1.Өндірістік емес төлемдер басқармасының бас маманы («C-О-5» санаты, 1 бірлік, индекстік №МКД-18/5), «C-О-5» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 237596 (min) теңгеден 281435 (max) теңгеге дейiн.
Функционалдық міндеттері: 700.00, 701,00, 701,01. 810.00, 851.00, 860.00, 870.00, 710.00 салық есептілігі нысандарын уақытында тапсыру, шаралар қабылдау, дұрыс және толық толтырылуын қамтамасыз ету. 104101, 104102, 104302, 104401, 104402, 105301, 105303, 105304, 105309, 105310, 105311, 105313, 105314, 105315, 105316, 105501, 105502, 201906, 204109, 204113,204162, 206108 бюджеттік сыныптама кодтарын және басқа да алымдар мен мемлекеттік баждарды әкімшілендіруге бақылау. Аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларының жеке тұлғаларға салынатын мүлік, жер, көлік құралдары салығы бойынша жұмысына бақылау. Заңды және жеке тұлғалардың мүлік, жер, көлік құралдары салығы бойынша салық салу объектілерінің жиынтық есебін жүргізуге бақылау. Ойын және тіркелген салықтарды қалыптастыру бойынша камералдық бақылау хабарламаларының Камералдық бақылау қорытындысының тізілімі жүйесінде уақытында өңделуіне күн сайын бақылау жүргізу. Бекітілген БСК бойынша әкімшілендіру мәселесі бойынша уәкілетті және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл. Аумақтық басқармаларға өңдеу үшін мсәліметтерді уақытында жіберу. Уәкілетті және жергілікті атқару органдарымен кешіктіріліп, дұрыс және толық емес салық заңнамасымен көзделген мәліметтерді берулеріне байланысты құқық бұзушылық анықталған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау. 101202 – мүліктік табыс бойынша жеке тұлғалардың табыстарына салынатын жеке табыс салығын әкімшілендіру, 230.00 нысанды салық есептілігін қабылдау, мәліметтердің сапалы және толық көрсетілуі бойынша аумақтық басқармалардың жұмыстарын қамтамысз ету. Құқық қорғау органдарының мемлекеттік қызметшілердің декларациялары бойынша сұрауларына жауап беру. Аумақтық басқармалардың Бірыңғай жиынтық төлем бойынша жұмыстарына бақылау. 240.00 салық есептілігі нысанын уақытында тапсыру, шаралар қабылдау, дұрыс және толық толтырылуын қамтамасыз ету және бақылау. Басқарма жетекшілік жасалатын мәселелер бойынша міндеттердің орындалу қорытындысы туралы есептер, сараптамалық ақпараттар мен мәліметтердің берілуін қамтамасыз ету.
Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім – әлеуметтік ғылымдар және бизнес: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару.
Құзыреттер бойынша талаптар:
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
2. Ұйымдастыру-қаржы басқармасының бас маманы (уақытша, негізгі қызметкер А.А.Утегенованың бала күту демалысы кезеңіне, 22.10.2025ж. дейін), («C-О-5» санаты, 1 бірлік, индекстік №МКД-9/4), «C-О-5» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 206 734 (min) теңгеден 245 028 (max) теңгеге дейiн.
Функционалдық міндеттері: Тиісті үш жылдық қаржы кезеңіне бюджеттік өтінім, сонымен қатар ағымдағы жылдың бюджетін нақтылау жөніндегі бюджеттік өтінімді қабылдау. Департаменттің міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарын дайындау, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетіне ұсына отырып, қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізу. Бюджеттік бағдарламаның уақтылы және толық қаржыландырылуын қамтамасыз ету. Департаментті ұстауға бөлінген бюджет қаражатын мақсатты және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету. БҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ұстауға арналған бюджеттік бағдарламаның орындалу барысын қадағалау. Мемлекеттік сатып алу жоспарын жасауға қатысу. «Қазынашылық-клиент» АЖ-дегі «е-Минфин» АЖ есебін жүргізу. 2300 «Негізгі қаражат» шотындағы П «материалдық қорлар», 2700 «Материалдық активтер», 1010 «ақша қаражаты» бөлімдері бойынша «е-Минфин» АЖ-де бухгалтерлік есеп жүргізу. 1300 «Материалдар» шотындағы П «материалдық қорлар» бөлімі, 1230 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешек», 3210 «Мердігерлер мен өнім берушілердің қысқа мерзімді кредиторлық берешектері» шоттары бойынша «е-Минфин» АЖ-де бухгалтерлік есеп жүргізу.
Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім – әлеуметтік ғылымдар және бизнес: экономика, есеп және аудит, қаржы.
Құзыреттер бойынша талаптар:
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Әңгімелесу өткізудің мерзімі мен орны:
Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде С-О-5 санаты бойынша БҚО, Орал қаласы, А.Каримуллин көшесі 2/2 үй мекен-жайы бойынша әңгімелесуден өтеді.
ІІ. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Орал қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы»республикалық мемлекеттік мекемесі, 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Некрасова көшесі, 30/1 үй, анықтама телефоны: (87112) 24-28-35, электрондық мекенжайы: d.kaskarauova@kgd.gov.kz.
1. Жеке кәсіпкерлерді әкімшілендіру бөлімінің бас маманы («C-R-4» санаты, 1 бірлік, индексі №МКБ-1-7-2), «C-R-4» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 206 734 (min) теңгеден 245 028 (max) теңгеге дейiн.
Функционалдық міндеттер: ҚҚС және ЖТС, сондай-ақ басқа да салықтар, төлемдер мен алымдар бойынша камералдық бақылау нәтижелерін әзірлеу. СЕН (салық есептілік нысаны) уақытылы ұсынбаған салық төлеушілерді анықтау 200.00, 220.00, 910.00, 871.00, және салық заңнамасында белгіленген мерзімде салық есептілігін ұсынбау туралы «БСАЖ» АЖ хабарлама жолдау. Камералдық бақылауды салық қызметі органдарында бар салық есептілігінің деректерін өзге де мемлекттік органдардың салық салу объектілері және салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтермен салыстыру арқылы жүзеге асыру. Сондай-ақ, салық төлеуші қызметі бойынша әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтермен. Салық заңнамалары нормаларын бұзушылықтарды жою туралы хабарлама қалыптастырып, салық төлеушілерге хабарлама жіберу. «Деректерді бірыңғай сақтау» ақпараттық жүйесінде автоматтандырылған камералды бақылау қорытындысы бойынша кіріс органдарымен жүргізілетін шаралар тәртібіне» сәйкес, РВУ/ЭХД және АЖ бойынша шығарылым жөнінде камералды бақылау қорытындысымен жұмыс жасау. БАСЖ АЖ-не (ИС ИНИС) шығарылған хабарламалар бойынша камералды бақылау нәтижесімен жұмыс жасау. 10.1-10.6 критерийін орындау (қашықтықтан мониторинг), 12.1-12.5 (Шағын бизнес субъектілерін әкімшелендіру), 19.6 («Қоғамдық бақылау – түбіртекті талап ет» акциясы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлғалардың санының өсу қарқыны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер департаменті қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткіштері мен көрсеткіштерінің тізбесіне сәйкес.
Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім - әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, құқық: құқықтану, құқық.
Мынадай құзыреттердің бар болуы:
стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, алалдық, өздігінен даму, жеделдік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірбиесі талап етілмейді.
Әңгімелесу өткізу мерзімі мен орны:
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде С-R-4 санаты бойынша Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Некрасова көшесі 30/1 үй мекен-жайы бойынша әңгімелесуден өтеді.
Құжаттар 2023 жылдың 21 ақпанынан бастап 2023 жылдың 23 ақпанын қоса алғанда 3 жұмыс күні ішінде, ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – Уәкілетті орган) интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш (бұдан әрі – Өтініш);
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 211 қазандағы No 14 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде No 14436 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.
Қосымша ақпарат
Кандидаттың келісімі болған жағдайда онымен әңгімелесуді интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде онлайн-трансляциялауға жол беріледі.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Әңгімелесу және іріктеудің басқа тәсілдерін өткізу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының барысына кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін отырысқа байқаушылар шақырылады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары негізінде жүргізіледі.