Талдамалық анықтама
БҚО бойынша МД-да сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мәніне жүргізілген талдау қорытындысы бойынша.
Орал қ. 15.04.2022 жыл.
1.Өткізу мерзімі:08.04.2022 жылы басталып, 08.05.2022 жылы аяқталды.
2.Байқалған кезең: 2022 жылдың 1 тоқсанында.
Кіріспе бөлім:
Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің жұмыс тобы (бұдан әрі-жұмыс тобы) Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті (бұдан әрі - Департамент) басшысының 07.04.2022 жылғы №145-б бұйрығы негізінде Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді.
Әдістемелік ұсынымдарға сәйкес Департаменттің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылды:
Департаменттің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауды жұмыс тобының құрамы жүргізді, бұл ретте тәуелсіз сарапшылар (мамандар) тартылмады.
Департаменттің және оның аумақтық бөлімшелерінің ұйымдық-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
Департаменттің және оның аумақтық бөлімшелерінің ұйымдық-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау келесі мәселелер бойынша жүргізілді:
1) персоналды басқару, оның ішінде кадрлардың ауысуы;
2) мүдделер қақтығысын реттеу;
3) мемлекеттік қызметтер көрсету;
4) рұқсат беру функцияларын іске асыру;
5) бақылау функцияларын іске асыру;
6) ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелер.