«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер  департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі, 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, А.Каримуллин көшесі, 2/2 үй, анықтама үшін телефондар: 8(7112) 53-84-40, факс 8 (7112) 53-84-40, электрондық адресі sa.nurgalieva@kgd.gov.kz.   

 

  1. Аудит басқармасының аудит бөлімінің бас маманы (уақытша, негізгі қызметкер С.С.Кусаманның бала күту демалысы кезеңіне, 02.10.2023ж. дейін), («C-О-5» санаты, 1 бірлік, индекстік №МКД-12-1/7),             «C-О-5» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 212061 (min) теңгеден 260615 (max) теңгеге дейiн.

             Функционалдық міндеттері: Салық және бюджетке түсетін басқа да міндетті төлемдердің барлық түрлері бойынша салық міндеттемесінің орындалуы мәселесімен салық тексерулерін жүргізу, салық төлеушілердің өтініштері мен шағымдары бойынша тексерулер жүргізу, салық тексеру актілерін ҚР ТСАЖ, ҚР САЭБ ақпараттық жүйелеріне енгізу және жөнелту, салық тексеру актілері бойынша салық төлеушілерге хабарламалар табыстау, салық төлеушілердің құқығын сақтау, салықтарды төлеу бойынша салық міндеттемелерін орындау мерзімдерін өзгерту бойынша уақтылы және сапалы мемлекеттік қызмет көрсету.

         Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

         Жоғары немесе жоғары оқу орынан кейінгі білім - әлеуметтік ғылымдар және бизнес: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару.

Құзыреттер бойынша талаптар:                    

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

  1. Өндірістік емес төлемдер басқармасының бас маманы («C-О-5» санаты, 1 бірлік, индекстік №МКД-18/5), «C-О-5» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 212061 (min) теңгеден 260615 (max) теңгеге дейiн.

         Функционалдық міндеттері: 700.00, 701,00, 701,01. 810.00, 851.00, 860.00,  870.00, 710.00 салық есептілігі нысандарын уақытында тапсыру, шаралар қабылдау, дұрыс және толық толтырылуын қамтамасыз ету. 104101, 104102, 104302, 104401, 104402, 105301, 105303, 105304, 105309, 105310, 105311, 105313, 105314, 105315, 105316, 105501, 105502, 201906, 204109, 204113,204162, 206108 бюджеттік сыныптама кодтарын және басқа да алымдар мен мемлекеттік баждарды әкімшілендіруге бақылау. Аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларының жеке тұлғаларға салынатын мүлік, жер, көлік құралдары салығы бойынша жұмысына бақылау. Заңды және жеке тұлғалардың мүлік, жер, көлік құралдары салығы бойынша салық салу объектілерінің жиынтық есебін жүргізуге бақылау. Ойын және тіркелген салықтарды қалыптастыру бойынша камералдық бақылау хабарламаларының Камералдық бақылау қорытындысының тізілімі жүйесінде уақытында өңделуіне күн сайын бақылау жүргізу.  Бекітілген БСК бойынша әкімшілендіру мәселесі бойынша уәкілетті және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл. Аумақтық басқармаларға өңдеу үшін мсәліметтерді уақытында жіберу. Уәкілетті және жергілікті атқару органдарымен кешіктіріліп, дұрыс және толық емес салық заңнамасымен көзделген мәліметтерді берулеріне байланысты құқық бұзушылық анықталған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау. 101202 – мүліктік табыс бойынша жеке тұлғалардың табыстарына салынатын жеке табыс салығын әкімшілендіру, 230.00 нысанды салық есептілігін қабылдау, мәліметтердің сапалы және толық көрсетілуі бойынша аумақтық басқармалардың жұмыстарын қамтамысз ету.  Құқық қорғау органдарының мемлекеттік қызметшілердің декларациялары бойынша сұрауларына жауап беру. Аумақтық басқармалардың Бірыңғай жиынтық төлем бойынша жұмыстарына бақылау. 240.00 салық есептілігі нысанын уақытында тапсыру, шаралар қабылдау, дұрыс және толық толтырылуын қамтамасыз ету және бақылау. Басқарма жетекшілік жасалатын мәселелер бойынша міндеттердің орындалу қорытындысы туралы есептер, сараптамалық ақпараттар мен мәліметтердің берілуін қамтамасыз ету. 

         Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

         Жоғары немесе жоғары оқу орынан кейінгі білім - әлеуметтік ғылымдар және бизнес: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару.

Құзыреттер бойынша талаптар:                    

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Әңгімелесу өткізудің мерзімі мен орны:

Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде С-О-5  санаты бойынша БҚО, Орал қаласы, А.Каримуллин көшесі 2/2 үй мекен-жайы бойынша әңгімелесуден өтеді.

Құжаттар 2022 жылдың 28 желтоқсанынан бастап 2022 жылдың                   30 желтоқсанын қоса алғанда 3 жұмыс күні ішінде,  ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – Уәкілетті орган) интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

          Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш (бұдан әрі – Өтініш);

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 211 қазандағы No 14 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде No 14436 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.

 

Қосымша ақпарат

Кандидаттың келісімі болған жағдайда онымен әңгімелесуді интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде онлайн-трансляциялауға жол беріледі.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Әңгімелесу және іріктеудің басқа тәсілдерін өткізу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының барысына кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін  отырысқа  байқаушылар шақырылады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары негізінде жүргізіледі.

 

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру
Дата публикации
28 декабря 2022