралы сертификаттың болуы.

Құзыреттер бойынша талаптар: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

4. Өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіру бөлімінің басшысы, («C-R-3» санаты, 1 бірлік,индексі №МКБ-1-10-1), «C-R-3» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 263 131 (min) теңгеден 302 255 (max) теңгеге дейiн.

Функционалдық міндеттері: салық төлеушінің (салық агентінің) құқықтарын сақтау, мемлекеттің мүдделерін қорғау. ҚР Салық кодексіне сәйкес салық төлеушінің салық міндеттемесін орындауына салықтық бақылауды жүзеге асыру. Өз құзыреті шегінде салық міндеттемесінің туындауы, орындалуы және тоқтатылуы жөнінде түсіндіруді жүзеге асыру және түсініктемелер беру. Бекітілген салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша салық төлеушілердің, салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің есебін жүргізу; уәкілетті органдардың мәліметтерді уақтылы, толық және дұрыс ұсынуын бақылауды жүзеге асыру. Уәкілетті органдар жоғарыда көрсетілген бұйрықтарға сәйкес мәліметтерді уақытылы, толық және дұрыс ұсынбаған жағдайда, уәкілетті органдарды, лауазымды адамдарды ҚР ӘҚБтК-нің 471-бабының 2-бөлігі бойынша "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" ҚР Кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік жауапкершілікке тарту; жетекшілік ететін салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша салық есептіліктерін ұсыну бойынша салық міндеттемелерін орындау мәніне уәкілетті органдар ұсынған мәліметтерге камералдық бақылау жүргізу; ФЛК нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар бойынша камералдық бақылау нәтижесінде (№7) анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны бірыңғай деректер қоймасы АЖ-ға (ЕХД АЖ АЖ ТБК) сапалы, уақтылы қалыптастыру және жолдау); салық төлеушілерге (салық агентіне) анықталған бұзушылықтардың сипаттамасын қоса бере отырып, "камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық қызметі органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы" хабарламаларды уақтылы жіберуге және ол тапсырылған (алынған) күннен бастап 30 жұмыс күні ішінде орындалуға жататын хабарламалардың орындалуын бақылауды жүзеге асыруға.        

Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім – бизнес, басқару және құқық: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, құқықтану. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар: ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы жəне бағдарламалық қамтамасыз ету, информатика.  

Құзыреттер бойынша талаптар: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

       1) жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;

       2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда бір жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Әңгімелесу өткізудің мерзімі мен орны:

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде C-R-5, С-R-3  санаты бойынша БҚО, Орал қаласы, Некрасов көшесі 30/1 үй мекен-жайы бойынша әңгімелесуден өтеді.

I. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті  Тасқала ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, 090200, Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы , Абай көшесі, 19 үй, анықтама телефоны: (871139) 21336, электрондық мекенжайы: zko_taskala@kgd.gov.kz .

1. Салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің жетекші маманы, («C-R-5» санаты, 1 бірлік, индексі №МКБ-11-1). «C-R-5» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 195 549 (min) теңгеден 224 624 (max) теңгеге дейiн.

Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының және бөлім басшысының тапсырмаларын орындау. Болжам көрсеткіштерінің орындалуын бақылау және салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық және уақтылы түсуін қамтамасыз ету, әрекетсіз салық төлеушілермен жұмыс, камералды бақылауды жүзеге асыру, салық төлеушінің салық міндеттемесін орындауына салықтық бақылауды жүзеге асыру, тақырыптық және қарсы салық тексерулерін ұйымдастыру және жүргізу, уәкілетті органдармен жұмыс. Салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету шараларын қолдану және салық төлеушілердің салық берешегін мәжбүрлеп өндіру бойынша жұмысты жүзеге асыру, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдарды толық және уақытылы ұстау, есептеу және аударуды бақылау.  Салық бересін талдауды жүргізу және оны азайту шараларын анықтау, бюджетке салықтар мен төлемдердің түсуін арттыру бойынша тиімді шараларды қолдану, салық заңнамасымен белгіленген барлық шараларды қолданғаннан кейін «Оңалту және банкроттау туралы» ҚР Заңына сәйкес талап ету жұмыстарын жүргізуге мәліметтер даярлап ұсыну. Әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша материалдар дайындау. Өндірістік емес төлемдерді, соның ішінде, жеке тұлғалардың мүлік салығы, жер салығы, көлік құралдары салығы бойынша әкімшілендіру. Әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша материалдардың толтырылуын, EUSS бағдарламасына Ф1-АП карточкаларының енгізу, тоқсандық,жылдық статистикалық есебін дайындау. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу және жинау бойынша заңнама, нормативтік-құқықтық актілерді қолдану бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Басқарма тарапына келген ақпараттар, тапсырмалар, есептердің уақытында және сапалы беруге жауапты  болады. Өзіне бекітілген қызметтік міндеттері бойынша актуалды сұрақтарды әлеуметтік желілерге орналастыру, БАҚ жариялануына бақылау жасау.

Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім - Бизнес, басқару және құқық: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару. Құқық: құқықтану. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар: ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету. Ақпараттық қауіпсіздік: Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері.     

Құзыреттер бойынша талаптар: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Әңгімелесу өткізу мерзімі мен орны: 

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде С-R-5 санаты бойынша Батыс Қазақстан облысы, Таскала ауданы, Абая көшесі,  30 үй,  мекен-жайы бойынша әңгімелесуден өтеді.

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

Құжаттар 2024 жылдың 15 қаңтарынан бастап 2024 жылдың 23 қаңтарын қоса алғанда 7 жұмыс күні ішінде, жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап жүзеге асырылады.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не "Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) Өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);

3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариат куәландырған көшірмелері;

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

      "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

      Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың (осы Қағидалардың 79-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда):

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:

1) Өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссияның хатшысымен оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Қосымша ақпарат:

 Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары негізінде жүргізіледі.

 

 

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін жалпы конкурс
Дата публикации
15 января 2024