Жеке шоттарын жүргізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1) "Бюджетпен есеп айырысулар жай-күйі туралы, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер бойынша жеке шоттан үзінді көшірме беру";
2) "Есебі мемлекеттік кірістер органында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді беру";
3) "Салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұл мен айыппұлдарды есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізу" мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайды.
Көрсетілетін қызметті алушы жеке шоттары ұлттық валютада жүргізіледі.
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді республикалық және жергілікті бюджет арасында бөлу 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (бұдан әрі – Бюджет кодексі) сәйкес жүргізіледі.
1) артық төлем - ағымдағы жылдың алдындағы жыл үшін жеке шоттан есеп-қисаптар сальдосы ескеріле отырып, ағымдағы жыл үшін жеке жеке көрсетілген салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдардың және (немесе) жарналардың төленген (есепке жатқызылғандарын, қайтарылғандарын шегергенде) және есептелген, есепке жазылған (кемітілгендерін шегергенде) сомалары арасындағы оң айырма.
2) есепке алуды жүргізуге жауапты лауазымды тұлға - салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдардың және (немесе) жарналардың, сондай-ақ жеке шоттардағы өсімпұлдар мен айыппұлдардың есепке жазылған (есептелген, кемітілген) және төленген (есепке жатқызылған, қайтарылған) сомаларының есепке алуының дұрыс жүргізілуіне бақылау және есептілікті жасау функцияларын атқаратын тұлға;
3) міндеттемелердің орындалуына бақылау бойынша лауазымды тұлға - көрсетілетін қызметті алушы салық міндеттемелерін, міндетті зейнетақы жарналарын аудару, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу бойынша міндеттемелерін орындауына бақылау функцияларын атқаратын тұлға;
4) салық есептілігі бойынша бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлға - салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдардың және (немесе) жарналардың есепке жазылған (есептелген, кемітілген) сомалары бойынша ақпаратты енгізу және (немесе) бақылау функцияларын орындайтын тұлға;
5) салық тексеруін жүзеге асыратын лауазымды тұлға - көрсетілетін қызметті беруші салық тексеруін тағайындау (жүргізу) туралы актісімен белгіленген тұлға;
6) көрсетілетін қызметті алушының жанама салықтарды төлеу бойынша салық міндеттемелерін орындауына бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлға – Еуразиялық экономикалық одаққа мүше (бұдан әрі – ЕАЭО) мемлекеттердің аумақтарынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар импорты кезінде көрсетілетін қызметті алушы жанама салықтарды төлеу бойынша салық міндеттемелерін орындауына бақылау функциясын орындайтын тұлға;
7) салықтың және басқа да міндетті төлемнің коды - Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасы бойынша бюджет кірістерін жіктеу бойынша төлемнің цифрлық белгіленуі;
8) іріктеу - бұрын жеке шотта жүргізілген соманы нөлге келтіру мақсатында растайтын құжаттар негізінде жеке шоттың тиісті бағандарындағы ("Есепке жазылған", "Кемітілді") қосымша есепке алу жазбасы.
1) уәкілетті мемлекеттік органдардан алынған құжаттар;
2) салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің, өсімпұлдардың және айыппұлдардың артық (қате) төленген сомаларын есепке жатқызу және қайтару жөніндегі құжаттар;
3) қосылған құн салығын (бұдан әрі – ҚҚС) есепке жатқызу және қайтару жөніндегі құжаттар;
4) жеке шоттарын беру жөніндегі құжаттар;
5) салықтарды және төлемақыларды төлеу бойынша салық міндеттемелерін орындау мерзімдерінің өзгеруі туралы құжаттар;
6) банкрот деп танылған көрсетілетін қызметті алушының салық берешегі жөніндегі құжаттары;
7) таратылған көрсетілетін қызметті алушы, сондай-ақ заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы кезіндегі салық міндеттемелерін орындауы жөніндегі құжаттар.
2-тарау. Жеке шоттарын жүргізу
1-параграф. Жеке шоттарын ашу тәртібі
1) заңды тұлға, оның құрылымдық бөлімшесі, сондай-ақ бейрезидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі, жеке практикамен айналысатын дара кәсіпкер, Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік ашпай тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлға, тәуелді агент арқылы қызметін жүзеге асыратын, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы болып табылатын бейрезидент тұлға үшін орналасқан орны, салықтар және бюджетке төленетін төлемдердің төлеуі бойынша ашылады;
2) Жеке тұлға үшін жеке шоттар:
резиденттің тұрғылықты орны, салықтар және бюджетке төленетін төлемдердің төлеуі бойынша;
бейрезиденттің келу орны бойынша, банктің орналасқан жері бойынша ашылады.
салықтардың (ҚҚС қоспағанда), бюджетке төленетін төлемдердің – осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;
ҚҚС бойынша жеке шот – осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;
ҚҚС сомасын қайтару бойынша – осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;
әлеуметтік төлемдер бойынша – осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша.
1) жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН);
2) төлеушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса);
3) дара кәсіпкердің атауы;
4) бюджеттiк кiрiстердiң сыныптамасы бойынша салық (төлемақы) коды көрсетіледі.
Заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелерінің жеке шоттарын ашу кезінде жоғарыда көрсетілген деректемелерден басқа заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) көрсетіледі.
1) заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркеуін, қайта тіркеуін және таратуын жүзеге асыратын (бұдан әрі – әділет органдары);
2) статистика;
3) салық салу объектілерінің есепке алуын және (немесе) тіркеуін жүзеге асыратын;
4) лицензияларды, куәліктерді немесе өзге де рұқсат ететін құжаттар және хабарлау сипаттағы беретін;
5) Қазақстан Республикасында олардың тұрғылықты орны бойынша жеке тұлғалардың тіркеуін жүзеге асыратын;
6) азаматтық ахуал актілерінің тіркеуін жүзеге асыратын;
7) қамқорлық және қамқоршылық;
8) сот органдары тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар табыс еткен құжаттарды басшылыққа алады.
2-параграф. Жеке шоттарын жүргізу тәртібі
осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес салықтар, бюджетке төленетін төлемдер, әлеуметтік төлемдер және өсімпұлдар сомаларын есепке жазылған (кемітуге) тізілімнің;
осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес салық тексерулерінің нәтижелері мен әкімшілік жазаларды қолдану туралы қаулылар бойынша салықтар, бюджетке төленетін төлемдер, әлеуметтік төлемдер, өсімпұлдар мен айыппұлдар сомаларын есепке жазылған (кемітуге) тізілімнің;
төлеуге қоса берілген төлем құжаттарымен бірге күнделікті түсімдер бойынша ведомосінің;
осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес салықтарды, төлемақылар мен өсімпұлдарды төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту жөніндегі тізілімнің негізінде жүргізіледі.
Жеке шоттың "Есеп айырысулар сальдосы (бересі (-) немесе артық төлем (+))" деген бағаны мынадай арифметикалық әрекет негізінде есептеледі:
"Есеп айырысулар сальдосы (бересі (-) немесе артық төлем (+))" деген баған алу "Есепке жазылған" деген бағаны қосу "Кемітілді" деген баған қосу "Төленді" деген баған алу "Қайтарылды" деген баған қосу "Өзгертілген салық міндеттемесін орындау мерзімі бойынша салық (төлем) сомасы" деген баған.
"Өсімпұлдар сальдосы (бересі (-) немесе артық төлем (+))" деген бағаны мынадай арифметикалық әрекет негізінде есептеледі:
"Өсімпұлдар сальдосы (бересі (-) немесе артық төлем (+))" деген баған алу "Өсімпұл есепке жазылған" деген бағаны қосу "Өсімпұл кемітілді" деген баған қосу "Өсімпұл төленді" деген баған алу "Өсімпұл қайтарылды" деген баған қосу "Өзгертілген салық міндеттемесін орындау мерзімі бойынша өсімпұлдар сомасы" деген баған.
"Айыппұл сальдосы (бересі (-) немесе артық төлем (+))" деген бағаны мынадай арифметикалық әрекет негізінде есептеледі.
"Есепті кезеңнің басына айыппұлдар сальдосы" деген баған алу "Айыппұл есепке жазылған" деген баған қосу "Айыппұл кемітілді" деген баған қосу "Айыппұл төленді" деген баған алу "Айыппұл қайтарылды" деген баған қосу "Өзгертілген салық міндеттемесін орындау мерзімі бойынша айыппұл сомасы" деген баған.
1) бересі бойынша - салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем сомасы:
2018 жылғы 1 қазанға көрсетілетін қызметті алушының жеке шотында көрсетілген "Төлем сальдосы (бересі (-) немесе артық төлем (+)" деген бағанда;
"Есептелген" деген бағанда салықтық тексеру нәтижесі бойынша есептелген және көрсетілетін қызметті алушының жеке шотында көрсетілген, "Төлем мерзімі" деген бағанда 2018 жылғы 1 қазанға дейін төлем мерзімі көрсетілген;
қосымша салықтық есепті ұсыну жолымен көрсетілетін қызметті алушы есептелген "Төлем мерзімі" деген бағанда 2018 жылғы 1 қазанға дейін төлем мерзімі көрсетілген;
2) өсімпұл бойынша - өсімпұл сомасы:
2018 жылғы 1 қазанға көрсетілетін қызметті алушының жеке шотында көрсетілген "Өсімпұл сальдосы (+, -)" деген бағанда;
"Есептелген өсімпұл" деген бағанда салықтық тексеру нәтижесі бойынша есептелген және көрсетілетін қызметті алушының жеке шотында көрсетілген, "Төлем мерзімі" деген бағанда 2018 жылғы 1 қазанға дейін төлем мерзімі көрсетілген;
қосымша салықтық есебі бойынша уақытылы төленбеген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем үшін есептелген, "Төлем мерзімі" деген бағанда 2018 жылғы 1 қазанға дейін төлем мерзімі көрсетілген, "Есептелген өсімпұл" деген бағанда көрсетілген және 2019 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша төленбеген;
3) айыппұл бойынша - көрсетілетін қызметті алушының жеке шотында салықтың сол түрі және ол бойынша бересі төленген, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем бойынша көрсетілген айыппұл сомасы:
"Айыппұл сальдосы" деген бағанда (+, -)" 2018 жылғы 1 қазанға;
"Есептелген айыппұл" деген бағанда тексеру нәтижесі бойынша қосылған, "Есептелген" деген бағанда есептелген салық сомасы мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем көрсетілетін қызметті алушының жеке шотында көрсетілген, "Төлем мерзімі" деген бағанда 2018 жылғы 1 қазанға дейін төлем мерзімі көрсетілген сома айқындалады.
3-параграф. Салық және бюджетке төленетін төлемдердің есептелген (есепке жазылған) сомасын есепке алу
автоматты түрде орналастырылмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы жасауға тиісті салық декларациялары мен есептеулер;
алған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде уәкілетті мемлекеттік органдардан алынған мәліметтер;
көрсетілетін қызметті берушінің шешімдері негізінде жасайды.
1) жанама салықтардың сомаларын есептеу туралы көрсетілетін қызметті берушінің қорытындысы;
2) қайта өңдеу өнімдерін әкелу туралы міндеттеме;
3) қайта өңдеу өнімдерін әкету туралы міндеттеме;
4) қайта өңдеу өнімдерін әкету туралы міндеттеменің орындалуы туралы есеп;
5) қайта өңдеу өнімдерін әкелу туралы міндеттеменің орындалуы туралы есеп;
6) көрме-жәрмеңкелік сауда өткізу туралы хабарлама;
7) көрме-жәрмеңкелік сауда өткізу туралы хабарлама жөніндегі есептің негізінде жасайды.
1) көрсетілетін қызметті алушының атауы және БСН немесе ЖСН;
2) салық (төлемақы) түрі және бюджет сыныптамасының коды;
3) "Есепке жазылған (кемітуге)" деген бағандарда – салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің, әлеуметтік төлемдердің есепке жазылған немесе кемітуге сомасы;
4) оның негізінде жеке шотқа жазба жүргізілетін құжаттың атауы, күні және нөмірі;
5) төлеу кезеңі мен мерзімі;
6) тиісінше тізілімді тапсырған және қабылдаған күні, қызметкерлердің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса) және қолы.
Есепке алудың жүргізілуіне жауапты лауазымды тұлға Есептеу тізілімін алған күні оның негізінде жеке шотқа жазба жүргізілген құжатты - жанама салықтар сомаларын есептеу туралы көрсетілетін қызметті берушінің қорытындысын көрсете отырып, тиісті бюджет сыныптамасының коды бойынша жеке шоттың "Есепке жазылған" деген бағанына есептелген салық сомасының ҚҚС бойынша жеке шотта таратып жазады.
Бұл ретте Салық кодексінің 457-бабының 1-тармағында белгіленген мерзімде тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш қағаз тасымалдағышта ұсынылмаған не оны электрондық түрде алмаған кезде салық сомасына есепке жазылған өсімпұл жеке шоттан іріктеуге жатпайды.
1) салық төлеу мерзімін көрсете отырып, Есептеу тізілімді:
ЕАЭО-на мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына қайта өңдеу үшін алыс-беріс шикізатын әкелген кезде - алыс-беріс шикізатын әкелу күні;
Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-на мүше мемлекеттердің аумағына қайта өңдеу үшін алыс-беріс шикізатын әкеткен кезде - алыс-беріс шикізатын әкету күні;
2) Салықтарды, төлемақыларды және өсімпұлдарды төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімін өзгерту бойынша тізілімді жасайды.
Бұл ретте Салықтарды, төлемақыларды және өсімпұлдарды төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімін өзгерту бойынша тізілімнің 7-бағанында:
Қайта өңдеу өнімдерін әкету туралы міндеттемені тапсырған кезде:
қайта өңдеу өнімдерін әкету туралы міндеттемені орындағаны туралы есепті тапсыру үшін белгіленген мерзімге дейін алыс-беріс шикізатын әкелген күннен бастап салық міндеттемесінің орындалуын өзгерту мерзімі көрсетіледі. Қазақстан Республикасының аумағында алыс-беріс шикізатының қайта өңдеу өнімдерін іске асырған кезде – тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті ұсыну үшін белгіленген мерзімге дейін. ЕАЭО-на мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумағына ЕАЭО мүшесі басқа мемлекеттің аумағынан қайта өңдеу үшін Қазақстан Республикасының аумағына бұрын әкелінген алыс-беріс шикізатының қайта өңдеу өнімдерін одан әрі экспорттаған жағдайда – қайта өңдеу өнімдерін әкету туралы міндеттемені орындағаны туралы есепті ұсыну үшін белгіленген мерзімге дейін, бұл ретте Есепке ЕАЭО мүшесі болып табылмайтын мемлекеттің аумағына тауарларды әкеткен кезде ресімделген жүк кедендік декларациясының көшірмесі қоса беріледі;
Қайта өңдеу өнімдерін әкелу туралы міндеттемені тапсырған кезде:
қайта өңдеу өнімдерін әкелу туралы міндеттемені орындағаны туралы есепті тапсыру үшін белгіленген мерзімге дейін алыс-беріс шикізатын әкеткен күннен бастап салық міндеттемесінің орындалуын өзгерту мерзімі көрсетіледі. Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-на мүше басқа мемлекеттің аумағына бұрын әкетілген алыс-беріс шикізатының қайта өңдеу өнімдерін ЕАЭО-на мүше мемлекеттің аумағында өткізген жағдайда, - тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті тапсыру үшін белгіленген мерзімге дейін көрсетіледі. Қазақстан Республикасының аумағынан қайта өңдеу үшін ЕАЭО-на мүше басқа мемлекеттің аумағына бұрын әкетілген алыс-беріс шикізатының қайта өңдеу өнімдерін ЕАЭО-на мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумағына одан әрі экспорттаған жағдайда – қайта өңдеу өнімдерін әкелу туралы міндеттемені орындағаны туралы есепті тапсыру үшін белгіленген күнге дейін, бұл ретте көрсетілетін қызметті берушіге Есептің орнына кедендік декларация табыс етіледі.
Қайта өңдеу өнімдерін әкету туралы міндеттеме бойынша:
ЕАЭО-на мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына қайта өңдеу үшін алыс-беріс шикізатын әкелген кезде – қайта өңдеу өнімдерін әкету туралы міндеттемені орындағаны туралы есепті тапсыру үшін белгіленген мерзімге дейін. Алыс-беріс шикізатының қайта өңдеу өнімдерін Қазақстан Республикасының аумағында сатқан жағдайда - тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті тапсыру үшін белгіленген мерзімге дейін көрсетіледі. ЕАЭО-на мүше басқа мемлекеттің аумағынан қайта өңдеу үшін Қазақстан Республикасының аумағына бұрын әкелген алыс-беріс шикізатының қайта өңдеу өнімдерін ЕАЭО-на мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумағына одан әрі экспорттаған жағдайда - кедендік декларациясының көшірмесін қоса бере отырып, қайта өңдеу өнімдерін әкету туралы міндеттемені орындағаны туралы есепті тапсыру үшін белгіленген мерзімге дейін табыс етіледі;
Қайта өңдеу өнімдерін әкелу туралы міндеттеме бойынша:
алыс-беріс шикізатын Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-на мүше басқа мемлекеттің аумағына әкеткен кезде - қайта өңдеу өнімдерін әкелу туралы міндеттемені орындағаны туралы есепті тапсыру үшін белгіленген мерзімге дейін. Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-на мүше басқа мемлекеттің аумағына қайта өңдеу үшін бұрын әкетілген алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдерін ЕАЭО-на мүше мемлекеттің аумағында сатқан жағдайда - тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті тапсыру үшін белгіленген мерзімге дейін. Алыс-беріс шикізатының қайта өңдеу өнімдерін ЕАЭО-на мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумағына одан әрі экспорттаған жағдайда - қайта өңдеу өнімдерін әкелу туралы міндеттемені орындағаны туралы есепті тапсыру үшін белгіленген мерзімге дейін.
қайта өңдеу өнімдерін әкеткен кезде - қайта өңдеу өнімдерін әкелу туралы міндеттемені орындау туралы есепті табыс ету үшін белгіленген күн;
қайта өңдеу өнімдерін әкелген кезде - қайта өңдеу өнімдерін әкету туралы міндеттемені орындау туралы есепті табыс ету үшін белгіленген күн.
Есепке алуды жүргізетін жауапты лауазымды тұлғаға Есептеу тізілімді және Салықтарды, төлемақыларды және өсімпұлдарды төлеу бойынша салық міндеттемелерін орындау мерзімін өзгерту жөніндегі тізілімді алған күні ҚҚС бойынша жеке шоттың "Кемітілді" деген бағанына, сондай-ақ "Төлеу (өтеу кестесі) бойынша салық міндеттемелерінің орындалуын өзгерту (тоқтата тұру) жөніндегі мәліметтер" деген бағанына салықтың есептелген сомаларын таратып жазуды жүргізеді.
Есептеуге арналған тізілім оны жасаған күні есепке алуды жүргізетін жауапты лауазымды тұлғаға жіберіледі.
Есепке алуды жүргізетін жауапты лауазымды тұлға Есептеуге арналған тізілімді алған күні көрме-жәрмеңкелік саудада өткізілген тауарлар бойынша бюджеттік сыныптаманың тиісті коды бойынша көрме-жәрмеңкелік сауданы ұйымдастырушының жеке шотындағы "Есептелді" деген бағанда есептеуге салықтың есептелген сомаларын таратып жазуды жүргізеді.
Көрме-жәрмеңкелік сауданы ұйымдастырушы көрме-жәрмеңкелік сауданы өткізгені туралы хабарлама негізінде көрме-жәрмеңкелік сауданы өткізгені туралы хабарлама бойынша есепті табыс еткен кезде, көрсетілетін қызметті алушы жанама салықтар жөнінде салық міндеттемелерін орындауына бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлға Есептеуге арналған тізілімді жасап және оны есепке алуды жүргізетін жауапты лауазымды тұлғаға береді. Осы Тізілімнің негізінде бюджеттік сыныптаманың тиісті коды бойынша көрме-жәрмеңкелік сауданы ұйымдастырушының жеке шотындағы "Есепке жазылған" деген бағанына жазба жүргізіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы қосымша салық есептілігін (оның ішінде хабарлама бойынша қосымша) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың ережелеріне сәйкес шетелдік валютада табыс еткен кезде, бюджетке есептелген салықтар мен төлемдердің сомасы көрсетілетін қызметті алушының жеке шотында салық есептілігін берген күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған, валюта айырбасының нарықтық бағамын қолданумен ұлттық валютада көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушыға тексеру нәтижелері туралы хабарламаны шетелдік валютада жіберген жағдайда, бюджетке салықтар мен төлемдердің сомасы көрсетілетін қызметті алушы жеке шотында хабарламаны жіберген күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған, валюта айырбасының нарықтық бағамын қолданумен ұлттық валютада көрсетіледі.
Салық есептілігін табыс еткен күнге және салықты, төлемді бюджетке төлеу күніне белгіленген валюта айырбасының нарықтық бағамының өзгеруінен көрсетілетін қызметті алушы жеке шотында туындаған валюта бағамындағы айырма сомасы жеке шоттың "Есепке жазылған" немесе "Кемітілді" деген бағандары бойынша тиісті жазба жүргізу жолымен түзетіледі.
4-параграф. Жеке тұлғалардың жеке шоттарындағы салықтардың есептелген сомасының есебі
Осы мәліметтердің негізінде міндеттемелердің орындалуына бақылау бойынша лауазымды тұлға әрбір жеке тұлға - көрсетілетін қызметті алушы, оның ішінде резидент емес - салық төлеушіге жеке тұлғаларға салынатын мүлік салығы, жер салығы, көлік құралдарына салықты есептеуді жүргізеді және көрсетілетін қызметті беруші есептеген салықтар сомасы туралы хабарлама жазып береді.
Көрсетілетін қызметті беруші есептеген салықтың сомасы туралы хабарламаның негізінде жеке шотта көрсету үшін Есептеуге арналған тізілім толтырылады.
5-параграф. Салық тексерулерінің актілері бойынша салықтар мен төлемдердің есебі
1) салықтық тексерудің нәтижелері туралы;
2) тарату салық есептілігін табыс еткен күннен бастап тарату салық тексеруі аяқталған күнге дейінгі кезең ішінде салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің, әлеуметтік төлемдердің есептелген сомалары туралы;
3) көрсетілетін қызметті алушы салық тексеруінің нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) хабарламаға шағымды қарау нәтижелері туралы хабарламалар жіберіледі.
1) көрсетілетін қызметті алушының атауы;
2) БСН немесе ЖСН;
3) салықтың (төлемнің) атауы;
4) бюджет кірісі жіктемесінің коды;
5) хабарлама нөмірі және күні;
6) салық тексеруі аяқталған күн (салық тексеруінің актісі серверде өңделген күн);
7) салықтың (төлемнің), өсімпұлдардың сомасы;
8) салық тексеруі нәтижелері бойынша есептелген сомаларды төлеу мерзімін ұзарту туралы деректер;
9) "Хабарлама бойынша есептеуге (кемітуге)" бағанында - осы Қағидалардың 53-тармағында көрсетілген хабарламалардың негізінде есептеуге немесе кемітуге салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің, өсімпұлдардың, әлеуметтік төлемдердің сомасы;
10) "Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы бойынша есептеуге" бағанында - қаулылар негізінде айыппұлдар сомасы көрсетіледі.
салықтың (төлемнің) сомасы;
өсімпұлдар сомасы;
айыппұл сомасы көрсетіледі.
Бұл ретте есеп жүргізуге жауапты лауазымды тұлға жеке шоттарға көрсетілген сомалардың толықтығын және дұрыстығын тексереді.
Бұл ретте салықтардың және басқа міндетті төлемдердің аталған сомасы бюджетке төлеу мерзімінің ұзартылған әрбір күні үшін өсімпұлды есептеумен төленуге жатады және осы кезеңнің әрбір 15 (он бес) жұмыс күні сайын тең үлестермен төленеді.
6-параграф. Салықтар мен бюджетке төленетін төлемдер түсімдерінің есебі
1) салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің түскені туралы төлем құжаттары;
2) артық немесе қате есептелген салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды есепке жатқызуға және қайтаруға мемлекеттік кіріс органдарының төлем тапсырмалары;
3) салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің төленген соммалары туралы "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар берген мәліметтер мен ақпараттар.
1) жазба жүргізу күні;
2) төлем құжатының нөмірі және күні;
3) көрсетілетін қызметті алушы, төлемдерді банкомат және өзге де электронды құрылғылар арқылы енгізу күні және жүзеге асыру күні) банктік шотынан салық және төлемдерді есептен шығарған күн;
4) салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді есептеу күні;
5) салықтың (төлемнің), өсімпұлдардың, айыппұлдардың сомасы;
6) есепке жатқызу кезінде - есепке жатқызу жүзеге асырылатын бюджет кірістері жіктемесінің коды көрсетіле отырып, автоматты түрде көрсетіледі.
1) қолма-қол ақшасыз төлемді жүзеге асыру кезінде банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың салықтар мен бюджетке төлемдерді төлеуге төлем тапсырмасын, банкоматтар арқылы төлеу күнін немесе электрондық терминалдар арқылы орындауға алған күні;
2) бюджетке қолма-қол ақшамен төлеген жағдайда - банктерге немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, уәкілетті органдарға, жергілікті атқарушы органдарға көрсетілетін қызметті алушы ақша енгізген күн;
3) есепке жатқызуды жүргізу күні есептеледі.
Қателер бойынша хаттамада төлем құжатының күні мен нөмірі, сомасы, көрсетілген сома жатқызылуы тиіс болған бюджет жіктемесінің коды, көрсетілген сома жатқызылуы тиіс болған бюджет жіктемесінің коды көрсетіле отырып, қателердің себебі көрсетіледі.
Қателер бойынша хаттаманы есеп жүргізуді жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшенің басшысы бекітеді.
Қате төленген салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, айыппұлдардың, өсімпұлдардың сомаларын есепке жатқызу, қайтару қателер бойынша хаттама негізінде қате төлеу фактісі табылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күн ішінде жүргізіледі.
Төлемдер журналы бюджет кірісі жіктемесінің коды бойынша жүргізіледі.
7-параграф. Салықтарды, төлемдерді және өсімпұлдарды төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту кезіндегі есеп
Көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарағаннан және салықтарды, төлемдерді және өсімпұлдарды төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешім шығаруға уәкілетті орган шешім шығарғаннан кейін міндеттемелердің орындалуын бақылау бойынша лауазымды тұлға:
1) осы Қағидаға 11-қосымшаға сәйкес салықтарды, төлемдерді және өсімпұлдарды төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімдерінің өзгергенін тіркеу журналы;
2) салықтарды, төлемдерді және өсімпұлдарды төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімдерінің өзгеруі бойынша тізілім жүргізеді.
Салықтарды, төлемдерді және өсімпұлдарды төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту бойынша тізілімді жеке шотта көрсетілген салықтар сомасын көрсету үшін салықтарды, төлемдерді және өсімпұлдарды төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімдерінің өзгеруі туралы шешім қабылданған күні есеп жүргізуге жауапты лауазымды тұлғаға міндеттемелердің орындалуын бақылау бойынша лауазымды тұлға береді.
"Төлеу мерзімі" бағанында бекітілген салықты, төлемді төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау кестесіне сәйкес салықты, төлемді төлеу күні көрсетіледі;
"Салықтың (төлемнің) сомасы" бағанында салықты, төлемді төлеу мерзімін өзгертумен, салықтың, төлемнің жалпы сомасы көрсетіледі;
"Өсімпұлдың сомасы" бағанында өсімпұлды төлеу мерзімін өзгертумен, өсімпұлдың жалпы сомасы көрсетіледі;
"Өтеу кестесі" бағанында салықтарды, төлемдерді және өсімпұлдарды төлеу бойынша Салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту бойынша тізілімде көрсетілген салықты төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау кестесіне сәйкес төлеу мерзімі өзгертілген салықтың, төлемнің және өсімпұлдың сомасы көрсетіледі.
"Өтеу кестесі" бағанындағы төлеу мерзімі өзгертілген салық сомасының жиынтығы "Салықтың (төлемнің) сомасы" бағанындағы салықтың, төлемнің, өсімпұлдың жалпы сомасына тең болуы тиіс.
Төлеу мерзімдері өзгертілген салық, төлем сомасының өтелуіне қарай жеке шоттың "Салықтың (төлемнің) сомасы" бағаны бюджетке түскен бюджеттердің сомасына азайтылатын болады.
Көрсетілетін қызметті алушының төлеу мерзімі өзгертілген салықтың, төлемнің сомасын толық өтеген жағдайда жеке шоттың "Салықтың (төлемнің) сомасы" бағанының жиынтығы нөлге тең болады.
Жеке шотта "Салықтың (төлемнің) сомасы" бағанында төлеу мерзімі өзгертілген, төлемнің барлық сомасы жүргізіледі, бірақ "алу" белгісімен, соның нәтижесінде "Салық сомасы" бағанының жиынтығы төлеу мерзімі өзгертілген, төлемнің барлық сомасы өтелгеннен кейін не көрсетілетін қызметті алушы салықтарды, төлемдерді төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту шарттарын бұзғанда нөлге тең болуы тиіс.
Уәкілетті орган өтінішті қарағаннан және шешім қабылдағаннан кейін өтініш салықтарды, төлемдерді және өсімпұлдарды төлеу бойынша салық міндеттемесін орындаудың өзгерген мерзімдерін тіркеу журналына тіркеуге жатады. Уәкілетті органның шешімі негізінде міндеттемелердің орындалуына бақылау бойынша лауазымды тұлға салықтарды, төлемдерді және өсімпұлдарды төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту жөніндегі тізілімді толтырады және есеп жүргізуге жауапты лауазымды тұлғаға береді.
1) осы Қағидаға 13-қосымшаға сәйкес Акционерлік қоғамдардың салық берешегінің сомаларын төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімдерін тоқтата тұруды тіркеу журналы;
2) осы Қағидаға 14-қосымшаға сәйкес өтеу үшін сот шешімі бойынша жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару жүргізілген акционерлік қоғам салық берешегінің сомаларын төлеу бойынша салық міндеттемелерін орындау мерзімдерін тоқтата тұру жөніндегі тізілім жүргізеді.
Өтеу үшін сот шешімі бойынша жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару жүргізілген акционерлік қоғам салық берешегінің сомаларын төлеу бойынша салық міндеттемелерін орындау мерзімдерін тоқтата тұру жөніндегі тізілімді міндеттемелердің орындалуына бақылау бойынша лауазымды тұлға акционерлік қоғамдардың салық берешегі сомаларын төлеу бойынша салық міндеттемесінің орындалу мерзімдерін тоқтата тұру туралы сот шешімі алынған күні есеп жүргізуге жауапты лауазымды тұлғаға береді.
Акционерлік қоғамның жеке шотында мынадай жазбалар жүргізіледі:
1) "Операциялардың мазмұны" бағанында:
жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару туралы сот шешімі бойынша төлеу мерзімін тоқтата тұру;
жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару туралы сот шешімінің күшіне енген күні;
жарияланған акцияларды орналастырудың (сатудың) аяқталу күні көрсетіледі;
2) "Төлеу мерзімі" бағанында сотқа талап-арыз берілген күн және жарияланған акцияларды орналастырудың (сатудың) аяқталу мерзімі көрсетіледі;
3) "Салық берешегінің сомасы" бағанында өтеу үшін сот шешімі бойынша жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару жүргізілген акционерлік қоғам салық берешегінің сомасы көрсетіледі.
Жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару туралы сот шешімінің күшіне ену күнінен бастап оларды орналастырудың (сатудың) аяқталу күніне дейін жеке шотта өсімпұл есептелмейді.
1) "Төлеу мерзімі" 4-бағанында мынадай күндердің бірі көрсетіледі:
импортталатын өнеркәсіптік қайта өңдеуге арналған тауарлар бойынша ҚҚС өтеу үшін белгіленген төлеу күні;
импортталатын су, газ, электр қуаты бойынша ҚҚС өтеу үшін белгіленген төлеу күні;
2) "Есепке жазылған" 7-бағанында салық есептілігінің деректері бойынша төлеу мерзімі өзгертілген импортталатын тауарлар бойынша ҚҚС сомасы көрсетіледі.
1) толық атауы;
2) БСН;
3) бюджет кірісінің жіктемесі бойынша салықтың (төлемнің) коды;
4) ҚҚС бойынша жеке шотта - ҚҚС бойынша тіркеуге қою туралы куәліктің нөмірі көрсетіледі.
8-параграф. Әлеуметтік төлемдердің есебі
Әлеуметтік аударымдарды есепке алу "Әлеуметтік аударымдарды есептеу және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерін бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы № 683 қаулысының негізінде жүргізіледі.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдерін және Аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын төлеушілерге қайтаруды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 478 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15361 болып тіркелген) негізінде жүргізіледі.
1) заңды тұлғаларға, олардың құрылымдық бөлімшелеріне - орналасқан орны бойынша;
2) дара кәсіпкерлерге, жеке практикамен айналысатын тұлғаларға - орналасқан (тұрғылықты) орны бойынша ашылады.
Есепке бұрынғы қызметкерге акцепт жүргізілгені туралы банктің белгісімен бірге, міндетті зейнетақы жарналары мен өсімпұл сомаларын аудару фактісін растайтын төлем құжатының көшірмесі қоса беріледі.
Бұрынғы қызметкерінің банктік шотына аударылған міндетті зейнетақы жарналары мен өсімпұлдар сомасына жеке шотта азайту жүргізіледі.
"Ағымдағы күнтізбелік күн" бағанында - операцияларды жазбасы күні көрсетіледі;
"Операцияның мазмұны" бағанында – тиісті құжаттарды көрсетумен, әлеуметтік төлемдер мен өсiмақылардың есептелген, есепке жазылған, аударылған және түскен сомалары туралы жазба;
"Төлеу мерзімі" бағанында - төлеу мерзімі зейнетақымен қамтамасыз ету, әлеуметтік сақтандыру, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамаға сәйкес агент тапсырған салық есептілігінің негізінде немесе салық тексеруі нәтижесі бойынша төлеу мерзімі;
"Банк шотынан есептен шығару күні" бағанында - төлем құжатында көрсетілген күн;
"Есептеу күні" бағанында - әлеуметтік төлемдер бойынша Мемлекеттік корпорациядан алынған тізілім күні көрсетіледі;
"Есепке жазылған" бағанында - төлеушінің салық есептілігінің және (немесе) салық тексеруі нәтижелерінің негізінде әлеуметтік төлемдердің есептелген және есепке жазылған сомасы;
"Кемітілді" бағанында - төлеушінің салық есептілігінің және (немесе) салық тексеруі нәтижесінің негізінде азайтылуға жататын сома;
"Төленді" бағанында - төлем құжаттары негізінде түсімдер сомалары;
"Қайтарылды" бағанында - қате аударылған сомаларды қайтарулар сомасы;
"Есеп айырысу сальдосы (Бересі) (-) немесе (Артық төлеу (+)" бағаны мынадай арифметикалық әрекет негізінде есептеледі:
"Есептік кезеңнің басына есеп айырысу сальдосы" бағаны алу "Есептелді" бағаны қосу "Азайтылды" бағаны қосу "Төленді" бағаны алу "Қайтарылды" бағаны;
"Өсімпұл сомасы" бағанында - табыстың нақты төленуі шартында агенттердің уақтылы аудармаған әлеуметтік төлемдер сомасына есептелген тұрақсыздық сомалары;
"Кезең ішінде" бағанында - өсімпұлдарды есептеу немесе азайту жүргізілген кезең;
"Өсімпұл төленді" бағанында әлеуметтік төлемдер түсімдері мен қайтарулары тізілімі және оларға төлем құжаттары негізінде өсімпұл сомалары;
"Өсімпұл сальдосы" есептелген және төленген өсімпұлдар арасындағы айырма;
"Қайтаруларды шегере отырып жыл басынан енгізілді" бағанында әлеуметтік төлемдердің келіп түскен, сондай-ақ қате аударылған тізілімдер мен төлем құжаттарының негізінде жүргізіледі.
1) БСН немесе ЖСН дұрыс көрсетілмеу;
2) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік дерекқорында жоқ агент бойынша төлем құжатын алуы;
3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік дерекқорында тіркелген, бірақ орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша бірде бір мемлекеттік кіріс органында тіркелмеген агент бойынша төлем құжатын алуы;
4) банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның:
электронды төлем құжатын дұрыс емес ресімдеу;
деректемелердің ақша жіберушінің төлем құжатында көрсеткен деректемелерге сәйкес келмеуі;
әлеуметтік төлем сомасын қайта беру төлем құжаттары олардың тиесілілігі анықталғанға дейін көрсетілетін қызметті алушының жеке шотында көрсетілмеу себептері бойынша көрсетілетін қызметті алушыны анықтауы мүмкін емес.
Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорациядан электрондық төлем құжаттарын қабылдағаннан кейін міндетті түрде күн сайын "анықталмаған төлемдерді" анықтау бойынша жұмыстарды жүргізеді.
түзетілген БСН немесе ЖСН;
жеке шотқа енгізу күні;
міндетті зейнетақы жарналар, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша жеке шотына жазба жүргізген көрсетілетін қызметті берушінің атауы.
Бұл ретте міндеттемелердің орындалуына бақылау жөніндегі лауазымды тұлға есеп жүргізуге жауапты лауазымды тұлғаға:
1) көрсетілетін қызметті алушының толық атауы;
2) БСН немесе ЖСН;
3) есептен шығару күні;
4) төлеуші ауысатын көрсетілетін қызметті берушінің атауы көрсетілетін тізімді береді.
Егер көрсетілетін қызметті алушы орналасқан орны бойынша дара кәсіпкер ретінде бір мемлекеттік кіріс органында тіркелген, ал өзі басқа ауданда тұратын болса, онда міндетті зейнетақы жарналар, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша төлем құжаттары ол орналасқан (тұрғылықты) орны бойынша тіркелген мемлекеттік кіріс органына жіберіледі, бұл жағдайда өсімпұл төлеу күні ескеріле отырып, автоматты режимде қайта есептеледі.
1) төлем құжатының деректерінен жіберушінің атауы, төлемнің мәтіндік белгіленуі және басқа белгілері бойынша агентті анықтау;
2) міндетті зейнетақы жарналардың, әлеуметтік аударымдардың, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдардың және (немесе) жарналардың тиесілігін анықтаған жағдайда аталған сомаларды агенттердің жеке шоттарына таратып жазуы қажет.
1-параграф. Жеке шоттардағы өсімпұл есептеу тәртібі
Әлеуметтік төлемдерді уақтылы аудармағаны үшін өсімпұл әрбір кешіктірілген күнге міндетті зейнетақы жарналарын төлеу күні мерзімінен бастап, төлеу күнін қоса Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің 1,25 еселенген мөлшерінде әрбір мерзімі өткен күнге есептеледі.
1) мерзімі өткен бересі қалдығын өзгертетін әрбір есеп операцияларынан кейін;
2) әрбір айдың соңында төлеу мерзімі аяқталған күннен кейінгі уақыттан бастап немесе соңғы өсімпұл есептеу күнінен бастап;
3) берешегінің жоғы және (немесе) бары туралы мәліметтерін беру кезінде жүргізіледі.
Жеке шоттың "Өсімпұл төленді (қайтарылды)" бағанында негізгі төлем төлеуге төленген немесе қайтарылған (есептелген) өсімпұл сомасы көрсетіледі.
Негізгі төлем төлеуіне бұрын аударылған немесе есептелген өсімпұл сомасының кемуі "Өсімпұл сомасы" бағанында "-" белгісімен көрсетіледі.
"Өсімпұл сальдосы" бағанында өсімпұл сомасының төленбеген қалдығы көрсетіледі.
1) салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, әлеуметтік төлемдерді төлеуге банк шотынан ақшаны шығару күні;
2) банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар, немесе тиісті уәкілетті мемлекеттік орган салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, әлеуметтік төлемдерді төлеуге қолма қол ақша енгізу күні;
3) банкоматтар және өзге де электронды құрылғылар арқылы төлемді жүзеге асыру күні;
4) салықтың, бюджетке төленетін төлемның артық төлеген сомасын жүргізу күні ескеріледі;
5) табыс салығының шартты банк салымына аудару күні ескеріледі.
Салық тексерулері нәтижесінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктер мен ұйымдарға есептелген өсімпұлдар салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың, өсімпұлдардың және айыппұлдардың есептелген (кемітілген) сомалары туралы тізілім (бүдан әрі - Тізілім) негізінде өткізіледі.
Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктер мен ұйымдарға есептелген және төленген өсімпұлдар сомасына салық тексерулері нәтижесінде бюджет кірістерін сыныптау кодтарына сәйкес жеке шоттар ашылады.
"Операцияның мазмұны" бағанасында "Тексеру акті бойынша есепке жазылған" тиісті жазба жүргізіледі.
Жеке шоттың "Есепке жазылған өсімпұлдар" бағанында тізілімде көрсетілген өсімпұлдар сомасы көрсетіледі.
1) көрсетілетін қызметті алушының атауы – таратылатын банктің кредиторы;
2) БСН;
3) өсімпұлдар есептелмейтін бересі сомасы;
4) банкті мәжбүрлеп жою туралы шешімнің күшіне ену күні көрсетіледі. Есеп бөлімі қызметкері көрсеткен күннен бастап жеке шоттағы өсімпұлдар есептеу тоқтатылады.
Тізімде:
1) көрсетілетін қызметті алушының атауы;
2) БСН;
3) өсімпұлдар есептелмейтін бересі сомасы;
4) жарияланған акцияларды мәжбүрлі түрде шығару туралы сот шешімінің күшіне ену күні;
5) мәжбүрлі түрде шығарылған жарияланған акцияларды орналастырылудың аяқталу күні көрсетіледі.
Тізімде:
1) жеке тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса);
2) БСН;
3) өсімпұлдар төленбейтін бересі сомасы;
4) жеке тұлғаны із-түссіз жоқ деп тану туралы сот шешімінің күшіне енген күні;
5) жеке тұлғаны із-түссіз жоқ деп тану туралы сот шешімі күшін жойған күні көрсетілуі тиіс.
Жеке тұлғаны із-түссіз жоқ деп тану туралы сот шешімі күшін жойған жағдайда өсімпұлдар аталған шешім күшін жойған күннен бастап өсімпұлдар есептеледі.
Негізсіз есептелген салықтардың, төлемдер мен өсімпұлдардың сомаларын түзету жөніндегі жазбалар Есептеуге арналған тізілімнің негізінде жүргізіледі.
П = (H * P/ 100 * 2,5 * Д)/ 365, мұнда:
П - есептелген өсімпұлдар сомасы;
Н - бересі сомасы;
Р - қайта қаржыландыру ставкасы;
Д - мерзімі өткен күндер саны.
2-параграф. Айыппұлдарды есептеу тәртібі
Салық салу, кедендік реттеу саласындағы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы, міндетті әлеуметтік сақтандыру, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамаларын құқық бұзушылықтар үшін есептелген айыппұлдар сомасын жеке шотта көрсету үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс қозғаған лауазымды тұлға не оның басқармасының (бөлімнің) басшысы толтырады және есепті жүргізуге жауапты лауазымды тұлғаға салық тексерулері мен әкімшілік жазаларды қолдану туралы қаулылардың нәтижелері бойынша салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің, әлеуметтік төлемдердің, өсімпұлдар мен айыппұлдардың сомаларын Есептеуге (кемітуге) арналған тізілім (осы тараудың мақсатында бұдан әрі – Тізілім) ұсынылады.
Қаулыны орындау мерзімінің аяқталуына байланысты орындалуы мүмкін емес айыппұл сомасын есептен шығару жөніндегі жазба алу белгісімен Тізілімнің негізінде жеке шоттың "Айыппұл (кемітілді) есепке жазылған" бағанында жүргізіледі.
3-параграф. Көрсетілетін қызметті берушінің жеке шоттарын есепке алу және беру
1) мыналар:
жеке тұлғаның тұрғылықты (болу) жері;
мыналардың:
дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың;
резидент заңды тұлғаның, оның құрылымдық бөлімшелерінің, сондай-ақ шетелдік заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерінің;
Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік ашпай, тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғаның;
Салық Кодекстің 220-бабының 3-тармағына сәйкес бейрезиденттің тұрақты мекемесі ретінде қарастырылатын тәуелді агенттің;
Салық Кодекстің 650-бабының 8-тармағына сәйкес салық агенті болып табылатын бейрезиденттің орналасқан жері өзгерген кезде жүргізіледі.
Осы тармақшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушы жеке шоттарын беру Салық кодексінің 77-бабы 1-тармағында көзделген негіздер бойынша;
2) заңды тұлға қайта ұйымдастырылған кезде - БСН ұлттық тізілімінің мәліметтері негізінде;
3) бейрезидент заңды тұлға корпоративтік табыс салығын төлеу және ол бойынша декларация табыс ету тәртібіне осы бейрезидент заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемелердің тобы бойынша жинақталып, оның тұрақты мекемелерінің бірі арқылы ауысқан кезде, - Салық Кодекстің 220-бабында көзделген хабарлама негізінде; салықтарды және бюджетке төленетін төлемдердің қате төлеуіне байланысты;
4) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесін есептік тіркеуден шығарған кезде заңды тұлғаның жеке шотына - БСН ұлттық тізілімінің мәліметтері негізінде жүргізіледі.
1) біріккен, қосылған кезде – беру актісі негізінде;
2) бөлінген, бөлініп шыққан кезде – бөліну балансы негізінде жүргізіледі.
Заңды тұлға бөліну жолымен қайта ұйымдастырылған кезде қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның жеке шотын беру салықтық тексеру аяқталған соң және тексеру нәтижелері қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның жеке шотында көрсетілгеннен кейін жүргізіледі.
1) көрсетілетін қызметті алушының атауы;
2) БСН немесе ЖСН;
3) тіркеу есебінен шығару күні;
4) тіркеу есебінен шығару себебі;
5) көрсетілетін қызметті алушы ауысатын көрсетілетін қызметті берушінің атауы.
Жеке шоттар электронды тасығыштарда беріледі.
4-параграф. Заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру кезінде жеке шоттарын есепке алу және беру
Қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның жеке шоттары беру актісі немесе бөліну балансы негізінде жүргізіледі.
Қайта ұйымдастырылған заңды тұлғада бірнеше құқық мирасқоры болған жағдайда жеке шоттың сальдосы қайта ұйымдастыру кезінде құқық мирасқоры алған мүліктегі үлесі бойынша таратылады.
5-параграф. "Бюджетпен есеп айырысулар жай-күйі туралы, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер бойынша жеке шоттан үзінді көшірме беру" және "Есебі мемлекеттік кірістер органында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді беру" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі
"Есебі мемлекеттік кірістер органында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді беру" мемлекеттік қызметті алу үшің қызметті алушылар есебі қызмет берушімен жүргізілетін, көрсетілетін қызметті берушіге берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді (бұдан әрі - берешегiнiң жоқ (бар) туралы мәліметтер) алу үшін сұрау электронды түрде www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жібереді.
1) әділет органына – әділет органдарының сұрау салуы негізінде;
2) ішкі істер органдарына – олардың сұрау салуы бойынша беріледі.
1) мемлекеттік органдарға және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында осындай мәліметтерді беру көзделген адамдарға - осындай органның және (немесе) адамның сұрау салуы бойынша;
2) электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысушы көрсетілетін қызметті алушыға - оның сұрау салуы бойынша беріледі.
Берешектің болмауы (болуы) туралы мәліметтерде салықтарды, төлемақыларды, өсімпұлдарды төлеу бойынша салықтық міндеттемелерді орындау, оңалту рәсімін қолдану мерзімін өзгерткен кезде, сонымен бірге салық берешегі және көрсетілетін қызметті алушының әлеуметік төлемдер бойынша, банкрот болып танылған – қызметті алушы банкрот болып тану туралы соттың шешімі заңдық күшіне ену күнінен, Заңымен белгіленген банкрот рәсімі өткізуі кезеңіне салық берешегі көрсетілмейді.
Берешектің болмауы (болуы) екендігі туралы мәліметтерде барлық көрсетілетін қызметті беруші жеке шоттар бойынша мәліметтер алынған уақыты мен күні көрсетіледі.
4-тарау. Салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің және өсімпұлдардың артық төленген сомаларын есепке жатқызу және қайтару есебі
1-параграф. Салықтың (қосылған құн салығын қоспағанда), төлемақының, алымның және өсімпұлдың артық төленген сомасын айқындау тәртібі
егер осы салық, төлем, өсімпұл бойынша есепке жатқызу және (немесе) қайтару күнгі жеке шотта қалыптасқан оң сальдосы алдыңғы 5 (бес) күнтізбелік жыл үшін төленген сомалар қорытындысы аз немесе тең болғанда - жеке шоттың оң сальдосы шегінде;
егер осы салық, төлем, өсімпұл бойынша есепке жатқызу және (немесе) қайтару күнгі жеке шотта қалыптасқан оң сальдосы алдыңғы 5 (бес) күнтізбелік жыл үшін төленген сомалар қорытындысы аз немесе тең болғанда - алдыңғы 5 (бес) күнтізбелік жыл үшін төленген сомалар шегінде.
Бұл ретте артық төленген салық, төлемақы, алым, өсімпұл сомасы жатқызу немесе қайтару есепке жатқызу және (немесе) қайтару жүргізуге салықтық өтініш берілген, салық, төлем бойынша жеке шотты ашудың бірінші күннен бастап өспелі қорытындымен есептелген, есепке жазылған (кемітілген), төленген, есепке жатқызылған, қайтарылған сомаларын ескере отырып, осы жеке шот бойынша бір мезгілде мынадай шарттар сақталғанда жүргізіледі:
"Есепке жазылған" бағаны бойынша жиынтық сомасы "Кемітілді" бағаны бойынша қорытынды сомадан артық болуы тиіс;
"Төленді" бағаны бойынша жиынтық сомасы "Қайтарылды" бағаны бойынша қорытынды сомадан артық болуы тиіс.
Бұл ретте есепке алынуға және (немесе) қайтаруға жататын салықтың, төлемнің, өсімпұлдың артық төленген сомасы осы салық, төлем, өсімпұл бойынша есепке жатқызу және (немесе) қайтару күнгі қалыптасқан жеке шотта оң сальдосынан артпауы тиіс.
Есепке алынуға және (немесе) қайтаруға жатпайтын салықтың, төлемнің, өсімпұлдың артық төленген сомасы салықтың, төлемнің, өсімпұлдың осы түрі бойынша алдағы төлемдердің есептеледі.
2-параграф. "Салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұл мен айыппұлдарды есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізу" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжат ұсынылады.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды электрондық түрде ұсынған кезде - көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы салықтық өтініш портал арқылы қабылданады.
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін береді.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы уәкілетті лауазымды адамдардың ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанында алады.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды және мәліметтерді талап етуге жол берілмейді.
Мемлекеттік корпорациясына жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы осы Қағиданың 22-қосымшасының 8-тармағымен көзделген тізбеге сәйкес толық құжаттар топтамасын табыс етпеген жағдайда, Мемлекеттік корпорациясының қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
Салықтық өтініш портал арқылы берілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушылар құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға келу тәртібімен тапсырған кезде – Мемлекеттік корпорация қызметкері көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжататрды тексереді, және қабылданған құжаттарды көрсетілетін қызметті беуршіге курьер қызметі арқылы жолдайды.
Көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдауға жауапты құрылымдық бөлімшесі құжаттар түскен күні ұсынылған құжаттарды қабылдайды, тексереді және тіркейді (көрсетілетін қызметті алушы 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштер мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағиданың 22-қосымшасының 8-тармағымен көзделген тізбеге сәйкес көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
Тапсырылған құжаттар толық болған жағдайда құжаттарды өңдеуге жауапты қызметкер оларды алған күні құжаттарды одан әрі өндеу үшін ОБЖШ АЖ-не енгізеді.
Қызметті алушының дербес шотында көрсетілген салықтың, бюджетке төлемнің, айыппұлдың, өсімпұлдың немесе дербес шот жүргізілмейтін төлемдер бойынша артық төленген сомасы болған кезде ОБЖШ АЖ салық, бюджетке төленетін төлем, айыппұл, өсімпұл сомасын есепке жатқызуды немесе қайтаруды жүргізуге арналған төлем тапсырмасын қалыптастырады. Төлем тапсырмасын қалыптастырғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде құжаттарды өңдеуге жауапты қызметкер ЭЦҚ төлем тапсырмасына қол қояды. Қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ төлем тапсырмасына қол қойылғаннан кейін оны бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға жіберу жүргізіледі.
Заңның 5 бабы 2-тармағының 11)-тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті берушілер мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен енгізуді қамтамасыз етеді.
Портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі немесе Салық кодексінің 101-бабында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті алушының лауазымды адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі ақпарат түрінде жолданады;
салық кодексінің 101-бабында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жуап қағаз тасығышта жіберіледі.
Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке басын куәландыратын құжатты (не өкілдің тиісті өкілеттіктері көрсетілетін Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берілген құжаттың негізінде әрекет ететін оның өкілі) көрсеткен кезде тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті берушімен, Мемлекеттік корпорациямен уақытында қажет етілмеген құжаттарды сақтау шарттары:
көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алуға келмеген жағдайда көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды көрсетілетін қызметті алушы алғанға дейін сақтайды;
Мемлекеттік корпорация құжаттардың 1 (бір) ай сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге сақтауға береді.
Көрсетілетін қызметті алушы 1 (бір) ай мерзім өткеннен кейін жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) күн ішінде дайын құжаттарды Мемлекеттік корпорация көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін жолдайды.
1) көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде);
2) БСН немесе ЖСН;
3) көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы;
4) артық төленген сомасы пайда болған салықтың немесе басқа міндетті төлемнің түрі;
5) есепке жатқызуға немесе қайтаруға жататын сома;
6) артық төленген сома есептелетін салықтың, төлемақының коды мен түрі;
7) банк шотына қайтарылған жағдайда – көрсетілетін қызметті алушының банктік шотының нөмірі және банк және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның атауы, сондай-ақ олардың деректемелері.
172 Дара кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлғаның осыған ұқсас салықтық өтінішінде мыналар көрсетіледі:
1) көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде);
2) БСН немесе ЖСН;
3) көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы;
4) жеке куәлік, төлқұжат немесе оны ауыстыратын құжаттың нөмірі және кім бергені;
5) артық төленген сома пайда болған салықтың немесе төлемнің атауы;
6) есепке жатқызуға, қайтаруға жататын сома;
7) артық төленген сома есептелетін салықтың түрі мен коды;
8) жеке тұлғаның артық төленген салық сомасын қайтаруды жүргізу қажет банктік шотының нөмірі және банк және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның атауы.
"Электрондық үкімет" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы төлемнің бар-жоғы туралы ақпаратты алған кезде, бюджетке төленетін артық (қате) төлемдерді есепке алу және қайтару, олар бойынша жеке шоттар жүргізілмейді, бюджетке төлемдерді төлеуді қарастыруды жүзеге асыру үшін уәкілетті мемлекеттік органның аяқталмаған іс-әрекеттерін растайтын ЭҮТШ-дан алынған электронды төлемді растау негізінде мемлекеттік кірістер органымен жүргізіледі.
Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттеріне есептелетін салықтардың, бюджетке төленетін төлемнің артық (қате) төленген сомаларын қайтарған жағдайда, салық төлеуші қайтаруға арналған салықтық өтінішке аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдігінің қорытындысын қоса береді.
Бұл ретте Салық кодексінің 433-бабы 7-тармағына сәйкес ҚҚС артық төленген сомасы ҚҚС сомасының бөлігінде ақпараттық жүйелерде бар тауарларды жеткізушілермен және (немесе) сатып алушылармен өзара есеп айырысу жөніндегі мәліметтерді ескере отырып, айқындалады.
Салық кодексінің 433-бабы 7-тармағына сәйкес ҚҚС сомасын артық төлеу фактісі расталмаған жағдайда, ҚҚС мұндай сомасы бұрын бюджетке ҚҚС сомасын аудару жүргізген салық төлеушінің ҚҚС бақылау шотына салықтық өтінішсіз қайтаруға жатады.
1) салықтардың және (немесе) бюджетке төленетін төлемдердің басқа түрлері бойынша бересілерді;
2) артық төленген (өндіріп алынған) сомасы құралған салық, төлемақы сол түрі бойынша өсімпұлдарды;
3) салықтардың және (немесе) бюджетке төленетін төлемдердің басқа түрлері бойынша өсімпұлдарды;
4) артық төленген (өндіріп алынған) сомасы құралған салықтардың және (немесе) бюджетке төленетін төлемдердің сол түрі бойынша айыппұлдарды есепке алу жүргізіледі.
1) өсімпұлдардың артық төленген (өндіріп алынған) сомасы құралған салық, төлемнің сол түрі бойынша өсімпұлдардың есептелген сомасын төлеу;
2) өсімпұлдардың артық төленген (өндіріп алынған) сомасы құралған салық, төлемақының белгілі бір түрі бойынша бересілерді өтеу;
3) салықтардың және (немесе) бюджетке төленетін төлемдердің басқа түрлері бойынша бересілерді өтеу;
4) салықтардың және (немесе) бюджетке төленетін төлемдердің басқа түрлері бойынша өсімпұлдарды өтеу;
5) артық төленген (өндіріп алынған) сомасы құралған салық, төлемнің сол түрі бойынша және салықтардың және (немесе) бюджетке төленетін төлемдердің басқа түрлері бойынша айыппұлдарды өтеу.
1) бюджетке салық берешегі болмаған кезде салық өтінішінде көрсетілген салықтардың және (немесе) бюджетке төленетін төлемдердің тиісті түрлері бойынша алдағы төлемдер есебінен;
2) құрылымдық бөлімшесі (құрылымдық бөлімшелері) бар заңды тұлға болып табылатын, - салық өтінішінде көрсетілген салықтардың және (немесе) бюджетке төленетін төлемдердің тиісті түрлері бойынша осындай заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің (құрылымдық бөлімшелерінің) бюджетіне салық берешегін өтеу есебінен;
3) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын - салық өтінішінде көрсетілген салықтардың және (немесе) бюджетке төленетін төлемдердің тиісті түрлері бойынша заңды тұлғаның салық берешегін өтеу есебінен жүргізіледі.
1) осы салық, төлемнің түрі бойынша бересілерді;
2) көрсетілетін қызметті алушы есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемнің сол түрі бойынша бересілерді;
3) осы салық, төлем түрі бойынша өсімпұлдарды;
4) көрсетілетін қызметті алушы есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салық, төлем түрі бойынша өсімпұлдарды;
5) осы салық, төлем түрі бойынша айыппұлдарды;
6) көрсетілетін қызметті алушы есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салық, төлем түрі бойынша айыппұлдарды өтеу есебінен есепке алуға жатады.
Заңды тұлғаның және құрылымдық бөлімшенің (құрылымдық бөлімшелерінің) салық берешегі өтелгеннен кейін заңды тұлғаның артық төленген салық, төлем сомалары заңды тұлғаның салықтардың және (немесе) бюджетке төленетін төлемдердің осы және басқа түрлері бойынша алдағы төлемдер есебіне есепке жатқызуға жатады.
1) осы салық, төлем түрі бойынша бересілер;
2) көрсетілетін қызметті алушы есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемнің сол түрі бойынша бересілер;
3) осы салық, төлем түрі бойынша өсімпұлдар;
4) көрсетілетін қызметті алушы есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салық, төлем түрі бойынша өсімпұлдар;
5) осы салық, төлем түрі бойынша айыппұлдар;
6) көрсетілетін қызметті алушы есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салық, төлем түрі бойынша айыппұлдар.
1) осы салық, төлем түрі бойынша бересілер;
2) көрсетілетін қызметті алушы есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемнің сол түрі бойынша бересілер;
3) осы салық, төлем түрі бойынша өсімпұлдар;
4) көрсетілетін қызметті алушы есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемнің сол түрі бойынша өсімпұлдар;
5) осы салық, төлем түрі бойынша айыппұлдар;
6) көрсетілетін қызметті алушы есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемнің сол түрі бойынша айыппұлдар.
Заңды тұлғаның және құрылымдық бөлімшенің (құрылымдық бөлімшелерінің) салық берешегі өтелгеннен кейін заңды тұлғаның артық төленген өсімпұл сомалары заңды тұлғаның салықтарының және (немесе) бюджетке төленетін төлемдерінің осы және басқа түрлері бойынша алдағы төлемдер есебіне есепке жатқызылады.
1) осы салық, төлем түрі бойынша бересілер;
2) көрсетілетін қызметті алушы есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемнің сол түрі бойынша бересілер;
3) осы салық, төлем түрі бойынша өсімпұлдар;
4) көрсетілетін қызметті алушы есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемнің сол түрі бойынша өсімпұлдар;
5) осы салық, төлем түрі бойынша айыппұлдар;
6) көрсетілетін қызметті алушы есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемнің сол түрі бойынша айыппұлдар.
Заңды тұлғаның және құрылымдық бөлімшенің (құрылымдық бөлімшелерінің) салық берешегі өтелгеннен кейін құрылымдық бөлімшенің артық төленген өсімпұл сомалары заңды тұлғаның салықтарының және (немесе) төлемдерінің осы және басқа түрлері бойынша алдағы төлемдер есебіне есепке жатқызылады.
1) көрсетілетін қызметті алушы жеке шотында артық төленген сома болса;
2) жеке шоттары жүргізілмейтін бюджетке төленетін төлемді төлеу орны бойынша.
Салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің бірнеше түрлері бойынша бересі, өсімпұлдар болған кезде артық төленген соманы есепке жатқызу қолда бар салық берешегімен тепе-тең жүргізіледі.
Салық төлеуші келіскен жағдайда, электрондық байланыс арналары арқылы жіберілген салықтың, бюджетке төленетін төлемнің артық төленген (өндіріп алынған) сомасын есепке жатқызу салық төлеушінің өтінішінсіз бюджетке салықтық берешек болмаған кезде салықтың, бюджетке төленетін төлемнің тиісті түрі бойынша алдағы төлемдер есебіне жүргізіледі.
"Күні" деген ашық жолда төлем тапсырмасын қалыптастыру күні көрсетіледі;
"Ақшаны жіберуші" деген ашық жолда артық төленген салықтың, бюджетке төленетін төлемдердің, өсімпұлдардың сомаларын есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізетін көрсетілетін қызметті берушінің атауы көрсетіледі;
"ЖСК" деген ашық жолда салықтың немесе бюджетке төленетін төлемнің сомасы есептелген бюджеттің кіріс шоты көрсетіледі;
"Коды" деген ашық жолда ақшаны жіберушінің (көрсетілетін қызметті беруші) коды көрсетіледі, мұндағы бірінші сан мемлекеттік кірістер органының резиденттік белгісін, ал екіншісі – көрсетілетін қызметті беруші экономикасының секторын білдіреді;
"БСН" деген ашық жолда ақшаны жіберуші мемлекеттік кірістер органының БСН-і көрсетіледі;
"БСК" деген ашық жолда бюджетті орындау бойынша уәкілетті органның банктік сәйкестендіру коды көрсетіледі;
"Алушы – банк" деген ашық жолда бюджетті орындау бойынша уәкілетті органның атауы көрсетіледі;
"Бенефициар" деген ашық жолда артық төленген салықтың, төлемнің сомаларын есепке алуды жүргізген кезде оның есебіне салық, төлем сомасы есептелетін көрсетілетін қызметті берушінің атауы көрсетіледі; салықтардың, төлемдердің, өсімпұлдардың сомаларын қайтаруды жүргізген кезде артық төленген салықтардың, төлемдердің, өсімпұлдардың сомаларын қайтаруды жүргізуге өтініші берген көрсетілетін қызметті алушының атауы көрсетіледі; жеке тұлғаларға артық (қате) төленген сомалардың қайтаруын жүзеге асырған кезде банктің атауы көрсетіледі;
"ЖСК" деген ашық жолда салықтардың, төлемдердің есепке алуын жүзеге асыру кезінде салық, төлем сомасы есепке алынатын бюджеттің кіріс шоты көрсетіледі; салықтар, төлемдер, өсімпұлдар сомаларының қайтаруын жүзеге асыру кезінде көрсетілетін қызметті алушы қайтару жүргізілетін банк шоты көрсетіледі; артық (қате) төленген сомалардың жеке тұлғаларға қайтаруын жүзеге асыру кезінде бенефициар банк шоты көрсетіледі;
"БеК" деген ашық жолда салықтар, төлемдер сомаларын басқа салықтар, төлемдер түрі бойынша берешектерді өтеу есебіне жатқызу кезінде БеК коды көрсетіледі, мұндағы бірінші сан мемлекеттік кірістер органының резиденттік белгісін, ал екіншісі – көрсетілетін қызметті беруші экономикасының секторын білдіреді; салықтар, төлемдер, өсімпұлдар сомаларын банк шотына қайтару кезінде бенефициардың БеК коды көрсетіледі, мұндағы бірінші сан салық төлеушінің резиденттік белгісін, ал екіншісі - салық төлеуші экономикасының секторын білдіреді;
"БСН" деген ашық жолда салықтардың, төлемдердің артық төленген сомаларын есепке жатқызу кезінде ақша жіберушісі көрсетілетін қызметті берушінің БСН-і көрсетіледі; ал салықтар, төлемдер, өсімпұлдар сомаларын қайтару кезінде ақшаны алушы көрсетілетін қызметті алушының БСН немесе ЖСН-і көрсетіледі; артық (қате) төленген сомаларды жеке тұлғаларға қайтаруды жүзеге асыру кезінде банктің БСН-і көрсетіледі;
"Бенефициар банк" деген ашық жолда артық төленген салық, төлемдер сомаларын есепке жатқызу кезінде бюджетті орындау бойынша уәкілетті органның атауы көрсетіледі; салықтар, төлемдер, өсімпұлдар сомаларын банк шотына қайтаруды жүргізу кезінде қайтару жүргізілетін көрсетілетін қызметті алушыға (өтініште көрсетілген) қызмет көрсететін банк атауы көрсетіледі;
"БСК" деген ашық жолда салықтардың, төлемдердің сомаларын салықтардың, төлемдердің басқа да түрлері бойынша берешекті өтеу есебіне есепке жатқызған кезде бюджетті орындау бойынша уәкілетті органның банктік сәйкестендіру коды көрсетіледі; салықтардың, төлемдердің, өсімпұлдардың сомаларын банк шотына қайтарған кезде салық төлеушіге қызмет көрсететін банк-бенефициардың банктік сәйкестендіру коды көрсетіледі;
"Делдал – банк" және "БСК" деген ашық жолдарда салықтардың, төлемдердің, өсімпұлдардың артық төленген сомаларын есепке жатқызу және қайтару жүргізілген кезде толтырылмайды;
"Сомасы жазбаша" деген ашық жолда салықтардың, төлемдердің басқа түрлері бойынша салық берешегін өтеу есебіне есепке жатқызуға немесе банк шотына қайтаруға жататын сома жазбаша көрсетіледі, ол "Сомасы" деген ашық жолда көрсетілген сомаға сәйкес болуы тиіс;
"Тауарды (қызмет көрсетуді, жұмыс орындауды) алған күні" деген ашық жолда салықтардың, төлемдердің, өсімпұлдардың артық төленген сомаларын есепке жатқызу және қайтару жүргізілген кезде толтырылмайды;
"Төлем мақсаты" деген ашық жолда оның негізінде бюджетке артық (қате) төленген сомаларды есепке жатқызу немесе қайтару немесе бюджеттен ҚҚС-ты қайтару жүзеге асырылатын құжаттың атауы, нөмірі мен күні; артық төленген сомаларды есепке жатқызу немесе қайтару жүргізуге өтініш берген салық төлеушінің БСН немесе ЖСН және атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса); есепке жатқызу немесе қайтару жүргізілетін бюджет сыныптамасының коды көрсетіледі. Жеке тұлғаға артық төленген сомаларды қайтару кезінде қосымша оның шотының нөмірі көрсетіледі. Егер құрылымдық бөлімшелердің салық берешегін өтеу есебіне есепке жатқызу жүргізілетін болса, құрылымдық бөлімшенің БСН немесе ЖСН және атауы көрсетіледі;
"Төлем мақсатының коды" деген ашық жолда төлем мақсаты кодтарының бірі көрсетіледі;
"Бюджет сыныптамасының коды" деген ашық жолы басқа салықтар, төлемдер бойынша берешекті өтеу есебіне артық төленген салықтар, төлемдер сомаларын есепке жатқызу жүргізілген кезде толтырылады және салық, төлем сомасы есепке жатқызылатын бюджет сыныптамасының коды көрсетіледі; салық, төлем сомасы есепке алынатын бюджеттік жіктелім коды көрсетіледі; салық төлеушінің банк шотына салықтардың, төлемдердің, өсімпұлдардың артық төленген сомаларының қайтаруын жүзеге асыру кезінде толтырылмайды;
"Валюталау күні" деген ашық жолы салықтар, төлемдер, өсімпұлдардың артық төленген сомаларын есепке жатқызу мен қайтару жүргізілген кезде толтырылмайды.
Төлем тапсырмасына мемлекеттік кірістер органының басшысы, ал ол болмаған жағдайда, оны алмастыратын тұлға және есеп жүргізуге жауапты лауазымды тұлға қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен куәландырылады.
Салықтың, төлемнің, өсімпұлдың артық төленген сомасын қайтару салық берешегі болмаған кезде жүргізіледі.
Салық берешегi болған кезде көрсетілетін қызметті беруші салықтың, төлемнің, өсімпұлдың артық төленген сомасын есепке жатқызуға салықтық өтінішсіз салық берешегін өтеу есебіне есепке жатқызуды жүргізеді.
Егер көрсетілетін қызметті алушы заңды тұлға болып табылса, салықтың, төлемнің, өсімпұлдың артық төленген сомасын есепке жатқызу есепке жатқызуға салықтық өтінішсіз заңды тұлға мен оның құрылымдық бөлімшелерінің салық берешегiн өтеу есебіне жүргізіледі.
Осы тармақта көзделген есепке жатқызу жүргізілгеннен кейін салықтың, төлемнің, өсімпұлдың артық төленген сомасының қалдығы қайтаруға жатады.
Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген сомасы болмаған жағдайда, сонлай-ақ Салық кодексінің 101-бабында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша көрсетілген қызметті алушыға есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды жүргізуден бас тарту жіберіледі.
Жеке шоттарда жүргізілген есепке жатқызулар мен қайтарулар туралы жазбалар бюджетті орындау бойынша уәкілетті органның есептері, көрсетілетін қызметті берушінің төлем тапсырмалары негізінде жүргізіледі.
Бейрезидент тұлға үшін төленуі тиіс ҚҚС есебіне есепке жатқызуды жүргізгеннен кейін салық төлеушіге осы Қағидаларға 25-қосымшаға сәйкес бейрезидент тұлға үшін ҚҚС бойынша салық берешегін өтеу есебіне артық төленген сомалардың жүргізілген есепке жатқызуын растау беріледі.
1) бюджет кірістерінің сыныптамасының басқа кодына есепке жатқызу жүргізілген тиісті код бойынша жеке шотта, сондай-ақ көрсетілетін ызметті алушының банк шотына қайтару кезінде есепке жатқызу немесе қайтару сомасы "Қайтарылды" деген бағанында көрсетіледі;
2) сома есепке жатқызылған тиісті код бойынша жеке шотта "Төленді" деген бағанында көрсетіледі.
3-параграф. Қате есептелген, анықталмаған салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді есепке алу
Банктер немесе банк операцияларын жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар көрсетілетін қызметті берушіге мынадай деректемелерді көрсете отырып, негізделген салық және төлемдерді қайтаруға өтініш береді:
1) қате аударым күні;
2) төлем құжатының нөмірі, күні;
3) атауы, БСН;
4) бюджет кірістері сыныптамасының коды;
5) бенефициар;
6) бенефициардың БСН, ЖСК, бенефициар банкінің БСК;
7) салық (төлем) сомасы.
4-параграф. Есепке жатқызылуы тиіс қосылған құн салығының есептелген салық сомасынан артығын қайтару
орналасқан орны бойынша;
көрсетілетін қызметті алушының құрылымдық бөлімшелерінің орналасқан орны бойынша.
Әрбір ҚҚС төлеушіге жеке өкім жасалады.
Бейрезидент үшін төленуі тиіс есепке жатқызу арқылы ҚҚС қайтаруды жүргізгеннен кейін салық төлеушіге осы Қағидаларға 27-қосымшаға сәйкес бейрезидент үшін ҚҚС бойынша салық берешекті өтеу есебіне есептелген сомаға есепке жатқызылатын ҚҚС салығының асып кеткен сомасына жүргізілген есепке жатқызу туралы растауды береді.
5-параграф. Өзге де негіздер бойынша қосылған құн салығын қайтару
ҚҚС грант алушыларға қайтару грант қаражаты есебінен сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша төленген ҚҚС қайтару туралы салықтық өтініш берілген күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Егер грант алушы құрылымдық бөлімшелері бар заңды тұлға болып табылса, онда берешектің жоқ екендігі туралы құжат құрылымдық бөлімшелерінің салық берешектері ескеріле отырып, жасалады.
орналасқан жері бойынша;
көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің орналасқан орны бойынша.
Берешектің жоқ екендігі туралы құжат жасалған күні есеп жүргізуге жауапты лауазымды тұлға қайтару бойынша шешім қабылдау үшін берешектің жоқ екендігі туралы құжатты салықтық тексерудің нәтижелеріне жауапты лауазымды тұлғаға береді. Берешектің жоқ екендігі туралы құжатқа есеп жүргізуге жауапты лауазымды тұлға қол қояды.
Егер грант алушының салық берешегі болса және есепке жатқызуға салықтық өтінішті берген кезде есепке жатқызуға салықтық өтініште көрсетілген салық берешегі берешектің жоқ екендігі туралы құжаттың деректеріне сәйкес келмесе, онда ҚҚС қайтару және (немесе) есепке жатқызу берешектің жоқ екендігі туралы құжаттың негізінде жүргізіледі.
Әрбір грант алушыға жеке өкім жасалады.
Төлем тапсырмасын көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оны алмастыратын тұлға оны есеп жүргізуге жауапты лауазымды тұлға бекітуге берген күні бекітеді.
Қол қойғаннан кейінгі 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей есеп жүргізуге жауапты лауазымды тұлға ресімдеген төлем тапсырмасын бюджетті орындау бойынша уәкілетті органның аумақтық органдарына төлем мақсатында ҚҚС сомасын есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды жүргізуге өкім деректемелерін көрсете отырып жібереді.
6-параграф. Шартты банк салымында орналасқан табыс салығын қайтару тәртібі
7-параграф. Салық есептілігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезіндегі есеп
8-параграф. Таратылатын заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің салық міндеттемелерінің орындалуын есепке алу
Таратылатын заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері болған жағдайда, олардың атаулары, БСН, орналасқан орны көрсетілген тізбе беріледі.
Артық төленген салықтар, төлемақылар мен өсімпұлдар сомасын қайтаруға өтініш болмаған жағдайда, салықтық тексеруді жүзеге асыратын лауазымды тұлға Есептеу тізілімін әзірлейді, онда таратылған заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің жеке шотындағы артық төлем сомасы, ал салық берешегі сомасын заңды тұлғаны көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік дерекқорларынан және жеке тұлғаны дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен алып тастағаннан кейін азайтуға жататын артық төлем сомасы көрсетіледі.
Жеке шотта көрсетілген операциялар жүргізілгеннен кейін жеке шотты жабу жүргізіледі.
9-параграф. Банкрот деп танылған заңды тұлғалардың, дара кәсіпкерлердің және Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінде көзделген негіздер бойынша өңалту, сондай-ақ тарату рәсімінен өтетін заңды тұлғалардың, дара кәсіпкерлердің салық міндеттемелерін орындауын есепке алу
Көрсетілетін қызметті алушуға қатысты банкрот рәсімі қолданылған кезде міндеттемелерін орындауды бақылау бойынша лауазымдық тұлға Салықтар, төлемдер және өсімпұлдарды төлеу жөніндегі салықтық міндеттемелерді орындау мерзімдерін өзгерту тізілімін жасайды және есеп шоттарын жүргізуге жауапты лауазымды тұлғаға тапсырады. Салықтар, төлемдер мен өсімпұлдарды төлеу жөніндегі салықтық міндеттемелерді орындау мерзімдерін өзгерту тізілімі салық төлеушінің банкрот деп танылғаны туралы сот шешімі заңды күшіне енген күні жасалады.
"Оңалту және банкроттық туралы" 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңында бекітілген банкроттық рәсімін өткізу кезеңінде көрсетілетін қызметті алушы салық берешегін банкрот деп тану туралы сот шешімінің заңды күшіне енгені бар болса, "Салық міндеттемелерін орындау мерзімін өзгерту жөніндегі мәліметтер" деген жеке шотының бағанында көрсетіледі:
"Салық (төлем) сомасы" деген бағанда салықтың, төлемдердің сомасы жүргізіледі;
"Өсімпұл сомасы" деген бағанда өсімпұлдың сомасы жүргізіледі;
"Айыппұл сомасы" деген бағанда айыппұлдың сомасы жүргізіледі.
Жеке шотта көрсетілген операцияларды жүргізгеннен кейін күнін жеке шотты жабу есеп жүргізуге жауапты лауазымды тұлғаның тегін, атын, әкесінің атын (ол болған кезде) көрсете отырып жүргізеді.
10-параграф. Сот хабарсыз кеткен деп таныған жеке тұлғаның салық міндеттемелерін есепке алу
1) жеке тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде);
2) ЖСН;
3) сот шешімінің күні мен нөмірі;
4) хабарсыз кетті деп танылған жеке тұлғаның мүлкіне қамқор ету бойынша міндеттеме жүктелген және хабарсыз кеткен жеке тұлғаның салық міндеттемесін орындауға міндетті тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде);
5) хабарсыз кеткен деп танылған жеке тұлғаның мүлкі жетпеген кезде есептен шығаруға жататын салықтардың, төлемдердің және сомалардың түрлері.
Көрсетілген операцияларды жүргізгеннен кейін хабарсыз кеткен жеке тұлғаның жеке шоты жабылады.
Хабарсыз кеткен жеке тұлғаның салық берешегін есептен шығару жеке шотының "Кемітілді" бағанында көрсетілген сомасын өткізу жолымен жүргізіледі, "Операциялардың мазмұны" бағанында сот шешімінің нөмірі мен күні көрсетіледі.
11-параграф. Қайтыс болған жеке тұлғаның салық берешегі мен артық төлемдерін есепке алу
Берешекті есептен шығару жеке шотытң "Кемітілді" бағанында немесе жеке шоттың "Есепке жазылған" деген бағанында көрсетілген салық және төлемдер сомасын өткізу жолымен жүргізіледі.
Жеке тұлғаны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімінің күші жойылған кезде бұрын мемлекеттік кірістер органы есептен шығарған салық берешегі Салық кодексінің 48-бабында белгіленген талап қою мерзіміне қарамастан сот тәртібінде осы берешек сомасын жеке шоттың "Есепке жазылған" деген бағанында жазба жүргізу арқылы қайта жаңартылады.
12-параграф. Жеке шоттарда қорытындыны шығару
"Бересі (-) немесе артық төлем (+) есепті кезең басындағы сальдосы" алу "Айға (жылға) есептелді" қосу "Айға (жылға) кемітілді" қосу "Айға (жылға) төленді" алу "Айға (жылға) қайтарылды" деп жүргізіледі.
13-параграф. Жеке шоттарын тексеру
1) Есептеу тізілімі негізінде есептелген немесе кемітілген салықтар мен төлемдер сомасын төлеу мерзімдері бойынша жеке шоттардағы жазбаның уақытылығы, дұрыстығы, толықтығы;
2) бюджетті орындау бойынша уәкілетті органның бастапқы төлем құжаттары мен құжаттарының негізінде жеке шоттарға түскен, қайтарылған салық және төлемдер сомасы жазбасының уақытылылығы, дұрыстығы, толықтылығы;
3) көрсетілетін қызметті алушының бюджетпен (бересі немесе артық төлем) есеп айырысулар сальдосының шығарылуының дұрыстығы;
4) салық есептілігіне өзгерістер мен толықтыруларды енгізу нәтижесінде салықтар мен төлемдер бойынша бұрын ұсынылған декларациялармен және есеп айырысулармен салыстыру бойынша айырмашылықтардың жеке шоттарда дұрыс көрсетілуі;
5) жеке шоттарының барлық бағандары бойынша қорытындыны шығарудың дұрыстығы;
6) өсімпұл есептелуінің дұрыстығы;
7) салық және төлемдерді төлеу мерзімдерінің дұрыс көрсетілуі;
8) салық және төлемдерді банк шотынан шығарылуы мен бюджетке есепке алыну күнінің дұрыс көрсетілуі.
Жеке шоттарын қоса барлығы тексеруге жатады.
14-параграф. Қызметті алушының жеке шотын жабу
1) заңды тұлғаның, құрылымдық бөлімшенің – заңды тұлғаны Бизнес-сәйкестендіру нөмірлері ұлттық тізілімінен алып тастаған және құрылымдық бөлімшені есептік тіркеуден алған кезде.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке шотын жабу уәкілетті мемлекеттік орган мәліметтерінің негізінде жүргізіледі;
2) дара кәсіпкердің – дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен алған кезде.
Мұндай дара кәсіпкердің жеке шотын жабу дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен алу туралы салықтық өтінішінің негізінде жүргізіледі;
3) жеке нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың - жеке нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінен алған кезде.
Жеке нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың жеке шотын жабу жеке нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінен алу туралы салықтық өтініштің негізінде жүргізіледі;
4) Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік ашпай тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлға, тәуелді агент арқылы қызметін жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлға - Салық кодексінің 78-бабының 1-тармағында қарастырылған негіздер бойынша;
5) жеке тұлға:
салық салу объектілеріне және (немесе) салық салумен байланысты объектілерге құқықтарды тоқтатқан кезде – растау құжаттарын қоса бере отырып, уәкілетті мемлекеттік органдар мәліметтерінің немесе салық салу объектілерін және (немесе) салық салумен байланысты объектілерді тіркеу есебінен алу туралы салықтық өтініштің негізінде;
Қазақстан Республикасынан тұрақты мекенжайға шыққан кезде – орындалмаған салықтық міндеттемелері болмаған жағдайда, уәкілетті мемлекеттік орган мәліметтерінің негізінде;
сот шешімінің күшіне енуіне байланысты қайтыс болу немесе қайтыс болды деп жариялау себебінен - уәкілетті мемлекеттік орган мәліметтерінің негізінде.
Ағымдағы жылдың аяқталуына қарай есептелген, есепке жазылған, кемітілген, төленген, есепке алынған, қайтарылған сомаларының нәтижелері шығарылғаннан кейін есеп айырысу сальдосы алдағы жылдың жеке шотына аударылады.
6) Салық кодексінің 85-бабының 4-тармағында көзделген негіздер бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімі бойынша ҚҚС бойынша тіркеу есебінен алынған салық төлеуші - ҚҚС бойынша тіркеу есебінен алынған күннен кейін Салық кодексінің 48-бабында белгіленген талап арыз қою мерзімінің өтуіне қарай.
Көрсетілетін қызметті алушы жеке шотын жабу салық есептілігі бойынша бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлға жасайтын және есеп жүргізуге жауапты лауазымды тұлғаға Салық кодексінің 429-бабының 8-тармағында көзделген мерзім болғаннан кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей табыс етілетін есептеу тізілімнің негізінде жүргізіледі.
15-параграф. Қаржы жылының соңына қарай жеке шоттарын жабу
салықтың, бюджетке төленетін төлемдердің, әлеуметтік төлемдердің, өсімпұл және айыппұлдардың есептелген, есепке жазылған, кемітілген, төленген, есепке алынған және қайтарылған сомалары;
салықты, төлемақыларды төлеу бойынша салық міндеттемелерін орындаудың өзгертілген мерзімімен салық сомасының жыл қорытындысы жасалады.
5-тарау. Салық және бюджетке төленетін төлемдер, әлеуметтік төлемдер бойынша есептілік
1-параграф. "Салық, бюджетке төленетін төлемдер, әлеуметтік төлемдер сомаларының түсімдері туралы" деген 1H-нысан бойынша есеп
1) салық түсімдері (бірінші санат);
2) салықтық емес түсімдер (екінші санат);
3) салық және салық емес жиыны;
4) капиталмен операциялардан кірістер (үшінші санат);
5) кірістер жиыны.
1) "Жоспар" - бекітілген болжамды көрсеткіштер;
2) "Нақты түсімдер" - бюджетті орындау бойынша уәкілетті органның деректері бойынша жыл басынан бастап мемлекеттік бюджетке түсімдер;
3) "Республикалық бюджетке нақты түсімдер" - бюджетті орындау бойынша уәкілетті органы ведомстволарының негізінде жыл басынан бастап республикалық бюджетке түсімдер;
4) "Жергілікті бюджетке нақты түсімдер" - бюджетті орындау бойынша уәкілетті органы ведомстволарының негізінде жыл басынан бастап жергілікті бюджетке түсімдер;
5) "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан барлық түсімдер" - мемлекеттік бюджетке түсімдер қосу бюджетті орындау бойынша уәкілетті органы ведомстволарының негізінде жыл басынан бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына мемлекеттік бюджетке түсімдер;
6) "оның ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсімдер" - жыл басынан бюджетті орындау бойынша уәкілетті органның деректері бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін түсімдер;
7) "орындалу %" - бюджетке түсімдер бойынша есеп күніндегі болжамды көрсеткіштерді орындау пайызы;
8) "Бересі" - салық төлеушілердің бересілері.
Есепті мерзімдегі "Бересі" деген бағанына:
салық, бюджетке төлемдер және "Кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (бұдан әрі – Кодекс) көзделген салықтардың, кедендік төлемдер мен салықтардың есептелген және мерзімінде төленбеген сомалары бойынша артық төленген соманың болуына қарамастан жеке шоттар бойынша (өсімақы мен айыппұлсыз) есептелген және мерзімінде төленбеген салық және бюджетке төленетін төлемдер;
Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілмеген бересі сомасы;
салықты төлеу бойынша салық міндеттемесін орындаудың өзгертілген мерзімі өткен бойда төленуге жататын салық сомасы жатады.
1Н-нысанды есептің "Бересі" деген бағанында мыналар көрсетілмейді:
салықты, төлемақыны төлеу бойынша салық міндеттемесін орындаудың өзгертілген мерзімі бар, соның ішінде сотпен бекітілген оңалту жоспарына сәйкес салық сомасы;
заңды күшіне енген сот шешімімен банкрот деп танылған салық төлеушінің бересі.
9) "ҚҚС-ты өтеу сомасы, барлығы" - ағымдағы жылдың басынан қайтарылған ҚҚС сомасы;
10) "Төленген өсімпұлдың сомасы" - өсімпұлды өтеу шотына ағымдағы жыл басынан түскен түсімдер;
11) "Төленген айыппұл сомасы" - айыппұлды өтеу шотына ағымдағы жыл басынан түскен түсімдер;
12) "Артық төлем" - конкурстық іс жүргізу аяқталмаған, алайда банкрот деп жарияланған салық төлеушілердің артық төлемін қоспағанда есептік күндегі жеке шоттардағы нақты салықтар түрлері және бюджетке төленетін төлемдердің, Кодексінде көзделген кедендік төлемдер мен салықтардың төленуін қамтамасыз ету бойынша артық төлемдер және оңалту рәсімін пайдалану туралы ұйғарымды сот қабылдаған салық төлеушілердің артық төлемінің, жұмыс істемейтін көрсетілетін қызметті алушының жеке шоттарындағы бар артық төлемнің, бес жылдан астам есептелген артық төлем сомасы;
13) "Жинақтаушы зейнетақы қоры" деген жол бойынша толтырылады: "Нақты түсімдер" деген бағаны - міндетті зейнетақы жарналардың түсімдері, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары "Бересі", "Артық төлем" деген бағандары – тиісінше банкрот деп жарияланған, алайда олар бойынша конкурстық іс жүргізу аяқталмаған және сот оңалту рәсімін қолдану туралы ұйғарым қабылдаған салық төлеушілердің бересілері мен артық төлемдерінен басқа, есепті күнде жеке шоттарда қалыптасқан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары бойынша бересі немесе артық төленген сома;
14) "Әлеуметтік аударымдар" деген жол бойынша толтырылады: "Нақты түсімдер" деген бағаны - әлеуметтік аударымдардың түсімдері, "Бересі", "Артық төлем" деген бағандары - тиісінше банкрот деп жарияланған, алайда олар бойынша конкурстық іс жүргізу аяқталмаған және сот оңалту рәсімін қолдану туралы ұйғарым қабылдаған көрсетілетін қызметті алушының бересілері мен артық төлемдерінен басқа, есепті күнде жеке шоттарда қалыптасқан әлеуметтік аударымдар бойынша бересі немесе артық төленген сома;
15) "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар" деген жол бойынша толтырылады: "Нақты түсімдер" деген бағаны - міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдардың және (немесе) жарналардың түсуі, "Бересі", "Артық төлем" деген бағандары - тиісінше банкрот деп жарияланған, алайда олар бойынша конкурстық іс жүргізу аяқталмаған және сот оңалту рәсімін қолдану туралы ұйғарым қабылдаған салық төлеушілердің бересілері мен артық төлемдерінен басқа, есепті күнде жеке шоттарда қалыптасқан міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша бересі немесе артық төленген сома.
6-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды тұлғалардың, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына;
салық және бюджетке төленетін төлемдер түсімдерін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган басшысының атына;
мемлекеттік қызметкерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымданады.
Бұл ретте Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына не ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға беріледі.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.