«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін жалпы конкурс

I. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер  департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі, 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, А.Каримуллин көшесі, 2/2 үй, анықтама үшін телефондар: 8(7112) 53-84-40, факс 8 (7112) 53-84-40, электрондық адресі l.amangalieva@kgd.gov.kz.

1. «Әуежай-Орал» кеден бекетінің жетекші маманы («C-О-6» санаты, 1 бірлік, индексі №МКД-21/1), «C-О-6» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 226 837 (min) теңгеден 260 564 (max) теңгеге дейiн.

Функционалдық міндеттері: Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарға кедендік бақылау мен кедендік ресімдеуді жүзеге асыру, кедендік тазалау мен тауарларды декларациялаумен байланысты, соның ішінде,  ақпараттық технологияларды қолданумен кедендік операцияларды жүргізу, тәуекелді басқару жүйесін  қолданумен кедендік бақылауды жүргізу, кедендік бақылаудағы тауарларға және олармен жасалатын кедендік операцияларға, соның ішінде ақпараттық жүйелер мен технологияларды қолданумен есеп жүргізу, Кеден одағының тауарлары мәртебесіне ие болмайтын тауарларды орналастырғанда кедендік операциялардың шарттарының сақталуына, соның ішінде ақпараттық технологияларды қолданумен кедендік бақылауды жүргізу, әрекеті аяқталмаған кедендік рәсімдерге орналастырылған тауарлардың есебін, соның ішінде, ақпараттық технологияларды қолданумен жүргізу, Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты кеден ісі саласындағы тыйымдар мен  шектеулердің сақталуына кедендік бақылауды жүргізу, зияткерлік меншік объектілерінің құқығын қорғау бойынша шараларды қабылдау, тауардың құнын анықтау, КО СЭҚ ТН-ға сәйкес тауарларды жіктеу, тауарлардың шығу елін анықтаудың дұрыстығына бақылауды жүзеге асыру, тарифтік реттеу және тарифтік преференцияларды ұсыну шараларын қолдану, кедендік төлемдер мен салықтардың төленуін бақылау, кедендік төлемдер мен салықтарды есептеудің дұрыстығына тексеру жүргізу, олардың мемлекеттік бюджетке толық түсуін қамтамасыз етуге қатысу, кедендік бақылау аймағының режимінің сақталуын бақылау, Департаменттің уәкілетті бөлімшелерімен өзара әрекетті қамтамасыз ету, кедендік транзиттің кедендік рәсіміне тауарларды орналастыру, транзиттік декларацияларды тіркеу, кедендік транзит мерзімдерін бақылау, кедендік транзиттің кедендік рәсімін аяқтау,жеткізілмеген тауарларды іздестіру, уақытша сақтауға тауарларды орналастыруда  және уақытша сақтау мерзімдеріне бақылауды жүргізу, уақытша сақтауға тауарлардың орналастырылғанын растайтын құжаттарды тіркеу, тауарларды әкету (экспорт, кері экспорт және т.б.) қаралған кедендік рәсімдерге орналастырылған тауарлардың нақты әкетілуін бақылау, тауарлар мен көлік құралдарын кедендік алып жүру, кедендік бақылаудың техникалық құралдарын қолдануда бақылау жүргізу, Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы ақша құралдарын, жеке тұлғалармен жеке пайдалануға арналған  тауарлар мен көлік құралдарын өткізуде бақылауды жүргізу.

Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім  - Бизнес, басқару және құқық: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, кеден ісі, құқықтану, халықаралық құқық. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар: ақпараттық жүйелер.

Құзыреттер бойынша талаптар:

Күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

2. ЕАЭС шеңберінде ҚҚС әкімшілендіру басқармасының экспорттық бақылау бөлімінің жетекші маманы («C-О-6» санаты, 1 бірлік, индексі №МКД-4-2/6), «C-О-6» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 226 837 (min) теңгеден 260 564 (max) теңгеге дейiн.

Функционалдық міндеттері: Экспорттық бақылауға жататын өнімнің мемлекеттік шекара арқылы өткізілуін бақылау, лицензиялар/ рұқсаттарды тіркеуді жүзеге асыру, олардың орындалуы туралы СЭҚ қатысушыларына анықтамалар беру, экспорттық бақылау мәселелері бойынша тәуекелдер профилін жасау, тізілімдегі тауарларды бақылау, ҚР аумағына әкелінген  және кедендік процедураларға орналастырылған тауарлар туралы мәліметтерді талдау және мониторинг жүргізу,  ақпараттық-талдау материалдарын дайындау, Қазақстан Республикасы аумағына үшінші елдерден әкелінетін және баждардың төменгі ставкасы  қолданылатын тауарлардың шығуын болдырмауға бақылауды жүзеге асыру, ҚР аумағына және ЕАЭО мүше басқа мемлекеттерден импортталатын және экспортталатын тауарларға салық төлеушілермен тапсырылған декларациялар арқылы талдау жасау және бақылау.

Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

Жоғары немесе жоғары оқу орыннан кейінгі білім– Бизнес, басқару және құқық: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, кеден ісі, құқықтану, халықаралық құқық. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар: ақпараттық жүйелер. 

Құзыреттер бойынша талаптар:

күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

3. ЕАЭС шеңберінде ҚҚС әкімшілендіру басқармасының экспорттық бақылау бөлімінің жетекші маманы («C-О-6» санаты, 1 бірлік, индексі №МКД-4-2/7), «C-О-6» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 226 837 (min) теңгеден 260 564 (max) теңгеге дейiн.

Функционалдық міндеттері: Экспорттық бақылауға жататын өнімнің мемлекеттік шекара арқылы өткізілуін бақылау, лицензиялар/ рұқсаттарды тіркеуді жүзеге асыру, олардың орындалуы туралы СЭҚ қатысушыларына анықтамалар беру, экспорттық бақылау мәселелері бойынша тәуекелдер профилін жасау, тізілімдегі тауарларды бақылау, ҚР аумағына әкелінген  және кедендік процедураларға орналастырылған тауарлар туралы мәліметтерді талдау және мониторинг жүргізу,  ақпараттық-талдау материалдарын дайындау, Қазақстан Республикасы аумағына үшінші елдерден әкелінетін және баждардың төменгі ставкасы  қолданылатын тауарлардың шығуын болдырмауға бақылауды жүзеге асыру, ҚР аумағына және ЕАЭО мүше басқа мемлекеттерден импортталатын және экспортталатын тауарларға салық төлеушілермен тапсырылған декларациялар арқылы талдау жасау және бақылау.

Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

Жоғары немесе жоғары оқу орыннан кейінгі білім– Бизнес, басқару және құқық: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, кеден ісі, құқықтану, халықаралық құқық. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар: ақпараттық жүйелер. 

Құзыреттер бойынша талаптар:

күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

4. ЕАЭС шеңберінде ҚҚС әкімшілендіру басқармасының экспорттық бақылау бөлімінің жетекші маманы («C-О-6» санаты, 1 бірлік, индексі №МКД-4-2/8), «C-О-6» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 226 837 (min) теңгеден 260 564 (max) теңгеге дейiн.

Функционалдық міндеттері: Экспорттық бақылауға жататын өнімнің мемлекеттік шекара арқылы өткізілуін бақылау, лицензиялар/ рұқсаттарды тіркеуді жүзеге асыру, олардың орындалуы туралы СЭҚ қатысушыларына анықтамалар беру, экспорттық бақылау мәселелері бойынша тәуекелдер профилін жасау, тізілімдегі тауарларды бақылау, ҚР аумағына әкелінген  және кедендік процедураларға орналастырылған тауарлар туралы мәліметтерді талдау және мониторинг жүргізу,  ақпараттық-талдау материалдарын дайындау, Қазақстан Республикасы аумағына үшінші елдерден әкелінетін және баждардың төменгі ставкасы  қолданылатын тауарлардың шығуын болдырмауға бақылауды жүзеге асыру, ҚР аумағына және ЕАЭО мүше басқа мемлекеттерден импортталатын және экспортталатын тауарларға салық төлеушілермен тапсырылған декларациялар арқылы талдау жасау және бақылау.

Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

Жоғары немесе жоғары оқу орыннан кейінгі білім– Бизнес, басқару және құқық: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, кеден ісі, құқықтану, халықаралық құқық. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар: ақпараттық жүйелер. 

Құзыреттер бойынша талаптар:

күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

5. «Орал-кедендік ресімдеу орталығы» кеден бекетінің жетекші маманы («C-О-6» санаты, 1 бірлік, индексі №МКД-20/2), «C-О-6» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 226 837 (min) теңгеден 260 564 (max) теңгеге дейiн.

Функционалдық міндеттері: Жеке және заңды тұлғалар кедендік шекара арқылы автомобиль, темір жол және әуе көлік түрімен (оның ішінде алдын ала, уақытша, толық емес, мерзімдік декларациялау және жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі тауарды декларациялау, және т. б.); ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғалар, шетелдік азаматтардың жекелеген санаттары өткізетін жеке пайдалануға арналған тауарлар мен көлік құралдары, сондай-ақ халықаралық почта жөнелтімдерімен жіберілетін тауарлар. Тауарларды кедендік тазартуды жүзеге асыру және халықаралық тасымалдаудың тауарларды, көлік құралдарын, кедендік бақылауға жататын құжаттар мен тұлғаларды, сондай-ақ тауарларды, халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын, құжаттар мен тұлғаларды айқындау үшін "сары" және "қызыл" коридор бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін пайдалана отырып кедендік бақылауды жүргізу. Тауарларды экспорттың кедендік рәсімімен орналастыруға байланысты кедендік операцияларды жасау кезінде электрондық декларациялауды қолдану, сондай-ақ кедендік декларацияны толтыру. Тауарларды кедендік рәсімдерге орналастыру шарттарының сақталуын кедендік бақылауды, сондай-ақ олардың қолданылуы аяқталған кезде бақылауды жүргізу; ЕАЭО сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасына сәйкес тауарлардың кедендік құнын анықтаудың, сыныпталуының дұрыстығын бақылауды, тауарлардың шығарылған елін айқындауды жүзеге асыру. Кеден ісі саласындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтау, әкімшілік материалдарды жасау. Тауарларды кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастыру, транзиттік декларацияларды тіркеу, кедендік транзит мерзімдерін бақылау.

Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім  - Бизнес, басқару және құқық: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, кеден ісі, құқықтану, халықаралық құқық. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар: ақпараттық жүйелер.

Құзыреттер бойынша талаптар:

Күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Әңгімелесу өткізудің мерзімі мен орны:

Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде С-О-6 санаты бойынша БҚО, Орал қаласы, А.Каримуллин көшесі 2/2 үй мекен-жайы бойынша әңгімелесуден өтеді.

II. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Орал қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі, 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Некрасова көшесі, 30/1 үй, анықтама телефоны: (87112) 24-28-35, электрондық мекенжайы: d.kaskarauova@kgd.gov.kz .

1. Өндіріп алу бөлімінің жетекші маманы, («C-R-5» санаты, 1 бірлік, индексі №МКБ-1-5-3), «C-R-5» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 195 549 (min) теңгеден 224 624 (max) теңгеге дейiн.

Функционалдық міндеттері: Салық заңнамасымен белгіленген мерзімде салықтық берешек есебіне мүлікке иелік етуді шектеу туралы қалыптасқан шешімді салық төлеушінің қолына береді. Заңнамаға сәйкес салықтық берешек есебіне мүлікке иелік етуді шектеу туралы қалыптасқан шешім негізінде уәкілетті органдарда ауыртпалықтар салады. Салық заңнамасымен белгіленген мерзімде және тәртіпте мүлікке иелік етуді шектеу тізімдемесінің актісін жасайды. Уәкілетті органдарда тіркелмеген мүлікті анықтайды. Касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімнің қолданылу мерзімінде мүлікті, ақша қаражатының қозғалысын анықтау мақсатында салық төлеушінің берген есептіліктеріне талдау жасайды. Салықтық тексерудің нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) жоғары тұрған салық қызметі органының хабарламаға түскен шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарған шешіміне шағым жасаған кезде Салық кодексімен белгіленген мерзімге және тәртіпке сәйкес салық төлеушінің мүлікке иелік етуге шектеу жасау(шектеу туралы шешім шығару, ауыртпалық салу, тізімдеме актісін жасау). «КРУА» АҚ-мен шектелген мүлікті қабылдау –тапсыру актісіне қол қою, сондай-ақ борышкер қол қоюдан бас тартқан немесе келмеген жағдайда мүлікті сатып алу-сату шартына қол қою. Салықтық берешек есебіне салық төлеушінің (салық агентінің) мүлікке иелік етуін шектеуді іске асыру қағидаларына сәйкес бірлескен бақылау шараларын қабылдау үшін электрондық аукцион әкімшілігімен өзара әрекет жасау. Салық төлеушінің салықтық берешегі есебіне мүлікке иелік етуді шектеу туралы қайта жасалған шешім бойынша БСАЖ-да күн сайын түгендеу жүргізу.

Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім – бизнес, басқару және құқық: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, құқықтану.

Құзыреттер бойынша талаптар:

Күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

2. Өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіру бөлімінің жетекші маманы, («C-R-5» санаты, 1 бірлік, индексі №МКБ-1-10-3), «C-R-5» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 195 549 (min) теңгеден 224 624 (max) теңгеге дейiн.

Функционалдық міндеттері: Толық деректер базасын құру негізінде салық салу объектілері бар салық төлеушілер есебін жүргізу. Салық төлеушілердің мүлік салығы, жер салығы, көлік құралдарына салығын төлеу бойынша салық міндеттемесін орындалуына салықтық бақылау жүргізу. Салық төлеушілерге есептелген салық соммасы туралы хабарламаны шығарып, табыс ету, төлемеген жағдайда салық заңдылығы бұзушылықтарын жою туралы хабарлама. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық және уақтылы түсімін қамтамасыз ету, салық бересін азайтуға бойынша жұмыс, түсім мониторингісін жүргізу. Уәкілетті органдармен бірлескен іс шараларға қатысу. Өндірістік емес төлемдер түсімдерін талдау. Салық салу объектілері бойынша салық төлеушілердің есебін жүргізу. Бюджетке өнідірістік емес төлемдер салығы түсімінің уақытында толық түсуін қамтамасыз ету, салық төлеушілердің салық міндеттемесін орындауына бақылау жасау, мемлекет меншігіне айналдырылған мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және жүзеге асыру ережесінің сақталуына бақылау жүргізу және одан түскен қаражаттың бюджетке уақытында толық түсуіне бақылау. Барлық өндірістік емес төлемдер түрлері бойынша мемлекеттік мекемелердің салық міндеттемесін орындауына қатысты жоспарлы тақырыптық тексеру жүргізу, тексеру актісінде көрсетілген салық заңдылығы бұзушылықтарының жойылуына және қоса есептелген сомманың уақытында түсуіне бақылау жасау.

Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім – бизнес, басқару және құқық: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, құқықтану. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар: ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы жəне бағдарламалық қамтамасыз ету, информатика.  Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика: экология.

Құзыреттер бойынша талаптар:

күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Әңгімелесу өткізудің мерзімі мен орны:

Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде C-R-5 санаты бойынша БҚО, Орал қаласы, Некрасов көшесі 30/1 үй мекен-жайы бойынша әңгімелесуден өтеді.

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

Құжаттар 2023 жылдың 24 қарашасынан бастап 2023 жылдың 04 желтоқсанын қоса алғанда 7 жұмыс күні ішінде, жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап жүзеге асырылады.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не "Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) Өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);

3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариат куәландырған көшірмелері;

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың (осы Қағидалардың 79-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда):

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:

1) Өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссияның хатшысымен оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Қосымша ақпарат:

 Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары негізінде жүргізіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін жалпы конкурс
Дата публикации
24 ноября 2023