«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер  департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі, 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, А.Каримуллин көшесі, 2/2 үй, анықтама үшін телефондар: 8(7112) 53-84-40, факс 8 (7112) 53-84-40, электрондық адресі sa.nurgalieva@kgd.gov.kz.   
  1. Берешектермен жұмыс басқармасының бас маманы («C-О-5» санаты, 1 бірлік, индекстік №МКД-16/7), «C-О-5» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 263 131 (min) теңгеден 302 255 (max) теңгеге дейiн.

         Функционалдық міндеттері: Әкімшіні тағайындау және босату (шеттету) жөніндегі жұмыстарға бақылау жүргізу, банкроттық және оңалту рәсімдері кезінде әкімшінің жұмысына бақылау жасау, борышкердің мүлкін (активтер) сату бойынша электрондық сату тәртібінің сақталуына бақылау жасау, банкроттық және оңалту рәсімдерінің өткізілуіне бақылау жасау, әкімшінің әрекетіне байланысты түскен шағымдарды қарау,алдын ала және жалған банкроттық белгілерін анықтау, дәрменсіз борышкерлерге жүргізілген мониторингті бақылау.

           Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

         Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім – бизнес, басқару және құқық: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, құқықтану.

Құзыреттер бойынша талаптар:                    

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Әңгімелесу өткізудің мерзімі мен орны:

Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде C-О-5 санаты бойынша БҚО, Орал қаласы, А.Каримуллин көшесі 2/2 үй мекен-жайы бойынша әңгімелесуден өтеді.

 

            ІІ.«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің  Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер  департаменті Орал қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы»республикалық мемлекеттік мекемесі, 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Некрасова көшесі, 30/1 үй, анықтама телефоны: (87112) 24-28-35, электрондық мекенжайы: d.kaskarauova@kgd.gov.kz,

  1. Салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің бас маманы («C-R-4» санаты, 1 бірлік, индексі №МКБ-1-8-2), «C-R-4» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 226837 (min) теңгеден 260864 (max) теңгеге дейiн.

         Функционалдық міндеттері: Орталық ережесімен бекітілген құжаттарды уақытында қабылдап, өңдеуге жолдау, бақылау касса машиналарын есепке қою, шығару бойынша өтініштерді қабылдау, дайын құжаттарды беру. Электронды құжаттармен алмасу барысында электронды цифрлық қолтаңбаны қолданып қабылдауға келісім беру, электронды үлгіде салық есептіліктерін тапсыру бойынша «Салықтөлеушілер тирминалында» қызмет ету. Салық төлеушілерге салық заңдылығын түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Орталықтар ережесімен бекітілген құжаттарды мемлекеттік кірістер органы ақпараттық жүйесіне енгізу және өңдеу, қосылған құн салығы төлеушілерін уақытында есепке қою және шығару. Патент есебін өңдеу, тіркеуге қою, салық төлеушілердің тіркеу деректерін өзгерту туралы өтініштерін өңдеу, ТСАЖ бағдарламасына салық төлеуші деректерін енгізу, берешегі бары немесе жоғы туралы анықтаманы қалыптастыру, қосылған құн салығы төлеушісі куәлігін беру, салық төлеуші тапсырған салық есептілігі бойынша салық төлеушінің дербес шотын тексеру. Казнашылық басқармасына төлемдер қорытындысын жолдау, қызметтің жеке түрі бойынша ақпараттарды уақытында беру. Салық төлеушіні мемлекеттік кірістер органы шешімі бойынша есептен шығару.  Кезекті электронды басқару жүйесінің үнемі жұмыс істеуін қамтамассыз етуін уақытылы қадғалау, бақылау жасау.

         Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

         Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі – бизнес, басқару және құқық: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, құқықтану. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар: ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы жəне бағдарламалық қамтамасыз ету.

Құзыреттер бойынша талаптар:

күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару; жоғары білім немесе жоғары оқу орнынан кейінгі болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

      Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді. 

Әңгімелесу өткізу мерзімі мен орны: 

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде  С-R-4 санаты бойынша Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Некрасова көшесі 30/1  үй мекен-жайы бойынша әңгімелесуден өтеді.

             Құжаттар 2023 жылдың 24 тамызынан бастап 2023 жылдың 28 тамызын қоса алғанда 3 жұмыс күні ішінде,  ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – Уәкілетті орган) интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.        

          Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш (бұдан әрі – Өтініш);

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 211 қазандағы No 14 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде No 14436 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі. 

Қосымша ақпарат

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары негізінде жүргізіледі.

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру
Дата публикации
24 августа 2023