«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс

I. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер  департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі, 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, А.Каримуллин көшесі, 2/2 үй, анықтама үшін телефондар: 8(7112) 53-84-40, факс 8 (7112) 53-84-40, электрондық адресі l.amangalieva@kgd.gov.kz.

 1. Адам ресурстары басқармасының бас маманы («C-О-5» санаты, 1 бірлік, индексі №МКД-8/4), «C-О-5» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 226 837 (min) теңгеден 260 564 (max) теңгеге дейiн.

Функционалдық міндеттері: Департамент және құрылымдық бөлімшелер номенклатурасы бойынша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға конкурстарды өткізуді қамтамасыз ету, Департаментте және аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларында кадрлардың ауысуы және сапалық құрамын талдау, Департаменттің мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптары жинағын дайындау, Қазақстан Республикасы Президентімен бекітілген тәртіпте мемлекеттік қызметшілердің антын қабылдауды ұйымдастыру, Департамент және құрылымдық бөлімше қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттау және ынталандырудың басқа да түрлері бойынша материалдар дайындау. Департаментте мемлекеттік қызметті өткеру және ұйымдастырумен байланысты бұйрықтарды ресімдеу, Департамент және аумақтық мемлекеттік кірістер басқармалары мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау, біліктілігн арттыру, аттестациялау бойынша жұмысты ұйымдастыру, қызметкерлердің еңбек тәртібін бақылауды жүзеге асыру, Департаменттің мемлекеттік қызметшілерінің заңмен белгіленген шектеуліктер мен келісімдерді қабылдауын бақылау, Департамент және құрылымдық бөлімшелер номенклатурасы бойынша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға конкурстарды өткізу және мемлекеттік қызметшілердің лауазымдарды алмастырған жағдайда сынақ мерзімінен өтуін қамтамасыз ету, қызметкерлердің мемлекеттік еңбек өтілдері және еңбек шарты бойынша жұмыс жасайтын қызметкерлердің еңбек өтілін анықтау бойынша жұмысты ұйымдастыру, қолданыстағы ережелер мен нұсқаулықтарға сәйкес Департамент қызметшілерінің жеке істері есебін, еңбек кітапшаларын  жүргізу тәртібін жүзеге асыру, «е-Минфин» АЖ-нің «Кадрлық басқару» кіші жүйесі АЖ-нің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету. Мемлекеттік кірістер органдарының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері тарапынан сыбайлас жемқорлық және лауазымдық құқық бұзушылықтарды анықтау, алдын алу және жолын кесу, заңсыз әрекеттерге жол бермеу бойынша шараларды жүргізу, Департаменттің және аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларының заңнама бұзушылығын жіберген немесе құқықтық емес әрекеттер жасаған лауазымды тұлғаларына қатысты қызметтік тергеулер жүргізу.

Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім  - Бизнес, басқару және құқық: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, құқықтану.

Құзыреттер бойынша талаптар:                    

Стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 2. Заң басқармасының бас маманы («C-О-5» санаты, 1 бірлік, индексі №МКД-7/2), «C-О-5» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 226 837 (min) теңгеден 260 564 (max) теңгеге дейiн.

Функционалдық міндеттері: Сотта, сонымен қатар мемлекеттік кірістер органы қызметінің құқықтық мәселелері қарау кезінде өзге ұйымдарда мемлекеттік кірістер органының мүддесі мен құқықтарын белгіленген тәртіпте қорғау, Департамент қызметкерлеріне құқықтық мәселелер бойынша кеңес беру, салық төлеушілердің шағымдарына қатысты жұмыс жүргізу, сот органдарымен қаралған шағымдарға талдау жасау, әкімшілік материалдарға құқықтық сараптама жүргізу, құқықтық актілердің құқықтық сараптамасын жүргізу,талап-арыз жұмысын ұйымдастыру және жүргізу, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер жөніндегі қаулыларға салық төлеушілердің берген шағымдары бойынша материалдарды сапалы және уақытында қарау, Департаменттің құрылымдық бөлімшелері мен СЭҚ қатысушылардың сұраныстарына қорытындылар дайындау,  құқықтық мәселелер бойынша ақпараттар мен құжаттарды уақытылы дайындау.

Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім – Бизнес, басқару және құқық: экономика, есеп және аудит, қаржы, құқықтану.

Құзыреттер бойынша талаптар:                    

Стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 3. Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының ҚҚС салық аудиті бөлімінің бас маманы («C-О-5» санаты, 1 бірлік, индексі №МКД-15-1/6), «C-О-5» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 263 131 (min) теңгеден 302 255 (max) теңгеге дейiн.

Функционалдық міндеттері: Ақпараттық-сараптамалық жұмыс әдісін білу, шаруашылық субъектілеріне қосылған құн салығы бойынша тексерулер жүргізу, қосылған құн салығы бойынша салық заңдарының талаптарын сақтау, қайтаруға берілген ҚҚС сомасының дұрыстығына тақырыптық тексеру жүргізу,  салық төлеушілермен жұмыс жасау. БҚО бойынша Экономикалық тергеу қызметі департаментіне құқықтық баға беру және іс жүргізу шешімін шығару үшін материалдар беру. Жүргізілген тексерулер бойынша қосымша есептелген ҚҚС сомасының, өсімпұлдардың және әкімшілік айыппұлдардың өндірілуін бақылау. Салық төлеушінің талаптары бойынша уақтылы және сапалы салықтық тексеру жүргізу.Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормаларын, сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау.

Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім  - Бизнес, басқару және құқық: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару.

Құзыреттер бойынша талаптар:                    

Стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 4. Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының ҚҚС салық аудиті бөлімінің бас маманы (уақытша, негізгі қызметкер Д.Бактыгулованың бала күту демалысы кезеңінде, 19.08.2026ж. дейін), («C-О-5» санаты, 1 бірлік, индексі №МКД-15-1/1), «C-О-5» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 263 131 (min) теңгеден 302 255 (max) теңгеге дейiн.

Функционалдық міндеттері: Ақпараттық-сараптамалық жұмыс әдісін білу, шаруашылық субъектілеріне қосылған құн салығы бойынша тексерулер жүргізу, қосылған құн салығы бойынша салық заңдарының талаптарын сақтау, қайтаруға берілген ҚҚС сомасының дұрыстығына тақырыптық тексеру жүргізу,  салық төлеушілермен жұмыс жасау. БҚО бойынша Экономикалық тергеу қызметі департаментіне құқықтық баға беру және іс жүргізу шешімін шығару үшін материалдар беру. Жүргізілген тексерулер бойынша қосымша есептелген ҚҚС сомасының, өсімпұлдардың және әкімшілік айыппұлдардың өндірілуін бақылау. Салық төлеушінің талаптары бойынша уақтылы және сапалы салықтық тексеру жүргізу.Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормаларын, сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау.

Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім  - Бизнес, басқару және құқық: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару.

Құзыреттер бойынша талаптар:                    

Стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Әңгімелесу өткізудің мерзімі мен орны:

Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде С-О-5  санаты бойынша БҚО, Орал қаласы, А.Каримуллин көшесі 2/2 үй мекен-жайы бойынша әңгімелесуден өтеді.

II. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Орал қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі, 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Некрасова көшесі, 30/1 үй, анықтама телефоны: (87112) 24-28-35, электрондық мекенжайы: d.kaskarauova@kgd.gov.kz,

1. Камералдық бақылау бөлімінің бас маманы, («C-R-4» санаты, 1 бірлік, индексі №МКБ-1-6-2), «C-R-4» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 226 837 (min) теңгеден 260 564 (max) теңгеге дейiн.

Функционалдық міндеттері: Тапсырылған декларациялар мен есеп айырысуларға тұрақты түрде камералды бақылау жасайды, егер салық есептілігінде мәліметтер арасында алшақтық және қайшылықтар анықталып жатса, салық төлеушіге камералды бақылау нәтижесі туралы хабарлама жібереді. Егер хабарламаға түсініктеме түрінде немесе СЕН тапсырмаса, жоспардан тыс тексеру жүргізу үшін материалдарды Аудит басқармасына жібереді; ҚР-ның «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес, әкімшілік іс жүргізуді қозғайды. хаттамалық тапсырмаларға сәйкес хабарламаларды заң бөлімімен келісе отырып (н.1-АП карточкасы) шығару және ақпараттық есеп құжаттарына енгізу, ҚР ӘҚБтК-ке сәйкес айыппұлды өндіріп алу туралы қаулыны беру күнін,  айыппұлды мәжбүрлеп өндіріп алу туралы қаулының орындалу күнін,  мәжбүрлеп өндіріп алу тәртібімен өндірілген айыппұл мөлшерін  «АРМ ЕУСС» ДҚ-да  толтыру. Қайтып келген хат-хабарлардың негізінде қызметін жүзеге асырушы (ЗТ, ЖК) СТ-дің, сондай-ақ қажет болған жағдайда  салық заңнамаларына сәйкес тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша ҚҚС төлеуші болып табылатын  СТ-нің нақты орналасқан жерін немесе болмауын растау үшін,  СТ-нің мекенжайына салықтық зерттеу жүргізу. Батыс Қазақстан облысы бойынша МКД-нің, ҚР ҚМ МКК-нің ақпараттарының және тапсырмаларының мерзімінде және сапалы орындалуын жүзеге асырады;

Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі – бизнес, басқару және құқық: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, құқықтану.

Құзыреттер бойынша талаптар:

күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірбиесі талап етілмейді.

2. Өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіру бөлімінің басшысы, («C-R-3» санаты, 1 бірлік, индексі №МКБ-1-10-1), «C-R-3» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 263 131 (min) теңгеден 302 255 (max) теңгеге дейiн.

Функционалдық міндеттері: Бөлім жұмысына жалпы басшылық жасау, Бөлім құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдар және басқа да ұйымдармен өзара әрекет етуді жүзеге асыру. Салық төлеушінің (салық агентінің) құқықтарын сақтау, мемлекеттің мүдделерін қорғау. ҚР Салық кодексіне сәйкес салық төлеушінің салық міндеттемесін орындауына салықтық бақылауды жүзеге асыру. Өз құзыреті шегінде салық міндеттемесінің туындауы, орындалуы және тоқтатылуы жөнінде түсіндіруді жүзеге асыру және түсініктемелер беру. Бекітілген салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша салық төлеушілердің, салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің есебін жүргізу; уәкілетті органдардың мәліметтерді уақтылы, толық және дұрыс ұсынуын бақылауды жүзеге асыру. Уәкілетті органдар жоғарыда көрсетілген бұйрықтарға сәйкес мәліметтерді уақытылы, толық және дұрыс ұсынбаған жағдайда, уәкілетті органдарды, лауазымды адамдарды ҚР ӘҚБтК-нің 471-бабының 2-бөлігі бойынша "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" ҚР Кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік жауапкершілікке тарту; жетекшілік ететін салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша салық есептіліктерін ұсыну бойынша салық міндеттемелерін орындау мәніне уәкілетті органдар ұсынған мәліметтерге камералдық бақылау жүргізу;

Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім – бизнес, басқару және құқық: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, құқықтану.

Құзыреттер бойынша талаптар:

күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда бір жылдан кем емес жұмыс өтілі.

3. Салықтық әкімшілендіру бөлімінің бас маманы (уақытша, негізгі қызметкер Г.Нажиеваның бала күту демалысы кезеңіне, 01.02.2025ж. дейін), («C-R-4» санаты, 1 бірлік, индексі №МКБ-1-7-2), «C-R-4» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 226 837 (min) теңгеден 260 564 (max) теңгеге дейiн.

Функционалдық міндеттері: СЕН (салық есептілік нысаны) уақытылы ұсынбаған салық төлеушілерді анықтау 200.00, 220.00,240.00, 910.00,913.00,920.00, 871.00,100.00 және салық заңнамасында белгіленген мерзімде салық есептілігін ұсынбау туралы «БСАЖ» АЖ хабарлама жолдау. 10.1-10.6 критерийін орындау (қашықтықтан мониторинг), 12.1-12.5 (Шағын бизнес субъектілерін әкімшелендіру), 19.6 («Қоғамдық бақылау – түбіртекті талап ет» акциясы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлғалардың санының өсу қарқыны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер департаменті қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткіштері мен көрсеткіштерінің тізбесіне сәйкес. Бөлім бойынша біріктіру және есеп ұсыну және қызметтің тиімділігін бағалау көрсеткіштері мен көрсеткіштерінің тізбесін орындау. Жұмыс барысында бұзушылықтар туындаған жағдайда, әкімшілік іс қозғау, уақтылы және сапалы қалыптастыру, әкімшілік айыппұлды өз еркімен төлеу туралы хабарлама жіберу және жеткізу, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы анықтау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қарауға уәкілеттік берілген соттарға, органға, лауазымды адамға уақтылы жолдану. Заңды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту шараларын қабылдау. Әкімшілік кодекстің әкімшілік материалдар бойынша талаптарын сақтау. Әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алуды бақылау.

Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі – бизнес, басқару және құқық: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, құқықтану.

Құзыреттер бойынша талаптар:

күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару; жоғары білім немесе жоғары оқу орнынан кейінгі болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Әңгімелесу өткізу мерзімі мен орны: 

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде  С-R-4, С-R-3 санаты бойынша Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Некрасова көшесі 30/1  үй мекен-жайы бойынша әңгімелесуден өтеді.

Құжаттар 2023 жылдың 24 қарашасынан бастап 2023 жылдың 28 қарашасын қоса алғанда 3 жұмыс күні ішінде,  ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – Уәкілетті орган) интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш (бұдан әрі – Өтініш);

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 211 қазандағы No 14 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде No 14436 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.

 Қосымша ақпарат

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары негізінде жүргізіледі.

 

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс
Дата публикации
24 ноября 2023