«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер  департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі, 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, А.Каримуллин көшесі, 2/2 үй, анықтама үшін телефондар: 8(7112) 53-84-40, факс 8 (7112) 53-84-40, электрондық адресі sa.nurgalieva@kgd.gov.kz
  1. Бөкейордасы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы («C-R-1» санаты,  1 бірлік), «C-R-1» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 285201 (min) теңгеден 350413 (max) теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік кірістер  басқармасының жұмысын ұйымдастыру және басшылық жасау, Мемлекеттік кірістер  басқармасына жүктелген міндеттердің орындалуы мен  функцияларының жүзеге асырылуын бақылау, мемлекеттік кірістер органдарының стратегиялық дамуындағы  салықтардың толық түсуін қамтамасыз ету, мемлекеттік кірістер органдарының қызметіне қоғамның қанағаттануын қамтамасыз ету, басқарма қызметкерлерін Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сәйкес қызметке тағайындау және қызметтен босату, Мемлекеттік кірістер басқармасының бақылау-эокномикалық жұмыстарын жоспарлау, болжам көрсеткіштерінің орындалуына, салықтар мен басқа да бюджет төлемдерінің қарыздарын өндіріп алуға қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету, Мемлекеттік кірістер  басқармасының қызметкерлеріне қажетті әдістемелік-кеңестік көмек көрсету, Мемлекеттік кірістер  басқармасы қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерінің алдын алу, қызмет бабын теріс пайдалануды ескерту, сыбайлас жемқорлықты жою шараларын қарастыру.

Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім  - әлеуметтік ғылымдар және бизнес:  экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару немесе құқық: құқықтану.

Құзыреттер бойынша талаптар:                    

стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;

      3) А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;

      4) өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      5) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

      6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

      7) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

      8) ғылыми дәрежесінің болуы;

      9) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

 Әңгімелесу өткізудің мерзімі мен орны:

Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде C-R-1 санаты бойынша БҚО, Орал қаласы, А.Каримуллин көшесі 2/2 үй мекен-жайы бойынша әңгімелесуден өтеді.

ІІ. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің  Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер  департаменті Орал қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы»республикалық мемлекеттік мекемесі, 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Некрасова көшесі, 30/1 үй, анықтама телефоны: (87112) 24-28-35, электрондық мекенжайы: d.kaskarauova@kgd.gov.kz

  1. Жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімінің бас маманы (уақытша,негізгі қызметкер А.Есенгалиеваның бала күту демалысы кезеңіне, 01.09.2023ж. дейін), («C-R-4» санаты, 1 бірлік, индексі МКБ-1-9-2), «C-R-4» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 186 632 (min) теңгеден 229 492 (max) теңгеге дейiн.

Функционалдық міндеттері: Қосылған құн салығы төлеушілер тізімін, қосылған құн салығы төлеушілерді есепке қою, есептен шығару бойынша бақылау жүргізу. 2-Н есебіне өндіріп алу бойынша бақылау, әкімшілік айыппұл соммаларының салынуы мен өндірілуіне бақылау, артық төлемді өңдеу. ҚҚС бойынша салық заңдылығы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, ҚҚС әкімшілендіру және оның әдістемесін білу. ҚҚС қатысты салық заңнамаларын жетілдіру жөніндегі ұсыныс беру. Өз еркімен белгіленген мерзімде әкімшілік айыппұлды төлемеген жағдайда, әкімшілік материалды мәжбүрлеп өндіріп алуға жолдау. Қажет болған жағдайда салық тексеру актісін толтыру. Салық төлеушілердің бюджетке артық төленген қосылған құн салығы соммасын қайтару, есептеу бойынша өтініштерін қарау. Форматты-логикалық бақылау жүргізу, ҚҚС 300.00 нысанының қате тапсырылауы бойынша өңдеу жұмыстарын жүргізіп, шаралар қолдану. ҚР ӘҚК туралы Заңына сәйкес әкімшілік шаралар қолдану.Кеден одағы мемлекеттерінен әкелінген тауарлар бойынша 320.00 және 328.00 салық есептілігі нысанын қабылдау, салықтың уақытында толық есептелуіне бақылау жасау. Әкелінген тауарлар бойынша жанама салықтардың төленуі мен қабылданған өтінішітердің сапасын бақылау, расталған әкелінген тауар және жанама салығының төленгендігі туралы өтініштерге, жанама салық және импортталған тауарларлар декларациясына камералды бақылау жүргізу, уақытында орындалмаған салық міндеттемесі орындалуын қамтамасыз ету. ҚР ӘҚК сәйкес әкімшілік шараларды қолдану. Тақырыптық, хронометраждық салық тексерулерін жүргізу, материалдарды ведомстволыққа жолдау, әкімшілік істерді қарау бойынша сот отырыстарына қатысу. Актілер мен хаттамаларлардың уақытында және сапалы орындалып, мәжбүрлеп өндіріп алу бөліміне берешекті өндіріп алу үшін жолдау. Хабарламаларды шығару және уақытында орындамаған жағдайда шаралар қолдану. Алкоголь өнімдерін шығаратын салық төлеушілер тізімін жүргізу. Тапсырылған акциздік өнім айналымы, алкоголь өнімдерін бөлшектеп жүзеге асыру бойынша ілеспе жолдамалары бойынша салық есептіліктерін талдап, камералды бақылау жүргізу.

         Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

            Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі - әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару немесе құқық: құқықтану, құқық, кеден ісі.

Құзыреттер бойынша талаптар:

стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, алалдық, өздігінен даму, жеделдік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірбиесі талап етілмейді.

Әңгімелесу өткізу мерзімі мен орны: 

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде  С-R-4 санаты бойынша Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Некрасова көшесі 30/1  үй мекен-жайы бойынша әңгімелесуден өтеді.

Құжаттар 2022 жылдың 03 қазанынан бастап 2022 жылдың 05 қазанын қоса алғанда 3 жұмыс күні ішінде,  ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – Уәкілетті орган) интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

         Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш (бұдан әрі – Өтініш);

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 211 қазандағы No 14 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде No 14436 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі. 

Қосымша ақпарат

Кандидаттың келісімі болған жағдайда онымен әңгімелесуді интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде онлайн-трансляциялауға жол беріледі.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Әңгімелесу және іріктеудің басқа тәсілдерін өткізу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының барысына кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.

А-1, В-1, С-1, С-О-1, C-R-1, D-1, D-О-1, Е-1, E-R-1 санаттарының лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясы айқындаған тақырыптардың біреуіне екі жүз сөзден аспайтын бір эссені конкурс комиссиясы хатшысының қатысуымен мемлекеттік немесе орыс тілінде кандидаттың таңдауы бойынша жазады. Эссені конкурс комиссиясы осы Қағидалардың 4-қосымшасында белгіленген параметрлерге сәйкес бағалайды. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспауы керек.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін  отырысқа  байқаушылар шақырылады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары негізінде жүргізіледі.

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру
Дата публикации
30 сентября 2022