«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

I. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер  департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі, 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, А.Каримуллин көшесі, 2/2 үй, анықтама үшін телефондар: 8(7112) 53-84-40, факс 8 (7112) 53-84-40, электрондық адресі l.amangalieva@kgd.gov.kz

1. Ұйымдастыру-қаржы басқармасының бас маманы (уақытша, негізгі қызметкер Л.Ғ.Нұғманованың бала күту демалысы кезеңіне, 17.01.2025ж. дейін), («C-О-5» санаты, 1 бірлік, индекстік №МКД-9/2), «C-О-5» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 195 549 (min) теңгеден 224 624 (max) теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Алқа мәжілістеріне материалдар дайындау, жиналыстар мен алқа мәжілістерінің хаттамасын жасау, Мемлекеттік кірістер департаментінің құрылымдық бөлімшелерінің жұмыс жоспарларын жинақтау, келіп түскен құжаттардың уақтылы және сапалы орындалуына бақылау жасау, жоғары тұрған органның, департамент басшысының хаттамалық тапсырмаларының орындалуына бақылау жасау. Ақпараттық-сараптамалық жұмыс әдістерін игеру.

Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім  - Бизнес, басқару және құқық: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, құқықтану.

Құзыреттер бойынша талаптар:                    

Стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

2. Аудит басқармасының аудит бөлімінің бас маманы («C-О-5» санаты, 1 бірлік, индексі №МКД-12-1/9), «C-О-5» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 263 131 (min) теңгеден 302 255 (max) теңгеге дейiн.

Функционалдық міндеттері: Салық және бюджетке түсетін басқа да міндетті төлемдердің барлық түрлері бойынша салық міндеттемесінің орындалуы мәселесімен салық тексерулерін жүргізу, салық төлеушілердің өтініштері мен шағымдары бойынша тексерулер жүргізу, салық тексеру актілерін ҚР ТСАЖ, ҚР САЭБ ақпараттық жүйелеріне енгізу және жөнелту, салық тексеру актілері бойынша салық төлеушілерге хабарламалар табыстау, салық төлеушілердің құқығын сақтау, салықтарды төлеу бойынша салық міндеттемелерін орындау мерзімдерін өзгерту бойынша уақтылы және сапалы мемлекеттік қызмет көрсету.

Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім  - Бизнес, басқару және құқық: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару.

Құзыреттер бойынша талаптар:        

Стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

3. Камералдық мониторинг басқармасының №1 камералдық мониторинг бөлімінің бас маманы, («C-О-5» санаты, 1 бірлік, индексі №МКД-13-1/4), «C-О-5» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 263 131 (min) теңгеден 302 255 (max) теңгеге дейiн.

Функционалдық міндеттері: Тіркелуі/қайта тіркелуі жарамсыз деп танылған кәсіпорындардың контрагенттері бойынша хабарламаларды уақтылы өңдеу. Сенімсіз салық төлеушілерін анықтауды, залал сомасы 20 000 айлық есептік көрсеткіштен асатын контрагенттер бойынша материалдарды Экономикалық тергеу департаментіне беруді бақылау. Салық заңнамасы талаптарын сақтау мәселесі бойынша көшіп келген салық төлеушілерге бақылауды жүзеге асыру. Мемлекеттік сатып алу шеңберінде ақшалай қаражат алған салық төлеушілерге  бақылау, талдау және мониторинг жүргізу, мемлекеттік сатып алуға қатысушы салық төлеушілерді қазынашылық сүйемелдеуді қамтамасыз ету, мемлекеттік сатып алу, корпоративтік табыс салығы, ҚҚС, жеке табыс салығы бойынша заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің камералдық бақылау хабарламаларын өңдеу. Салықтық тексеру тағайындау үшін орындалмаған хабарламалар бойынша материалдардың аудит басқармасына берілуін бақылау. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін, шаруа немесе фермерлік шаруашылықтары үшін арнаулы салық режимін, ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілер және ауылшаруашылық кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерді әкімшілендіру. Кәсіпкерлік субъектілерін әкімшілендіру жұмыстарын бақылау. Жер қойнауын пайдаланушылар мен резиденттер еместерге салық салуды әкімшілендіру.

Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім  - Бизнес, басқару және құқық: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару.

Құзыреттер бойынша талаптар:        

Стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

4. Өндірістік емес төлемдер басқармасының бас маманы (уақытша, негізгі қызметкер А.Е.Куспанованың бала күту демалысы кезеңінде, 05. 01.2025ж. дейін), («C-О-5» санаты, 1 бірлік, индексі №МКД-18/5), «C-О-5» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 263 131 (min) теңгеден 302 255 (max) теңгеге дейiн.

Функционалдық міндеттері: 700.00, 701,00, 701,01. 810.00, 851.00, 860.00,  870.00, 710.00 салық есептілігі нысандарын уақытында тапсыру, шаралар қабылдау, дұрыс және толық толтырылуын қамтамасыз ету. 104101, 104102, 104302, 104401, 104402, 105301, 105303, 105304, 105309, 105310, 105311, 105313, 105314, 105315, 105316, 105501, 105502, 201906, 204109, 204113,204162, 206108 бюджеттік сыныптама кодтарын және басқа да алымдар мен мемлекеттік баждарды әкімшілендіруге бақылау. Аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларының жеке тұлғаларға салынатын мүлік, жер, көлік құралдары салығы бойынша жұмысына бақылау. Заңды және жеке тұлғалардың мүлік, жер, көлік құралдары салығы бойынша салық салу объектілерінің жиынтық есебін жүргізуге бақылау. Ойын және тіркелген салықтарды қалыптастыру бойынша камералдық бақылау хабарламаларының Камералдық бақылау қорытындысының тізілімі жүйесінде уақытында өңделуіне күн сайын бақылау жүргізу.  Бекітілген БСК бойынша әкімшілендіру мәселесі бойынша уәкілетті және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл. Аумақтық басқармаларға өңдеу үшін мәліметтерді уақытында жіберу. Уәкілетті және жергілікті атқару органдарымен кешіктіріліп, дұрыс және толық емес салық заңнамасымен көзделген мәліметтерді берулеріне байланысты құқық бұзушылық анықталған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау. 101202 – мүліктік табыс бойынша жеке тұлғалардың табыстарына салынатын жеке табыс салығын әкімшілендіру, 230.00 нысанды салық есептілігін қабылдау, мәліметтердің сапалы және толық көрсетілуі бойынша аумақтық басқармалардың жұмыстарын қамтамысз ету. Құқық қорғау органдарының мемлекеттік қызметшілердің декларациялары бойынша сұрауларына жауап беру. Аумақтық басқармалардың Бірыңғай жиынтық төлем бойынша жұмыстарына бақылау. 240.00 салық есептілігі нысанын уақытында тапсыру, шаралар қабылдау, дұрыс және толық толтырылуын қамтамасыз ету және бақылау. Басқарма жетекшілік жасалатын мәселелер бойынша міндеттердің орындалу қорытындысы туралы есептер, сараптамалық ақпараттар мен мәліметтердің берілуін қамтамасыз ету. 

Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім  - Бизнес, басқару және құқық: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару.

Құзыреттер бойынша талаптар:        

Стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Әңгімелесу өткізудің мерзімі мен орны:

Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде С-О-5  санаты бойынша БҚО, Орал қаласы, А.Каримуллин көшесі 2/2 үй мекен-жайы бойынша әңгімелесуден өтеді.

Құжаттар 2023 жылдың 30 қарашасынан бастап 2023 жылдың 04 желтоқсанын қоса алғанда 3 жұмыс күні ішінде,  ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – Уәкілетті орган) интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш (бұдан әрі – Өтініш);

2) тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.

Құжаттардың толық емес пакетін не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

 Қосымша ақпарат

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары негізінде жүргізіледі.

 

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру
Дата публикации
30 ноября 2023