Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

  1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің  Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер  департаменті Орал қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы»республикалық мемлекеттік мекемесі, 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Некрасова көшесі, 30/1 үй, анықтама телефоны: (87112) 24-28-35, электрондық мекенжайы: kaskarauova@kgd.gov.kz

 

  1. Жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімінің басшысы, («C-R-3» санаты, 1 бірлік, индексі №МКБ-1-9-1), «C-R-3» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 212 061 (min) теңгеден 260 615 (max) теңгеге дейiн.

Функционалдық міндеттері: Бөлім туралы ережеге сәйкес бөлім жұмысына жалпы басшылық жасайды. Жанама салықтарды әкімшілендіру бойынша бөлім мамандарының жұмысын ұйымдастырады, жоспарлайды. Белгіленген тәртіп пен нысанға сәйкес бөлімнің жұмыс жоспарын жасайды. Бөлім қызметкерлерінің жүктемесін анықтайды. Оң жұмыс тәжірибесін игеріп және оны өз құзыреті шегінде қызметкерлер арасында таратады. Құзыреті шегінде салық заңнамасының сақталуын бақылауды күшейту бойынша құқық қорғау, қаржы және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл бойынша ұсыныстар береді. Жоғары тұрған органдарға есептіліктің және ақпараттың сапалы және уақтылы ұсынылуына жауапты болады. Бөлімде еңбек және атқарушылық тәртіпті қамтамасыз етеді, Орал қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшылығына бөлім қызметкерлерін көтермелеу және жаза қолдану туралы ұсыныстар береді. Бөлім қызметкерлерінің функционалдық міндеттерін орындауына бақылауды жүзеге асырады. Салық заңнамасын қолдану және жанама салықтарға салық салу бөлігінде салық заңнамасына енгізілетін өзгерістер бойынша бөлімнің өз құзыреті шегінде тұрған мәселелер бойынша салық төлеушілермен түсіндіру жұмысын жүргізу. Заңнамада белгіленген мерзімде салық төлеушілер өтініштерінің қаралуын бақылау.

         Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

         жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім – бизнес,басқару және құқық: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, құқықтану, кеден ісі.

Құзыреттер бойынша талаптар:

күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда бір жылдан кем емес жұмыс өтілі.

 

 

  1. Заңды тұлғаларды әкімшілендіру бөлімінің бас маманы («C-R-4» санаты, 1 бірлік, индексі №МКБ-1-6-2), «C-R-4» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 206734 (min) теңгеден 245 028 (max) теңгеге дейiн.

    Функционалдық міндеттері: Заңды тұлғалардың салық төлеушiлерiнiң санын есепке алу, әрекетсiз салық төлеуші санын қысқарту жөнiндегi жұмыстар, нөлдiк декларацияны табыс етушi салық төлеуші саны. Заңды тұлғалардың сандық есебінің коды. 2,3,5,7 кестелерді қоса алғанда, белгіленген  мерзімге 2-Н есебін сапалы ұсыну. Заңды тұлғалардың салық төлеушiлерiне, сауда базарларының, сауда үйлерiнiң иелерiне салықтық әкiмшiлiк ету (ТНС 871.00). 19.2 «Өткен тоқсанмен салыстырғанда қағып кеткен тексерулер санының өсу қарқыны» өлшемін орындау. Деректерді онлайн беру арқылы кассаларды пайдалану туралы заңды тұлғалардың ақпаратын талдау және дамыту. Салық заңнамасының бұзылуын жою туралы хабарламаларды жіберу, жеткізу, 60 күннен кешіктірілмей ақпараттық жүйелерде хабарламаларды жеткізу жағдайын қамтамасыз ету. Салық кодексінің 70, 71-бабының ережелеріне сәйкес тексеру актілерін жүргізу. ҚҚС бойынша тіркелген жеке кәсіпкерді анықтаған кезде тексеру актілерін салықтық тексеруден кейін 1 жұмыс күні ішінде салық кодексінің 70-бабына сәйкес әрекет ету үшін жанама салықтарды басқару бөліміне беру. Жұмыс барысында «жалған» тіркеу белгілері және басқа да заңсыз кәсіпкерлік белгілері анықталған жағдайда, ақпаратты 3 жұмыс күні ішінде құқық қорғау органдарына беру. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес БҚО МКД-не жіберген есептерді, ақпараттарды, сұраныстарға жауаптарды, Орал қаласы бойынша МКБ-ның  басқа бөлімдеріне, құқық қорғау органдарына және басқа ұйымдарға уақтылы және сапалы ұсыну.

Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі – бизнес,басқару және құқық: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, құқықтану.

Құзыреттер бойынша талаптар:

күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару; жоғары білім немесе жоғары оқу орнынан кейінгі болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

      Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірбиесі талап етілмейді.

 

  1. Өндіріп алу бөлімінің бас маманы (уақытша, негізгі қызметкердің

З.Сахметованың бала күту демалысы кезеңінде, 08.10.2023ж. дейін),  («C-R-4» санаты, 1 бірлік, индексі МКБ-1-5-2), «C-R-4» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 186 632 (min) теңгеден 229 492 (max) теңгеге дейiн.

Функционалдық міндеттері:

Салық міндеттемесін орындату әдісі бойынша жұмыстарды қамтамасыз ету және салық төлеушілерден мәжбүрлеп өндіріп алу, толық және уақытылы міндетті зейнетақы қорларын, әлеуметтік аударымдардың есептеліп, ұсталуына бақылау жасау. Салық берешектерін мәжбүрлеп өндіру жөніндегі заңмен белгіленген барлық шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз ету, Салық берешегіне талдау және оны азайту шараларын анықтау, барлық шараларды қолданғаннан соң ҚР «Банкрот және оңалту туралы» Заңына сәйкес салық заңдылығына сәйкес талап жұмыстарын жүргізу, салық заңдылығын, зейнетақымен қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау заңдылықтарын бұзғаны үшін әкімшілік шараларының қолданылуын қамтамасыз ету. Салық төлеушілерді банкрот деп тану бойынша істің сотта қаралуына қатысу. Салық және басқа да міндетті төлемдердің есептелу және ұсталу заңдылығы, нормативті құқықтық актілері бойынша түсінік жұмыстарын жүргізу. Салық заңнамасы бойынша белгіліенген тәртіп және мезгілі бойынша мүлік тізімдемесі актісін жасайды. Өкілетті органдарда тіркелмеген мүліктін тізімін анықтайды.

         Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

         жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі – бизнес, басқару және құқық: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, құқықтану.

Құзыреттер бойынша талаптар:

күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару; жоғары білім немесе жоғары оқу орнынан кейінгі болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

      Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Әңгімелесу өткізу мерзімі мен орны: 

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде  С-R-3, С-R-4 санаты бойынша Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Некрасова көшесі 30/1  үй мекен-жайы бойынша әңгімелесуден өтеді.

 

Құжаттар 2023 жылдың 24 шілдесінен бастап 2023 жылдың 26 шілдесін қоса алғанда 3 жұмыс күні ішінде,  ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – Уәкілетті орган) интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

 

         Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш (бұдан әрі – Өтініш);

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 211 қазандағы No 14 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде No 14436 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.

 

Қосымша ақпарат

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары негізінде жүргізіледі.

Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру
Дата публикации
21 июля 2023