Функционалдық міндеттері: Тұрақты түрде мониторинг және талдау жүргізу арқылы, соның ішінде Қауіпті басқаруды бақылау жүйесін/Қауіпті басқару жүйесін пайдалана отырып, тауарлардың кедендік құнының дұрыс анықталуын бақылауды, сонымен қатар ұсынылған кедендік құнды анықтау кезінде таңдалған әдістің қолданылу дұрыстығын қамтамасыз ету. Тауардың кедендік құнын анықтайды және Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің сұрауы бойынша мамандардың шығарған қорытындысымен кедендік төлемдер мен салықтар есебін жүргізеді. Ұсынылған кедендік құн бойынша «Кедендік реттеу туралы» ҚР Заңының 410-бабына сәйкес ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетімен және Қауіпті басқаруды бақылау жүйесімен/Қауіпті басқару жүйесімен ұсынылған кедендік құн туралы ақпараттарды пайдалана отырып, кедендік және басқа да құжатарды, мәліметтерді тексеру. Кедендік төлемдер мен салықтар төлеу бойынша жеңілдіктердің берілу дұрыстығын бақылауды жүзеге асырады (импорт үшін ҚҚС төлеуді кейінге қалдыру, әкелім кеден бажы мөлшерлемесінің дұрыс қолданылуы, есепке жатқызу әдісі арқылы импортқа ҚҚС төлеу, тарифтік жеңілдіктерді қолдана отырып, кедендік баждар мөлшерлемесінің дұрыс қолданылуы). Тауарлардың, соның ішінде ҚХР әкелінген тауарлардың кедендік құнына тұрақты түрде мониторинг жүргізу және талдау, сонымен қатар есепке жатқызу әдісі арқылы импортқа ҚҚС төлеу дұрыстығына бақылау жасау.
Тарифттік реттеу шараларының қолданылу (тауарларды шығарған елді анықтау, кедендік баждар мен салықтардың мөлшерлемесін қолдану, кедендік баждар мен салықтарды төлеу бойынша тарифтік жеңілдіктер беру), ЕЭО СЭҚ ТН сәйкес тауарларды жіктеу бойынша алдын ала шешімдердің қабылдануына, тауарларды шығарған елді анықтау жөніндегі алдын ала шешімдердің дұрыстығана бақылауды жүзеге асыру. ЕЭО СЭҚ ТН сәйкес Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің өтініштері бойынша қабылданған кеден бекеттерімен қабылданған жіктеу шешімдеріне бақылау жасау. ЕЭО СЭҚ ТН сәйкес ЕЭО мүше мемлекеттерден әкелінген тауарларға бекітілген тәртіпке сәкес тауарларды жіктеу бойынша ақпарат беру, алдын ала шығарылған шешімдердің есебін жүргізу, соның ішінде есептеуге жатқызылған тізілімдеме қалыптастыру. ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің 31.07.2018 жылғы №353 бұйрығымен бекітілген тәртіпке сәйкес ЕЭО СЭҚ ТН бойынша тауарларды жіктеуде есепке жатқызу әдісі арқылы импортталатын тауарларға (кодтар деңгейі бойынша) ҚҚС төлеу дұрыстығына бақылау жасау. Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасын сәйкес кедендік әкімшілендіруді жүзеге асыру.
Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім – құқық: құқықтану, кеден ісі, халықаралық құқық немесе әлеуметтік ғылымдар және бизнес: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару.
Құзыреттер бойынша талаптар:
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Әңгімелесу өткізудің мерзімі мен орны:
Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде С-О-5 санаты бойынша БҚО, Орал қаласы, А.Каримуллин көшесі 2/2 үй мекен-жайы бойынша әңгімелесуден өтеді.
ІІ. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Орал қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі, 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Некрасова көшесі, 30/1 үй, анықтама телефоны: (87112) 24-28-35, электрондық мекенжайы: d.kaskarauova@kgd.gov.kz
Функционалдық міндеттері: Заң бөлімінің жұмысын ұйымдастырады және осы бөлімге жүктелген міндеттердің уақытында атқарылып отыруын қадағалайды және де Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңын мен Этикалық кодексін ұстанады. Заң бөлімінің қызметкерлерінің атқаратын міндеттерін, функционалдық және лауазымдық міндеттерін белгілейді. Заң бөлімінің инспекторларының жауапкершілігі мен олардың бірін- бірі алмастырып міндеттерін атқаруын белгілейді. Заң бөліміне келіп түскен хаттар мен мемлекеттік кірістер басқармасының шешімдеріне азаматтар мен жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғалардан келіп түскен наразылықтар мен арыздарды қарап, оларға уақытында жауап беруді қадағалайды. Сот процесстеріне қатысып мемлекеттік кірістер басқармасының шешімдерін, тексеру нәтижелерінің заңға сәйкестігін қорғайды. Құзыреті жоғары органға берілетін ақпараттардың уақытында тағайындалуын және белгіленген мерзіміне сәйкес орындалуын қадағалайды. Құқық қорғау органдарынан келіп түскен талаптарды, ұсыныстарды және сұраныстардың уақытында орындалуын қадағалайды. Әкімшілік іс жүргізулердің біріңғай тізілімін жүргізу қағидасына сәйкес ақпараттық есепке алу құжаттарын еңгізу қызметкерлерге әдістемелік нұсқамалар беруді жүргізеді.
Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім - құқық: құқық, құқықтану.
Құзыреттер бойынша талаптар:
стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
Функционалдық міндеттері: Заңды тұлғалардың салық төлеушiлерiнiң санын есепке алу, әрекетсiз салық төлеуші санын қысқарту жөнiндегi жұмыстар, нөлдiк декларацияны табыс етушi салық төлеуші саны. Заңды тұлғалардың сандық есебінің коды. 2,3,5,7 кестелерді қоса алғанда, белгіленген мерзімге 2-Н есебін сапалы ұсыну. Заңды тұлғалардың салық төлеушiлерiне, сауда базарларының, сауда үйлерiнiң иелерiне салықтық әкiмшiлiк ету (ТНС 871.00). 19.2 «Өткен тоқсанмен салыстырғанда қағып кеткен тексерулер санының өсу қарқыны» өлшемін орындау. Деректерді онлайн беру арқылы кассаларды пайдалану туралы заңды тұлғалардың ақпаратын талдау және дамыту. Салық заңнамасының бұзылуын жою туралы хабарламаларды жіберу, жеткізу, 60 күннен кешіктірілмей ақпараттық жүйелерде хабарламаларды жеткізу жағдайын қамтамасыз ету. Салық кодексінің 70, 71-бабының ережелеріне сәйкес тексеру актілерін жүргізу. ҚҚС бойынша тіркелген жеке кәсіпкерді анықтаған кезде тексеру актілерін салықтық тексеруден кейін 1 жұмыс күні ішінде салық кодексінің 70-бабына сәйкес әрекет ету үшін жанама салықтарды басқару бөліміне беру. Жұмыс барысында «жалған» тіркеу белгілері және басқа да заңсыз кәсіпкерлік белгілері анықталған жағдайда, ақпаратты 3 жұмыс күні ішінде құқық қорғау органдарына беру. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес БҚО МКД-не жіберген есептерді, ақпараттарды, сұраныстарға жауаптарды, Орал қаласы бойынша МКБ-ның басқа бөлімдеріне, құқық қорғау органдарына және басқа ұйымдарға уақтылы және сапалы ұсыну.
Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі - әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару.
Құзыреттер бойынша талаптар:
стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, алалдық, өздігінен даму, жеделдік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірбиесі талап етілмейді.
Функционалдық міндеттер: Салық салу объектілері бойынша мемлекеттік уәкілетті органдардан түскен ақпараттар және салық төлеушілердің тапсырған салық есептіліктері негізінде салық міндеттемесінің толық орындалуына камералды бақылау жүргізу. Салық төлеушілерге уақытында хабарламаларды жолдау және табыстау. Камералды бақылау нәтижесі бойынша орындалмаған хабарламаларға уақытында әкімшілік шараларды қолдану. Автоматтандырылған камералды бақылау бойынша хабарламалардың уақытылы және сапалы өңдеу, жалған кәсіпкерлікті анықтау және жолын кесу бойынша жұмыстар жүргізу. Патент және жеңілдетілген арнайы салық режимін қолданатын салық төлеушілердің тіркелу деректерінің талапқа сәйкестігін әкімшілендіру. Бақылау касса машинасын қолданылу ережесінің сақталуына бақылау жасау, тіркелмеген кәсіпкерлік субъектілерін анықтау, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру, жүргізілген тексеру қорытындысы бойынша акті толтыру, хронометраждық зерттеулер жүргізу, салық төлеушінің нақты тұрғылықты жері бойынша жоқ болған жағдайда акті толтыру, салық төлеушілерге салық міндеттемесін орындау жөніндегі хабарламаны табыс ету, тіркелмеген салық төлеушілерді анықтау жұмысын жүргізу.
Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі - әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес: экономика, есепжәне аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару.
Мынадай құзыреттердің бар болуы:

4. Жеке кәсіпкерлерді әкімшілендіру бөлімінің бас маманы («C-R-4» санаты, 1 бірлік, индексі №МКБ-1-6-2), «C-R-4» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 186 632 (min) теңгеден 229 492 (max) теңгеге дейiн.
Функционалдық міндеттер: Салық салу объектілері бойынша мемлекеттік уәкілетті органдардан түскен ақпараттар және салық төлеушілердің тапсырған салық есептіліктері негізінде салық міндеттемесінің толық орындалуына камералды бақылау жүргізу. Салық төлеушілерге уақытында хабарламаларды жолдау және табыстау. Камералды бақылау нәтижесі бойынша орындалмаған хабарламаларға уақытында әкімшілік шараларды қолдану. Автоматтандырылған камералды бақылау бойынша хабарламалардың уақытылы және сапалы өңдеу, жалған кәсіпкерлікті анықтау және жолын кесу бойынша жұмыстар жүргізу. Патент және жеңілдетілген арнайы салық режимін қолданатын салық төлеушілердің тіркелу деректерінің талапқа сәйкестігін әкімшілендіру. Бақылау касса машинасын қолданылу ережесінің сақталуына бақылау жасау, тіркелмеген кәсіпкерлік субъектілерін анықтау, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру, жүргізілген тексеру қорытындысы бойынша акті толтыру, хронометраждық зерттеулер жүргізу, салық төлеушінің нақты тұрғылықты жері бойынша жоқ болған жағдайда акті толтыру, салық төлеушілерге салық міндеттемесін орындау жөніндегі хабарламаны табыс ету, тіркелмеген салық төлеушілерді анықтау жұмысын жүргізу.
Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі - әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес: экономика, есепжәне аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару.
Мынадай құзыреттердің бар болуы:
стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, алалдық, өздігінен даму, жеделдік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірбиесі талап етілмейді.
Әңгімелесу өткізу мерзімі мен орны:
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде С-R-3, С-R-4 санаттары бойынша Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Некрасова көшесі 30/1 үй мекен-жайы бойынша әңгімелесуден өтеді.
Құжаттар 2022 жылдың 05 тамызынан бастап 2022 жылдың 09 тамызын қоса алғанда 3 жұмыс күні ішінде, ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – Уәкілетті орган) интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш (бұдан әрі – Өтініш);
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 211 қазандағы No 14 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде No 14436 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.
Қосымша ақпарат
Кандидаттың келісімі болған жағдайда онымен әңгімелесуді интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде онлайн-трансляциялауға жол беріледі.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Әңгімелесу және іріктеудің басқа тәсілдерін өткізу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының барысына кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін отырысқа байқаушылар шақырылады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары негізінде жүргізіледі.