«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер  департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі, 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, А.Каримуллин көшесі, 2/2 үй, анықтама үшін телефондар: 8(7112) 53-84-40, факс 8 (7112) 53-84-40, электрондық адресі sa.nurgalieva@kgd.gov.kz.   
  1. «Ақсай» кеден бекетінің басшысы - басқарма басшысы («C-О-3» санаты, 1 бірлік, индекстік №МКД-21), «C-О-3» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 319635 (min) теңгеден 378563 (max) теңгеге дейiн.

         Функционалдық міндеттері: Кеден бекетінің лауазымды тұлғаларының жұмысын ұйымдастыру, кеден бекетінің қызметтік тұлғалардың өз лауазымдық міндеттерін орындалуын және олардың заңдылығын сақталуын бақылауға алу, кедендік бақылау аймақтары режимінің сақталуын бақылауды қамтамасыз ету, бөлінетін және радиоактивті материалдарды кедендік бақылауды және кедендік бақылаудың техникалық құралдарын нәтижелі қолдануды ұйымдастыру, бөлінетін және радиоактивті материалдарды кедендік бақылауды ұйымдастыру мәселесі бойынша басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау, санитарлық-эпидемиологиялық кызмет органдарымен, төтенше жағдайлар, теміржол басқармасымен, тексеру, жабдықтарға техникалық  кызмет көрсетумен айналысатын сертификаттау және стандарттау мекемелерімен өзара іс-қимыл жасасу, кеден бекеттерін КБТҚ-мен жабдықтау бойынша іс-шаралар жүргізу, кедендік бақылаудың техникалық құралдарының қажеттілігін анықтау.

Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім – бизнес, басқару және құқық: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, кеден ісі, құқықтану, халықаралық құқық. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар: ақпараттық жүйелер.

Құзыреттер бойынша талаптар:         

күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық.

         Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) жұмыс өтілі А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда үш жылдан кем емес;

       2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес жұмыс өтілі.

  1. Берешекпен жұмыс басқармасының бас маманы («C-О-5» санаты, 1 бірлік, индекстік №МКД-16/3), «C-О-5» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 212061 (min) теңгеден 260615 (max) теңгеге дейiн.

          Функционалдық міндеттері: Салық берешектерін өндіріп алу шараларын жүргізуде өзге де мемлекеттік мекемелермен, ұйымдармен бірлесе жұмыс жасау, төмен тұрған мемлекеттік кірістер басқармаларына практикалық және әдістемелік көмек көрсету. Салық берешектерін өндіру мәселесі бойынша қажетті мәліметтерді, есептіліктерді дайындау, талдау, сараптамалық жұмыс әдістері мен түрлерін білу, сот органдарында Департаменттің мүддесін қорғау, бөлімде кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұлдардың өндірілу жұмыстарын ұйымдастыруға және  кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұлдардың мәжбүрлеп өндірілу шараларын жүргізуді жүзеге асыру. Азаматтармен жұмыс жасау.

Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім – бизнес, басқару және құқық: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, құқықтану.

Құзыреттер бойынша талаптар:         

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

  1. Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімінің бас маманы («C-О-5» санаты, 1 бірлік, индекстік №МКД-15-2/3), «C-О-5» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 212061 (min) теңгеден 260615 (max) теңгеге дейiн.

          Функционалдық міндеттері: Ақпараттық-сараптамалық жұмыс әдісін білу. Облыс бойынша алкоголь өнімдері нарығының жағдайы туралы мониторинг, ақпараттық-сараптамалық материалдарды жүзеге асыру. Акцизделетін өнімдердің қозғалысына бақылау, пайдалану балансына талдау жасау, акциздердің түсіміне бақылау жасау, жоғары тұрған органдарға есептіліктерді уақытында дайындап жіберу, акцизделетін өнімдерге байланысты салық  міндеттемелерін орындау мәселелеріне қатысты шаруашылық субъектілеріне құжаттық тексеру және хронометраждық зерттеу жүргізу. ҚҚС түсімін талдау негізінде болжам жасауға қатысу, қосылған құн салығы бойынша салық заңдарының талаптарын сақтау, ҚҚС әкімшілендіру және оның әдістемесін білу, Тауарларды шығарғаннан кейінгі кедендік бақылау басқармасымен берілген мәліметтерге сәйкес есепке жатқызу әдісі арқылы тауар импорты кезіндегі ҚҚС төлеу жөніндегі міндеттемелердің орындалуына бақылау.  ҚҚС төлеушілер электрондық шот-фактураларына бақылау.  Құрылымдық бөлімшелердің ҚҚС бойынша міндетті есепке қою және ҚҚС бойынша есептен шығару жұмыстарына тұрақты түрде бақылау.

Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім – бизнес, басқару және құқық: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару.

Құзыреттер бойынша талаптар:         

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

  1. Ұйымдастыру-қаржы басқармасының бас маманы (уақытша, негізгі қызметкер А.А.Утегенованың бала күту демалысы кезеңіне, 22.10.2025ж. дейін), («C-О-5» санаты, 1 бірлік, индекстік №МКД-9/4), «C-О-5» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 206 734 (min) теңгеден 245 028 (max) теңгеге дейiн.

Функционалдық міндеттері: Тиісті үш жылдық қаржы кезеңіне бюджеттік өтінім, сонымен қатар ағымдағы жылдың бюджетін нақтылау жөніндегі бюджеттік өтінімді қабылдау. Департаменттің міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарын дайындау, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетіне ұсына отырып, қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізу. Бюджеттік бағдарламаның уақтылы және толық қаржыландырылуын қамтамасыз ету. Департаментті ұстауға бөлінген бюджет қаражатын мақсатты және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету. БҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ұстауға арналған бюджеттік бағдарламаның орындалу барысын қадағалау. Мемлекеттік сатып алу жоспарын жасауға қатысу. «Қазынашылық-клиент» АЖ-дегі «е-Минфин» АЖ есебін жүргізу. 2300 «Негізгі қаражат» шотындағы П «материалдық қорлар»,  2700 «Материалдық активтер», 1010 «ақша қаражаты» бөлімдері бойынша «е-Минфин»  АЖ-де бухгалтерлік есеп жүргізу. 1300 «Материалдар» шотындағы П «материалдық қорлар» бөлімі, 1230 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешек», 3210 «Мердігерлер мен өнім берушілердің қысқа мерзімді кредиторлық берешектері» шоттары бойынша      «е-Минфин»  АЖ-де бухгалтерлік есеп жүргізу.

Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

         Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім – бизнес, басқару және құқық: экономика, есеп және аудит, қаржы,

Құзыреттер бойынша талаптар:                    

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 Әңгімелесу өткізудің мерзімі мен орны:

Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде С-О-3, C-О-5 санаттары бойынша БҚО, Орал қаласы, А.Каримуллин көшесі 2/2 үй мекен-жайы бойынша әңгімелесуден өтеді.

             Құжаттар 2023 жылдың 15 маусымынан бастап 2023 жылдың 19 маусымын қоса алғанда 3 жұмыс күні ішінде,  ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – Уәкілетті орган) интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

         Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш (бұдан әрі – Өтініш);

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 211 қазандағы No 14 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде No 14436 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.

Қосымша ақпарат

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары негізінде жүргізіледі.

 

 

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру
Дата публикации
15 июня 2023