Функционалдық міндеттері: Басқарманың қызметіне жалпы басшылық жасау және ұйымдастыру. Мәжбүрлеп өндіру шараларын қабылдауды белгіленген тәртіпте атқаруы бағытында басқарма қызметкерлерінің жұмысын жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау. Банкроттық жүйесінің тиімділігін арттыру бағытында басқарма қызметкерлерінің жұмысын жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау. Әкімшіні тағайындау және босату (шеттету) жөніндегі жұмыстарға бақылау жүргізу, банкроттық және оңалту рәсімдері кезінде әкімшінің жұмысына бақылау жасау, борышкердің мүлкін (активтер) сату бойынша электрондық сату тәртібінің сақталуына бақылау жасау, банкроттық және оңалту рәсімдерінің өткізілуіне бақылау жасау, дәрменсіз борышкерлерге жүргізілген мониторингті бақылау. Бөлім құзырындағы мәселелер бойынша төмен тұрған мемлекеттік кірістер басқармаларына практикалық және әдістемелік көмек көрсету.
Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:
Жоғары немесе жоғары оқу орыннан кейінгі білім – Бизнес, басқару және құқық: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, құқықтану.
Құзыреттер бойынша талаптар:
күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда үш жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес жұмыс өтілі.
Әңгімелесу өткізудің мерзімі мен орны:
Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде С-О-3 санаты бойынша БҚО, Орал қаласы, А.Каримуллин көшесі 2/2 үй мекен-жайы бойынша әңгімелесуден өтеді.
ІI. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Бөрлі ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі, 090302 Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы, Орталық көш., 1, анықтама үшін телефон 8(71133) 52-8-85, , электрондық мекенжайы: zko_burlin@kgd.gov.kz.
1.Өндірістік емес төлемдер бөлімінің жетекші маманы (уақытша, негізгі қызметкер Н.Ж.Сансызбаеваның бала күту демалысы кезеңіне, 21.08.2025ж. дейін), («C-R-5» санаты, 1 бірлік, индекстік №МКБ-4-5/5), «C-R-5» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 178 679 (min) теңгеден 211 925 (max) теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері: Өндірістік емес төлемдердің бюджетке толық түсуін қамтамасыз ету, салық төлеушілердің салық міндеттемесінің орындауына салықтық бақылау жүргізу, уәкілетті органдардың және мемлекеттік мекемелердің салық төлеушілерді, салық салу объектілерін және салық салумен байланысты объектілерді есепке алумен байланысты міндеттемелерінің орындалуына салықтық бақылауды жүзеге асыру. Өндірістік емес төлемдердің барлық түрлері бойынша салықтық міндеттеменің орындалу мәселесімен жоспарлы тақырыптық тексерулерді жүргізу, тексеру актілерінде көрсетілген бұзушылықтардың жойылуына және қосымша есептелген сомалардың уақытында бюджетке түсуіне бақылау жасау. Салық төлеушілер арасында салық заңнамасын қолдану жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Өндірістік емес төлемдердің бюджетке толық, дұрыс және уақтылы төленуін бақылауды жүзеге асыру. 2-Н есебін дайындау, салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу және жинау бойынша заңнамалық, нормативтік құқықтық актілерді қолдану мәселесі бойынша түсіндіру жұмысын жүргізу. Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысы мен бөлім басшысының тапсырмаларын орындау.
Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:
Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім - Бизнес, басқару және құқық: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, құқықтану.
Құзыреттер бойынша талаптар:
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Әңгімелесу өткізудің мерзімі мен орны:
Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде C-R-5 санаты бойынша БҚО, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы, Орталық көш., 1 үй мекен-жайы бойынша әңгімелесуден өтеді.
Функционалдық міндеттері: ҚҚС және ЖТС, сондай-ақ басқа да салықтар, төлемдер мен алымдар бойынша камералдық бақылау нәтижелерін әзірлеу. СЕН (салық есептілік нысаны) уақытылы ұсынбаған салық төлеушілерді анықтау 200.00, 220.00, 910.00, 871.00, және салық заңнамасында белгіленген мерзімде салық есептілігін ұсынбау туралы «БСАЖ» АЖ хабарлама жолдау. Камералдық бақылауды салық қызметі органдарында бар салық есептілігінің деректерін өзге де мемлекттік органдардың салық салу объектілері және салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтермен салыстыру арқылы жүзеге асыру. Сондай-ақ, салық төлеуші қызметі бойынша әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтермен. Салық заңнамалары нормаларын бұзушылықтарды жою туралы хабарлама қалыптастырып, салық төлеушілерге хабарлама жіберу. «Деректерді бірыңғай сақтау» ақпараттық жүйесінде автоматтандырылған камералды бақылау қорытындысы бойынша кіріс органдарымен жүргізілетін шаралар тәртібіне» сәйкес, РВУ/ЭХД және АЖ бойынша шығарылым жөнінде камералды бақылау қорытындысымен жұмыс жасау. БАСЖ АЖ-не ( ИС ИНИС) шығарылған хабарламалар бойынша камералды бақылау нәтижесімен жұмыс жасау. 10.1-10.6 критерийін орындау (қашықтықтан мониторинг), 12.1-12.5 (Шағын бизнес субъектілерін әкімшелендіру), 19.6 («Қоғамдық бақылау – түбіртекті талап ет» акциясы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлғалардың санының өсу қарқыны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер департаменті қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткіштері мен көрсеткіштерінің тізбесіне сәйкес. Бөлім бойынша біріктіру және есеп ұсыну және қызметтің тиімділігін бағалау көрсеткіштері мен көрсеткіштерінің тізбесін орындау. Жұмыс барысында бұзушылықтар туындаған жағдайда, әкімшілік іс қозғау, уақтылы және сапалы қалыптастыру, әкімшілік айыппұлды өз еркімен төлеу туралы хабарлама жіберу және жеткізу, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы анықтау.
Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:
Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім – бизнес, басқару және құқық: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, құқықтану.
Құзыреттер бойынша талаптар: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Функционалдық міндеттері: Салық кодексiнiң 59-бабына сәйкес оңайлатылған тәртiппен резидент заңды тұлғалардың жекелеген санаттары бойынша үстел бақылауын жүргiзу және қорытынды жасау. Салық кодексiнiң 59-бабына сәйкес қызметiн оңайлатылған тәртiппен тоқтату туралы заңды тұлғалардың салық есептiлiктерiнiң уақтылы берiлуiн түгендеу. Салық есептілігін уақтылы ұсынбау немесе табыс етпеген жағдайда әкімшілік іс қозғау және әкімшілік жауапкершілікке тартуды қамтамасыз ету. Салық кодексінің 18-тарауының нормаларына және департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Кәсіпкерлік кодексінің нормаларына сәйкес хронометраждық тексерулер жүргізу. «Әкімшілік жауапкершілікке тартылатын салық төлеушілердің жалпы санындағы электрондық шот-фактураны уақтылы бермегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылмаған салық төлеушілердің үлесі» 10.6 критерийі бойынша орындау. Заңды тұлғалардың қолма-қол ақшаны есепке алу және қолма-қол ақшаны есепке алу, тесіп өтпеу және чек бермеу шарттарын бұзуын анықтау және әзірлеу. Бұзушылықтар анықталған, әкiмшiлiк iс қозғалған және әкiмшiлiк жауаптылыққа тартуды қамтамасыз еткен жағдайда. Салық кодексiнiң 114-бабының және Хабарлама беру ережелерiнiң талаптарына сәйкес салық төлеушiлерге уақтылы және сапалы бағыттау, хабарламаларды жеткiзу.
Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:
Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім – бизнес, басқару және құқық: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, құқықтану.
Құзыреттер бойынша талаптар:
күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Әңгімелесу өткізу мерзімі мен орны:
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде С-R-5 санаты бойынша Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Некрасова көшесі 30/1 үй мекен-жайы бойынша әңгімелесуден өтеді.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
Құжаттар 2023 жылдың 30 маусымынан бастап 2023 жылдың 11 шілдесін қоса алғанда 7 жұмыс күні ішінде, жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап ұсынылуы керек.
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не "Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) Өтініш;
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);
3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;
"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.
Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың (осы Қағидалардың 79-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда):
1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;
2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.
Осы Қағидалардың 76-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.
Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:
1) Өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссияның хатшысымен оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Қосымша ақпарат:
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары негізінде жүргізіледі.