I. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Орал қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі, 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Некрасова көшесі, 30/1 үй, анықтама телефоны: (87112) 24-28-35, электрондық мекенжайы: D.kaskarauova@kgd.gov.kz
Функционалдық міндеттері:
Бөлім жұмысына жалпы басшылық жасау, бөлім құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдар және басқа да ұйымдармен өзара әрекет етуді жүзеге асыру.
Салық және басқа да төлемдердің бюджетке түсімін қамтамасыз ету, камералды бақылау жүргізу, автоматтандырылған камералды бақылау бойынша хабарламалардың уақытылы және сапалы өңделуіне бақылау жасау, жалған кәсіпкерлікті анықтау және жолын кесу бойынша жұмыс жүргізу, жоғары тұрған салық және басқа да мемлекеттік органдарға ақпараттар мен есептерді беру, салық төлеушілермен түсіндіру жұмысын жүргізу.
Болжам көрсеткіштерінің орындалуына бақылау, салық және бюджетке түсетін басқа да міндетті төлемдердің толық және уақтылы түсуін қамтамасыз ету, салық есептілігінің табысталуына бақылау жасау, әрекетсіз салық төлеушілерді әкімшілендіру, бюджетке қосымша резервтерді анықтау. Жоғары тұрған мемлекеттік кірістер органына есептердің уақытылы берілуіне бақылау жасау, тарату сатысындағы, әрекетсіз деп танылған салық төлеушілердің салықтық міндеттерді орындауы бойынша камералдық бақылау, талдау, әкімшілендіруді іске асырады. Хронометраждық зерттеулер жүргізу, салық төлеушінің нақты тұрғылықты жері бойынша жоқ болған жағдайда акті толтыру, салық төлеушілерге салық міндеттемесін орындау жөніндегі хабарламаны табыс ету, тіркелмеген салық төлеушілерді анықтау жұмысын жүргізу.
Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:
Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім – бизнес, басқару және құқық: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, құқықтану.
Құзыреттер бойынша талаптар:
күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда бір жылдан кем емес жұмыс өтілі.
Функционалдық міндеттері:
Пошта жөнелтілімдері туралы хабарламаларды қабылдау –беру журналын (хаттарды тапсыру, қайтару туралы түбіртектерді) жүргізу. 1 жұмыс күні ішінде жауапты тұлғаға тапсыру. Салық кодексінің 435,436-баптарына сәйкес заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімдерде ҚҚС қайтаруды пысықта. Қосылған құн салығын шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктеріне, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттің консулдық мекемелеріне және олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, осы өкілдіктердің дипломатиялық, әкімшілік-техникалық персоналына жататын адамдарға, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, консулдық лауазымды адамдарға, консулдық қызметшілерге осы Кодекстің 436-бабында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде олардың банктік шотына қайтару. Тізімге сәйкес 105101 коды бойынша ҚҚС артуын талдау және пысықтау. Негізсіз асырып жіберу фактілері анықталған жағдайда салық заңнамасына сәйкес шаралар қабылдайды. Қоныс аударатын салық төлеушілер бойынша 105101, 105104 кодтары бойынша ҚҚС артуын талдау және пысықтау. 105104 коды бойынша ҚҚС артуын талдау және пысықтау. Негізсіз асырып жіберу фактілері анықталған жағдайда салық заңнамасына сәйкес шаралар қабылдайды. «ҚҚС бойынша дебеттік сальдоны төмендету қарқыны» критерийі бойынша нысаналы көрсеткіштерді бақылау, пысықтау және қол жеткізу. Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:
Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі – бизнес, басқару және құқық: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, кеден ісі, құқықтану.
Құзыреттер бойынша талаптар:
күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару; жоғары білім немесе жоғары оқу орнынан кейінгі болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Функционалдық міндеттері:
БСАЖ өңделетіндер – тізімдеме бойынша автоматты түрде өңдеу тобына қабылданған кіріс құжаттарын беру; почта бойынша немесе Мемлекеттік корпорациясынан келіп түскен кіріс құжаттарын беру журналына қолын қойып қабылдау; салық төлеушілердің тұрғылықты, орналасқан жері бойынша тіркеу есебіне сай тұрған салық төлеушілерге үнемі түгендеу жасау; кезекті электронды басқару жүйесінің үнемі жұмыс істеуін қамтамассыз етуін уақытылы қадғалау, бақылау жасау, «Өзіне-өзі қызмет көрсету терминалы» кабинетінің үнемі жұмыс істеуін қамтамассыз етуін уақытылы қадағалау, бақылау жасау; «Өзіне-өзі қызмет көрсету терминалы» кабинетінде қызмет алушыларға арналған компьютерлердің болуын уақытылы қамтамассыз ету, қадағалау, бақылау жасау; «Өзіне-өзі қызмет көрсету терминалы» арқылы электрондық түрде қызметті алу мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыларға кеңестік көмек көрсету; ЖТММБ-на ЖСН бойынша және құзырет шегінде басқада сұрау жіберу; банк мекемелерінен келіп түскен хабарламаға сәйкес есеп шоттарының ашылуы, жабылуы туралы мәліметтерді БСАЖ бағдарламасына енгізу; ұйымдар мен уәкілетті мемлекеттік органдармен, құқық қорғау органдарымен хат алмасу, тапсырмаларын уақытында орындау және сонымен қатар жеке тұлғалардың хаттары мен сұрауларына сапалы және уақытында жауап беру; салық төлеушілерге салық заңнамасы бойынша бөлімнің қызметіне кіретін мәселелер бойынша түсінік беру; салық заңнамасында белгіленген мерзімде салық төлеушінің өтініштерін қарау.
Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:
Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі – бизнес, басқару және құқық: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, құқықтану. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар: ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы жəне бағдарламалық қамтамасыз ету.
Құзыреттер бойынша талаптар:
күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару; жоғары білім немесе жоғары оқу орнынан кейінгі болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Әңгімелесу өткізу мерзімі мен орны:
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде С-R-3 санаты бойынша Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Некрасова көшесі 30/1 үй мекен-жайы бойынша әңгімелесуден өтеді.
Құжаттар 2023 жылдың 22 қыркүйегінен бастап 2023 жылдың 26 қыркүйек айын қоса алғанда 3 жұмыс күні ішінде, ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – Уәкілетті орган) интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш (бұдан әрі – Өтініш);
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 211 қазандағы No 14 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде No 14436 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.
Қосымша ақпарат
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары негізінде жүргізіледі.