Функционалдық міндеттері: Сотта, сонымен қатар мемлекеттік кірістер органы қызметінің құқықтық мәселелері қарау кезінде өзге ұйымдарда мемлекеттік кірістер органының мүддесі мен құқықтарын белгіленген тәртіпте қорғау, Департамент қызметкерлеріне құқықтық мәселелер бойынша кеңес беру, салық төлеушілердің шағымдарына қатысты жұмыс жүргізу, сот органдарымен қаралған шағымдарға талдау жасау, әкімшілік материалдарға құқықтық сараптама жүргізу, құқықтық актілердің құқықтық сараптамасын жүргізу,талап-арыз жұмысын ұйымдастыру және жүргізу, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер жөніндегі қаулыларға салық төлеушілердің берген шағымдары бойынша материалдарды сапалы және уақытында қарау, Департаменттің құрылымдық бөлімшелері мен СЭҚ қатысушылардың сұраныстарына қорытындылар дайындау, құқықтық мәселелер бойынша ақпараттар мен құжаттарды уақытылы дайындау.
Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім – құқық: құқықтану.
Құзыреттер бойынша талаптар:
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Әңгімелесу өткізудің мерзімі мен орны:
Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде С-О-5 санаты бойынша БҚО, Орал қаласы, А.Каримуллин көшесі 2/2 үй мекен-жайы бойынша әңгімелесуден өтеді.
Функционалдық міндеттері: Бөлім жұмысына жалпы басшылық жасау, Бөлім құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдар және басқа да ұйымдармен өзара әрекет етуді жүзеге асыру. Қосылған құн салығы төлеушілер тізімін жүргізу, қосылған құн салығы төлеушілерді есепке қою, шығару бойынша бақылау жүргізу. 2-Н есебіне өндіріп алу бойынша бақылау, әкімшілік айыппұл соммаларының салынуы мен өндірілуіне бақылау, артық төлемді өңдеу. ҚҚС бойынша салық заңдылығы талаптарының сақталуын, ҚҚС әкімшілендіру және оның әдістемесін білу. ҚҚС қатысты салық заңнамаларын жетілдіру жөніндегі ұсыныс беру. Кеден одағы мемлекеттерінен әкелінген тауарлар бойынша 320.00 және 328.00 салық есептілігі нысанының қабылданып, өңделуіне бақылау жасау. Әкелінген тауарлар туралы өтінішті қабылдау кезінде салықтың және жанама салықтың уақытында толық төленгендігіне бақылау. Күнделікті қағаз жүзінде қабылданған өтініштердің расталуына бақылау жасау. Акциз қосындарының жұмыс жоспарын құру, акциздердің түсімі бойынша болжам жоспарының орындалуы бойынша бақылауды жүзеге асыру, бекітілген есептілік нысандарының дұрыстығына және жоғары тұрған органға уақытында жолдануына бақылау жүргізу. Актілердің жасалуына бақылау, салық тексеруі мерзімін бақылау, тексеру актілерінің және әкімшілік материалдардың сот органына уақытында жолдануына бақылау, акциздік өнімнің айналымына бақылауды қамтамасыз ету, акциз тауарларының айналымы аясында салық заңдылығының сақталуына қатаң бақылау жасауды күшейту бойынша құқық қорғау, қаржы және өзге де органдармен бірлесе отырып, ұсыныстар дайындау.
Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім - әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару немесе құқық: кеден ісі.
Құзыреттер бойынша талаптар:
стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
Функционалдық міндеттері: Заңды тұлғалардың салық төлеушiлерiнiң санын есепке алу, әрекетсiз салық төлеуші санын қысқарту жөнiндегi жұмыстар, нөлдiк декларацияны табыс етушi салық төлеуші саны. Заңды тұлғалардың сандық есебінің коды. 2,3,5,7 кестелерді қоса алғанда, белгіленген мерзімге 2-Н есебін сапалы ұсыну. Заңды тұлғалардың салық төлеушiлерiне, сауда базарларының, сауда үйлерiнiң иелерiне салықтық әкiмшiлiк ету (ТНС 871.00). 19.2 «Өткен тоқсанмен салыстырғанда қағып кеткен тексерулер санының өсу қарқыны» өлшемін орындау. Деректерді онлайн беру арқылы кассаларды пайдалану туралы заңды тұлғалардың ақпаратын талдау және дамыту. Салық заңнамасының бұзылуын жою туралы хабарламаларды жіберу, жеткізу, 60 күннен кешіктірілмей ақпараттық жүйелерде хабарламаларды жеткізу жағдайын қамтамасыз ету. Салық кодексінің 70, 71-бабының ережелеріне сәйкес тексеру актілерін жүргізу. ҚҚС бойынша тіркелген жеке кәсіпкерді анықтаған кезде тексеру актілерін салықтық тексеруден кейін 1 жұмыс күні ішінде салық кодексінің 70-бабына сәйкес әрекет ету үшін жанама салықтарды басқару бөліміне беру. Жұмыс барысында «жалған» тіркеу белгілері және басқа да заңсыз кәсіпкерлік белгілері анықталған жағдайда, ақпаратты 3 жұмыс күні ішінде құқық қорғау органдарына беру. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес БҚО МКД-не жіберген есептерді, ақпараттарды, сұраныстарға жауаптарды, Орал қаласы бойынша МКБ-ның басқа бөлімдеріне, құқық қорғау органдарына және басқа ұйымдарға уақтылы және сапалы ұсыну.
Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі - әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару.
Құзыреттер бойынша талаптар:
стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, алалдық, өздігінен даму, жеделдік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірбиесі талап етілмейді.
Функционалдық міндеттер: Салық салу объектілері бойынша мемлекеттік уәкілетті органдардан түскен ақпараттар және салық төлеушілердің тапсырған салық есептіліктері негізінде салық міндеттемесінің толық орындалуына камералды бақылау жүргізу. Салық төлеушілерге уақытында хабарламаларды жолдау және табыстау. Камералды бақылау нәтижесі бойынша орындалмаған хабарламаларға уақытында әкімшілік шараларды қолдану. Автоматтандырылған камералды бақылау бойынша хабарламалардың уақытылы және сапалы өңдеу, жалған кәсіпкерлікті анықтау және жолын кесу бойынша жұмыстар жүргізу. Патент және жеңілдетілген арнайы салық режимін қолданатын салық төлеушілердің тіркелу деректерінің талапқа сәйкестігін әкімшілендіру. Бақылау касса машинасын қолданылу ережесінің сақталуына бақылау жасау, тіркелмеген кәсіпкерлік субъектілерін анықтау, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру, жүргізілген тексеру қорытындысы бойынша акті толтыру, хронометраждық зерттеулер жүргізу, салық төлеушінің нақты тұрғылықты жері бойынша жоқ болған жағдайда акті толтыру, салық төлеушілерге салық міндеттемесін орындау жөніндегі хабарламаны табыс ету, тіркелмеген салық төлеушілерді анықтау жұмысын жүргізу.
Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі - әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару.
Мынадай құзыреттердің бар болуы:
стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, алалдық, өздігінен даму, жеделдік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірбиесі талап етілмейді.
Әңгімелесу өткізу мерзімі мен орны:
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде C-R-3, С-R-4 санаттары бойынша Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Некрасова көшесі 30/1 үй мекен-жайы бойынша әңгімелесуден өтеді.
Құжаттар 2023 жылдың 05 қаңтарынан бастап 2023 жылдың 09 қаңтарын қоса алғанда 3 жұмыс күні ішінде, ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – Уәкілетті орган) интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш (бұдан әрі – Өтініш);
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 211 қазандағы No 14 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде No 14436 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.
Қосымша ақпарат
Кандидаттың келісімі болған жағдайда онымен әңгімелесуді интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде онлайн-трансляциялауға жол беріледі.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Әңгімелесу және іріктеудің басқа тәсілдерін өткізу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының барысына кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін отырысқа байқаушылар шақырылады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары негізінде жүргізіледі.