«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

I. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің  Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер  департаменті Орал қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі, 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Некрасова көшесі, 30/1 үй, анықтама телефоны: (87112) 24-28-35, электрондық мекенжайы: d.kaskarauova@kgd.gov.kz

1. Салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің басшысы, («C-R-3» санаты, 1 бірлік, индексі №МКБ-1-8/1), «C-R-3» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 263 131 (min) теңгеден 302 255 (max) теңгеге дейiн.

Функционалдық міндеттері:

Жалпы бөлім жұмысына басшылық ету, бөлім құзыретіне қарай басқа мемлекеттік органдармен немесе басқа да мекемелермен байланыс ұйымдастыру.

Мемлекеттік қызмет көрсету, орталықтар ережесімен бекітілген салық есептіліктері мен өтініштердің уақытында қабылданып өңдеуге жолдануына бақылау жасау, қабылданған салық есептіліктерінің сапасына бақылау, берілген тапсырмалардың, есептердің, сұраныстардың, ақпараттардың, хаттар мен өтініштердің жоғары тұрған органға уақытында және сапалы орындалуына бақылау жүргізу. Азаматтармен жұмыс жасау.

Орталықтар ережесімен бекітілген құжаттарды салық органы ақпараттық жүйесіне енгізу және өңдеу жұмысына бақылау жасау, қосылған құн салығы төлеушілерін уақытында есепке қою және шығару, құжаттарды беруге тізімді дайындау. Салық төлеушілерге бөлім құзіретіне жататын сұрақтар бойынша салық заңнамасын түсіндіру жұмыстарын жүргізу.             

Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

         Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім – бизнес, басқару және құқық: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, құқықтану.

         Құзыреттер бойынша талаптар:

         Күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

        Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

        1) жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;

       2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда бір жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Әңгімелесу өткізу мерзімі мен орны: 

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде  С-R-3 санаты бойынша Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Некрасова көшесі 30/1  үй мекен-жайы бойынша әңгімелесуден өтеді.

Құжаттар 2023 жылдың 14 қыркүйегінен бастап 2023 жылдың 18 қыркүйек айын қоса алғанда 3 жұмыс күні ішінде,  ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – Уәкілетті орган) интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

         Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш (бұдан әрі – Өтініш);

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 211 қазандағы No 14 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде No 14436 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.

Қосымша ақпарат

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары негізінде жүргізіледі.

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру
Дата публикации
14 сентября 2023