«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер  департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі, 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, А.Каримуллин көшесі, 2/2 үй, анықтама үшін телефондар: 8(7112) 53-84-40, факс 8 (7112) 53-84-40, электрондық адресі sa.nurgalieva@kgd.gov.kz

 1. Берешекпен жұмыс басқармасының басшысы             («C-О-3» санаты, 1 бірлік, индекстік №МКД-16), «C-О-3» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 319635 (min) теңгеден 378563 (max) теңгеге дейiн.

 Функционалдық міндеттері: Басқарманың қызметіне жалпы басшылық жасау және ұйымдастыру. Мәжбүрлеп өндіру шараларын қабылдауды белгіленген тәртіпте атқаруы бағытында басқарма қызметкерлерінің жұмысын жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау. Банкроттық жүйесінің тиімділігін арттыру бағытында басқарма қызметкерлерінің жұмысын жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау. Әкімшіні тағайындау және босату (шеттету) жөніндегі жұмыстарға бақылау жүргізу, банкроттық және оңалту рәсімдері кезінде әкімшінің жұмысына бақылау жасау, борышкердің мүлкін (активтер) сату бойынша электрондық сату тәртібінің сақталуына бақылау жасау, банкроттық және оңалту рәсімдерінің өткізілуіне бақылау жасау, дәрменсіз борышкерлерге жүргізілген мониторингті бақылау. Бөлім құзырындағы мәселелер бойынша төмен тұрған мемлекеттік кірістер басқармаларына практикалық және әдістемелік көмек көрсету.

Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

Жоғары немесе жоғары оқу орыннан кейінгі білім – әлеуметтік ғылымдар және бизнес: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару немесе құқық: құқықтану.

Құзыреттер бойынша талаптар:                    

күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық.

         Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) жұмыс өтілі А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда үш жылдан кем емес;

       2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес жұмыс өтілі.

  1. Тасқала ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы («C-R-1» санаты,  1 бірлік), «C-R-1» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 319635 (min) теңгеден 378563 (max) теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік кірістер  басқармасының жұмысын ұйымдастыру және басшылық жасау, Мемлекеттік кірістер  басқармасына жүктелген міндеттердің орындалуы мен  функцияларының жүзеге асырылуын бақылау, мемлекеттік кірістер органдарының стратегиялық дамуындағы  салықтардың толық түсуін қамтамасыз ету, мемлекеттік кірістер органдарының қызметіне қоғамның қанағаттануын қамтамасыз ету, басқарма қызметкерлерін Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сәйкес қызметке тағайындау және қызметтен босату, Мемлекеттік кірістер басқармасының бақылау-эокномикалық жұмыстарын жоспарлау, болжам көрсеткіштерінің орындалуына, салықтар мен басқа да бюджет төлемдерінің қарыздарын өндіріп алуға қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету, Мемлекеттік кірістер  басқармасының қызметкерлеріне қажетті әдістемелік-кеңестік көмек көрсету, Мемлекеттік кірістер  басқармасы қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерінің алдын алу, қызмет бабын теріс пайдалануды ескерту, сыбайлас жемқорлықты жою шараларын қарастыру.

Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім  - әлеуметтік ғылымдар және бизнес:  экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару немесе құқық: құқықтану.

Құзыреттер бойынша талаптар: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төмен тұрған санаттағы немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, E-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

      2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.

 Әңгімелесу өткізудің мерзімі мен орны:

Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде С-О-3, C-R-1 санаттары бойынша БҚО, Орал қаласы, А.Каримуллин көшесі 2/2 үй мекен-жайы бойынша әңгімелесуден өтеді.

Құжаттар 2023 жылдың 10 мамырынан  бастап 2023 жылдың 12 мамырын қоса алғанда 3 жұмыс күні ішінде,  ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – Уәкілетті орган) интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш (бұдан әрі – Өтініш);

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 211 қазандағы No 14 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде No 14436 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.

 Қосымша ақпарат

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары негізінде жүргізіледі.

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру
Дата публикации
10 мая 2023