Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кірістер органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2020 жылғы 10 шiлдедегi № 665 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 14 шiлдеде № 20955 болып тіркелді.
Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 30.04.2021 № 417 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы "Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1)-тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 30.04.2021 № 417 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Жеке практикамен айналысатын адамды тіркеу есебі" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Салық төлеушілерді тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы;
3) осы бұйрықтың 3-қосымшаға сәйкес "Қосылған құн салығын төлеушілерді тіркеу есебі" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы;
4) осы бұйрықтың 4-қосымшаға сәйкес "Темекі өнімдерінің өндірісіне лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы;
5) осы бұйрықтың 5-қосымшаға сәйкес "Этил спиртінің өндірісіне лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы;
6) осы бұйрықтың 6-қосымшаға сәйкес "Алкоголь өнімінің өндірісіне лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы;
7) осы бұйрықтың 7-қосымшаға сәйкес "Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтауға және көтерме саудада сатуға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы;
8) осы бұйрықтың 8-қосымшаға сәйкес "Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтауға және бөлшек саудада сатуға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы;
9) осы бұйрықтың 9-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірістердің және ұстап қалған (төленген) салықтардың сомалары туралы анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы;
10) осы бұйрықтың 10-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасының резинденттігін растау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы;
11) осы бұйрықтың 11-қосымшаға сәйкес "Салықтық есептілікті ұсынуын тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау)" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы;
12) осы бұйрықтың 12-қосымшаға сәйкес "Салықтық есептілікті қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы;
13) осы бұйрықтың 13-қосымшаға сәйкес "Салықтық есептілікті керi қайтарып алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы;
14) осы бұйрықтың 14-қосымшаға сәйкес "Төлем көзінен ұсталған табыс салығын қайтару" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы;
15) осы бұйрықтың 15-қосымшаға сәйкес "Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімдерін өзгерту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы;
16) осы бұйрықтың 16-қосымшаға сәйкес "Еуразиялық экономикалық одаққа тауарларды экспорттау (импорттау) кезінде салық нысандарын қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы;
17) осы бұйрықтың 17-қосымшаға сәйкес "Авторлық құқық пен сабақтас құқық объектілерiн, тауар белгілерін, қызмет көрсету белгілері мен тауарлардың шығарылған жерлерінің атауларын зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы;
18) осы бұйрықтың 18-қосымшаға сәйкес "Уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы;
19) осы бұйрықтың 19-қосымшаға сәйкес "Кеден өкiлдерiнiң тiзiлiмiне енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы;
20) осы бұйрықтың 20-қосымшаға сәйкес "Кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы;
21) осы бұйрықтың 21-қосымшаға сәйкес "Тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешім қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы;
22) осы бұйрықтың 22-қосымшаға сәйкес "Тауарларды жіктеу туралы алдын ала шешім қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы;
23) осы бұйрықтың 23-қосымшаға сәйкес "Белгілі бір уақыт кезеңі ішінде әртүрлі тауар партияларымен әкелінуі болжанатын, құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жинақталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарды сыныптау туралы шешім қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы;
24) осы бұйрықтың 24-қосымшаға сәйкес "Халықаралық тасымалдау көлiк құралын кедендiк пломбалар мен мөрлер салынған тауарларды тасымалдауға жiберу туралы куәлiк беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы;
25) осы бұйрықтың 25-қосымшаға сәйкес "Уақытша сақтау орындары иелерінің тізіліміне енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы;
26) осы бұйрықтың 26-қосымшаға сәйкес "Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы;
27) осы бұйрықтың 27-қосымшаға сәйкес "Өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы;
28) осы бұйрықтың 28-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінен және (немесе) олардың аумақтық бөлімшелерінен шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы;
29) осы бұйрықтың 29-қосымшаға сәйкес "Көлік құралына арналған кедендік декларацияны қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы;
30) осы бұйрықтың 30-қосымшаға сәйкес "Жолаушылар кедендік декларациясын қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы;
31) осы бұйрықтың 31-қосымшаға сәйкес "Транзиттік декларацияны қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы.