Халыққа салықтық және кедендік мәселелерді түсіндіру, халықтың хабардарлығын жақсарту және кері байланыс алу бойынша жедел көмек көрсету мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Telegram-да Чат-ботты іске асырды. Чат-бот 1 наурыздан бастап "@salyqbot" атауымен немесе тікелей сілтеме арқылы іске қосылады https://t.me/salyqbot.
@SalyqBot - цифралық салық кеңесшісі, қазақ және орыс тілдерінде әзірленген және өте пайдалы функциялары бар:
- пайдаланушыға салық берешегінің болуы немесе болмауы туралы мәліметтерді бірден беруге мүмкіндік береді;
- салық төлеушілерге көлік құралдарына салынатын салықты және өсімпұлды дербес есептеуге көмектеседі;
- қажетті анықтамалық ақпаратты білуге, салық күнтізбесін пайдалануға мүмкіндік береді;
- пайдаланушының жеке немесе заңды тұлғаның қызығушылығына байланысты пайдалы жаңалықтар мен хабарламалар жібере алады;
- пайдаланушыларды МКК қатысты өзекті тақырыптар мен мәселелер туралы бейне сабақтармен және бейне нұсқаулықтармен таныстырады;
- заңды тұлғалар үшін төленген сомалар туралы мәліметтерді білуге мүмкіндік береді.
Чат-Ботта МКК байланыс орталығына келіп түсетін өтініштер негізінде әзірленген білім базасы бар, бұл пайдаланушыға оператордың қатысуынсыз салық және кеден заңнамасы бойынша жиі қойылатын сұрақтарға лезде жауап алуға мүмкіндік береді.
Пайдаланушы әрқашан жауапқа қанағаттану деңгейін бағалай алады, сонымен қатар сұрақ қоя алады, чатбот операторына тікелей өтініш немесе тілек жаза алады.
Ағымдағы жылы чат-ботты дамыту бойынша жұмыс жалғасады, оның шеңберінде салық төлеушілер өздері үшін көптеген қосымша мүмкіндіктерді үйренеді, мысалы, салық есептілігін беру мерзімін, салық төлеу мерзімін жіберіп алмау, банктік шоттарды бұғаттау (тыйым салу) туралы және басқа да маңызды ақпаратты білу.
Мемлекеттік қызметтерді алу процесінде байланыстарды азайту, Мемлекеттік кірістер органдарына баруды болдырмау, уақытты үнемдеу және ақпараттандыру сапасын жақсарту үшін @SalyqBot - цифралық салық кеңесшісіне жазылыңыз және пайдаланыңыз.
2022 жылы Ботта салық есептілігін ұсыну, салық төлеу мерзімі, банктік шоттарды тыйым салу туралы ақпарат пайда болады.