«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін жалпы конкурс

I. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер  департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі, 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, А.Каримуллин көшесі, 2/2 үй, анықтама үшін телефондар: 8(7112) 53-84-40, факс 8 (7112) 53-84-40, электрондық адресі l.amangalieva@kgd.gov.kz.

1. ЕАЭС шеңберінде ҚҚС әкімшілендіру басқармасының экспорттық бақылау бөлімінің жетекші маманы («C-О-6» санаты, 1 бірлік, индексі №МКД-4-2/5), «C-О-6» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 226 837  (min) теңгеден 260 564 (max) теңгеге дейiн.

Функционалдық міндеттері: Экспорттық бақылауға жататын өнімнің мемлекеттік шекара арқылы өткізілуін бақылау, лицензиялар/ рұқсаттарды тіркеуді жүзеге асыру, олардың орындалуы туралы СЭҚ қатысушыларына анықтамалар беру, экспорттық бақылау мәселелері бойынша тәуекелдер профилін жасау, тізілімдегі тауарларды бақылау, ҚР аумағына әкелінген  және кедендік процедураларға орналастырылған тауарлар туралы мәліметтерді талдау және мониторинг жүргізу,  ақпараттық-талдау материалдарын дайындау, Қазақстан Республикасы аумағына үшінші елдерден әкелінетін және баждардың төменгі ставкасы  қолданылатын тауарлардың шығуын болдырмауға бақылауды жүзеге асыру, ҚР аумағына және ЕАЭО мүше басқа мемлекеттерден импортталатын және экспортталатын тауарларға салық төлеушілермен тапсырылған декларациялар арқылы талдау жасау және бақылау.

Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

Жоғары немесе жоғары оқу орыннан кейінгі білім– Бизнес, басқару және құқық: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, кеден ісі, құқықтану, халықаралық құқық. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар: ақпараттық жүйелер. 

Құзыреттер бойынша талаптар: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Әңгімелесу өткізудің мерзімі мен орны:

Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде С-О-6 санаты бойынша БҚО, Орал қаласы, А.Каримуллин көшесі 2/2 үй мекен-жайы бойынша әңгімелесуден өтеді.

II. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі    Мемлекеттік кірістер комитетінің  Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Бөрлі ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі, 090302  Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы, Орталық көш., 1, анықтама үшін телефон  8(71133) 52-8-85, , электрондық мекенжайы: zko_burlin@kgd.gov.kz.

1.Салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің жетекші маманы (уақытша, негізгі қызметкер Л.Е.Кубиеваның, бала күту демалысы кезеңіне, 20.01.2026 ж. дейін), (C-R-5 санаты, 1 бірлік, индексі № МКБ-4-3/6), «C-R-5» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 195 549 (min) теңгеден 224 624 (max) теңгеге дейін. 

Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік қызмет көрсету, Орталықтардың жұмыс ережесімен бекітілген кіріс құжаттарын қабылдауды және өңдеуді атқару; салық төлеушілерге сапалы және уақтылы қызмет көрсету, салық қызметтерін көрсету Стандарттары мен Регламенттерін сақтау; салықтық есептілік нысандары мен өтініштерді қабылдау, ақпараттық жүйеге салық есептіліктердің уақтылы енгізілуіне және салық төлеушілердің дербес шоттарына есептелген салықтардың таратылуына бақылау жасау, 1-Н есебін жасау, ай сайынғы, тоқсандық, жылдық есептіліктерді жасау. Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша материалдар толтыру, 2-Н тоқсандық есебін дайындау, kgd.gov.kz сайтында тіркелген әрекетсіз салық төлеушілер бойынша жұмыстану, ККМ есебінен шығару және тіркелі, қайта тіркелумен байланысты барлық операцияларды жасау, кедендік одақ бойынша жұмысты жүргізу. Салық тексерістері нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі салық міндеттемелері орындалуына бақылау жасайды, салық төлеушілерге камералдық бақылау жүргізеді, салық төлеушілерге автоматтандырылған камералдық бақылау хабарламаларын жолдау және олардың орындалуын бақылау, салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу және жинау бойынша заңнамалық, нормативтік құқықтық актілерді қолдану мәселесі бойынша түсіндіру жұмысын жүргізу. Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысы мен бөлім басшысының тапсырмаларын орындау.

Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім - Бизнес, басқару және құқық: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, құқықтану. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар: ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету. Ақпараттық қауіпсіздік: Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері.

Құзыреттер бойынша талаптар:күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.                 

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Әңгімелесу өткізу мерзімі мен орны:

жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде С-R-5 санаты бойынша Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы, Орталық көш. 1 үй мекен-жайы бойынша әңгімелесуден өтеді.

III. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің  Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер  департаменті  Бөкей ордасы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, 090200, Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы, Сайқын ауылы, Бергалиева көшесі, 1үй  анықтама телефоны: (871140) 21-1-61, факс 21-2-32, электрондық мекенжайы: m.uspanova@kgd.gov.kz

1. Салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің бас маманы, («C-R-4» санаты, 1 бірлік, индексі №МКБ-3-2/5). «C-R-4» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 226 837 (min) теңгеден 260 564 (max) теңгеге дейiн.

Функционалдық міндеттері: бөлім құзыретіне жататын мәселелер бойынша құқық қорғау және уәкілетті мемлекеттік  органдар және басқа да ұйымдар, кәсіпорындармен өзара әрекет етуді жүзеге асыру. Мемлекеттік кірістер  басқармасы басшысының және бөлім басшысының тапсырмаларын орындау.Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық және уақтылы түсуін қамтамасыз ету. Салық тексеруі нәтижесінде анықталған салық міндеттемесінің орындалуын бақылау,  әрекетсіз салық төлеушілермен жұмыс,  тақырыптық және қарсы салық тексерулерін ұйымдастыру және жүргізу, уәкілетті органдармен жұмыс. Салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету шараларын қолдану және салық төлеушілердің салық берешегін мәжбүрлеп өндіру бойынша жұмысты жүзеге асыру, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдарды толық және уақытылы ұстау, есептеу және аударуды бақылау. Салық заңнамасымен белгіленген барлық шараларды қолданғаннан кейін «Оңалту және банкроттау туралы» ҚР Заңына сәйкес талап ету жұмыстарын жүргізу. Қазақстан Республикасының «Салық кодексінің», «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы»,  «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының бұзған салық төлеушілерге әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша материалдар  толтыру, ЕРАП бағдарламасына Ф1-АП карточкаларының енгізілуін бақылау. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу және жинау бойынша заңнама, нормативтік-құқықтық актілерді қолдану бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Мемлекеттік қызметтер көрсету, салық есептіліктері мен өтініштерді қабылдау, ақпараттық жүйеге салық есептіліктерін уақтылы енгізуді бақылау және салық төлеушілердің дербес шоттарына есептелген салық сомаларын тарату, салық төлеушілердің дербес шоттарын дұрыс жүргізу, берілген өтініштерге сәйкес салық төлеушілерге дербес шоттардың, салыстыру актілерінің көшірмелерін, бюджетке берешегінің бар немес жоқтығы туралы анықтаманы беру, салық басқармасының қорытындысына сәйкес салықтарды, басқа да міндетті төлемдерді, кеден төлемдерін, өсімпұлдар мен айыппұлдарды  есепке жатқызу және қайтару бойынша төлем тапсырмаларын дайындау, салық төлеушілерден келіп түскен бюджетке төленетін салық және басқа да міндетті төлемдерді дербес шоттар бойынша тарату, 1-Н есептілігін дайындау, салықтар бойынша түсімдерді талдау, 2-Н тоқсандық статистикалық есебін дайындау, қатаң есептілік бланкілері бойынша есеп жүргізу, жеке тұлғалардың көлік, мүлік, жер салықтары бойынша мәліметтерді РНиОН ақпараттық жүйесіне еңгізу,  хабарламалар шығару және жергілікті салықтарды жинау, кеден одағы шеңберіңде есептіліктерді қабылдау және өңдеу, бақылау-касса машиналарын есепке қою және есептен шығару, Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу және жинау бойынша заңнама, нормативтік-құқықтық актілерді қолдану бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.  Мемлекеттің мүдесін қорғау бағытында сот органдарына талап арыздар дайындау, сот процестеріне қатысу, кадрлық жұмысты ұйымдастыру мақсатында бұйрықтарды шығару ақпараттық жүйеге еңгізу,  табель толтырып жүргізу. Автоматтандырылған немесе қолмен камералдық бақылау хабарламаларын шығару, жіберу, олардың орындалуын бақылау, орындалмаған жағдайда заң шеңберінде шаралар қолдану.

Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім - Бизнес, басқару және құқық: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару,құқықтану. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар: ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету. Ақпараттық қауіпсіздік: Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері.     

Құзыреттер бойынша талаптар: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.  

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.                    

Әңгімелесу өткізу мерзімі мен орны: 

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде С-R-4 санаты бойынша Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы, Сайқын ауылы, Бергалиев көшесі,  1үй,  мекен-жайы бойынша әңгімелесуден өтеді.

IV. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Бәйтерек ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі, 090000, Батыс Қазақстан облысы, Бәйтерек ауданы, Переметное ауылы, Мирный көшесі, 5 үй, анықтама телефоны: 8 (71130) 22-1-31, 22-2-32, электрондық мекенжайы: zko_zelenovsk@kgd.gov.kz

1. «Салықтық әкімшілендіру және өндіріп алу» бөлімінің бас маманы (уақытша, негізгі қызметкер Т.П.Масееваның бала күту демалысы кезеңіне 22.07.2026 ж. дейін), («C-R-4» санаты, 1 бірлік, индексі № МКБ-7-5/3). Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты «С-R-4» санаты үшін 226 837 (min) теңгеден бастап 260 564 (max) теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: cалықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің түсу толықтығы мен уақтылылығын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік төлемдерді есептеудің, ұстап қалудың және аударудың толықтығы мен уақтылылығын қамтамасыз ету. Салықтық берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдану. Бөлім құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдар және басқа да ұйымдармен өзара әрекет етуді жүзеге асыру. Салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету шараларын қолдану және салық төлеушілердің салық берешегін мәжбүрлеп өндіру бойынша жұмысты жүзеге асыру, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдарды толық және уақытылы ұстау, есептеу және аударуды бақылау. Уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасауды. Салық бересін талдауды жүргізу және оны азайту шараларын анықтау, бюджетке салықтар мен төлемдердің түсуін арттыру бойынша тиімді шараларды қолдану, салық заңнамасымен белгіленген барлық шараларды қолданғаннан кейін «Оңалту және банкроттау туралы» ҚР Заңына сәйкес талап ету жұмыстарын жүргізу, салық заңнамасын, зейнетақымен қамтамасыз ету және әлеуметтік сақтандыру туралы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік шаралар қолдану, салықтық зерттеп-қарау жүргізу. Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану мемлекеттік қызметін уақытылы және сапалы ұсынуға сондай-ақ «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы нормаларының талаптарын сақтау. Әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша материалдардың толтырылуын, ӘІБТ бағдарламасына АЕҚ карточкаларын енгізу, тақырыптық және қарсы салық тексерулерін жүргізу, өтініштер мен шағымдарға уақтылы жауап беру, салық төлеушілерге хабарламаларды табыс етуді бақылау, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу және жинау бойынша заңнама, нормативтік-құқықтық актілерді қолдану бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу, уәкілетті органдарға бақылау жүргізу, жеке тұлғалардың көлік, мүлік, жер салықтары бойынша мәліметтерді РНиОН ақпараттық жүйесіне еңгізу, хабарламалар шығару және жергілікті салықтарды жинау, уәкiлеттi мемлекеттік органдардың және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының салықтық әкімшілендіруді жүзеге асыру кезiндегi өзара iс-қимылы жасау. Басқарма басшылығының тапсырмаларына сәйкес өзіне жүктелген өзге де міндеттерді орындайды. Мемлекеттік қызметшінің этиқалық нормаларын, еңбек және орындау тәртібін сақтау. “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы” ҚР Заңнамасыңның  нормаларын қатан сақтау.  

Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барлар - Бизнес, басқару және құқық: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, құқықтану. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар: ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету. Ақпараттық қауіпсіздік: Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері.

Құзыреттер бойынша талаптар: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірбиесі талап етілмейді.

Әңгімелесу өткізу мерзімі мен орны:

жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде С-R-4 санаты бойынша Батыс Қазақстан облысы, Бәйтерек ауданы, Переметное ауылы, Мирный көшесі 5 үй мекен-жайы бойынша әңгімелесуден өтеді.

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

Құжаттар 2023 жылдың 30 қарашасынан бастап 2023 жылдың 08 желтоқсанын қоса алғанда 7 жұмыс күні ішінде, жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап жүзеге асырылады.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не "Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) Өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);

3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариат куәландырған көшірмелері;

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

      "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

      Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың (осы Қағидалардың 79-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда):

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:

1) Өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссияның хатшысымен оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Қосымша ақпарат:

 Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары негізінде жүргізіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін жалпы конкурс
Дата публикации
30 ноября 2023