«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер  департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі, 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, А.Каримуллин көшесі, 2/2 үй, анықтама үшін телефондар: 8(7112) 53-84-40, факс 8 (7112) 53-84-40, электрондық адресі sа.nurgalieva@kgd.gov.kz

 

  1. Берешекпен жұмыс басқармасының бас маманы («C-О-5» санаты,   1 бірлік, индекстік №МКД-16/4), «C-О-5» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 212 601 (min) теңгеден 260 615 (max) теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Салық берешектерін өндіріп алу шараларын жүргізуде өзге де мемлекеттік мекемелермен, ұйымдармен бірлесе жұмыс жасау, төмен тұрған мемлекеттік кірістер басқармаларына практикалық және әдістемелік көмек көрсету. Салық берешектерін өндіру мәселесі бойынша қажетті мәліметтерді, есептіліктерді дайындау, талдау, сараптамалық жұмыс әдістері мен түрлерін білу, сот органдарында Департаменттің мүддесін қорғау, бөлімде кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұлдардың өндірілу жұмыстарын ұйымдастыруға және  кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұлдардың мәжбүрлеп өндірілу шараларын жүргізуді жүзеге асыру. Азаматтармен жұмыс жасау.

Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім - әлеуметтік ғылымдар және бизнес: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару немесе құқық: құқықтану.

Құзыреттер бойынша талаптар:                    

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Әңгімелесу өткізудің мерзімі мен орны:

Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде С-О-5 санаты бойынша БҚО, Орал қаласы, А.Каримуллин көшесі 2/2 үй мекен-жайы бойынша әңгімелесуден өтеді.

ІІ. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің  Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер  департаменті Орал қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі, 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Некрасова көшесі, 30/1 үй, анықтама телефоны: (87112) 24-28-35, электрондық мекенжайы: d.kaskarauova@kgd.gov.kz .

  1. Салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің бас маманы («C-R-4» санаты, 1 бірлік, индексі МКБ-1-7-2), «C-R-4» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 186632 (min) теңгеден 229492 (max) теңгеге дейiн.

         Функционалдық міндеттері: Орталық ережесімен бекітілген құжаттарды уақытында қабылдап, өңдеуге жолдау, бақылау касса машиналарын есепке қою, шығару бойынша өтініштерді қабылдау, дайын құжаттарды беру. Электронды құжаттармен алмасу барысында электронды цифрлық қолтаңбаны қолданып қабылдауға келісім беру, электронды үлгіде салық есептіліктерін тапсыру бойынша «Салық төлеушілер терминалында» қызмет ету. Салық төлеушілерге салық заңдылығын түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Орталықтар ережесімен бекітілген құжаттарды мемлекеттік кірістер органы ақпараттық жүйесіне енгізу және өңдеу, қосылған құн салығы төлеушілерін уақытында есепке қою және шығару. Патент есебін өңдеу, тіркеуге қою, салық төлеушілердің тіркеу деректерін өзгерту туралы өтініштерін өңдеу, ТСАЖ бағдарламасына салық төлеуші деректерін енгізу, берешегі бары немесе жоғы туралы анықтаманы қалыптастыру, қосылған құн салығы төлеушісі куәлігін беру, салық төлеуші тапсырған салық есептілігі бойынша салық төлеушінің дербес шотын тексеру. Казнашылық басқармасына төлемдер қорытындысын жолдау, қызметтің жеке түрі бойынша ақпараттарды уақытында беру. Салық төлеушіні мемлекеттік кірістер органы шешімі бойынша есептен шығару.  Кезекті электронды басқару жүйесінің үнемі жұмыс істеуін қамтамассыз етуін уақытылы қадғалау, бақылау жасау.

Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім- мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім  - әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару.

Құзыреттер бойынша талаптар:

стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірбиесі талап етілмейді.

 Әңгімелесу өткізу мерзімі мен орны: 

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде  С-R-4 санаты бойынша Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Некрасова көшесі 30/1  үй мекен-жайы бойынша әңгімелесуден өтеді.

 

ІІІ. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің  Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер  департаменті Ақжайық  ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, 090100, Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық  ауданы, Чапаев ауылы, Әбілхайыр хан көшесі , 57 үй, анықтама телефоны: (871136) 92-1-92, 91-1-66,   электрондық мекенжайы:  g.medeuova@kgd.gov.kz, zko_akzhaik@kgd.gov.kz.

            Салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің бас маманы (уақытша, негізгі қызметкер Л.Байгужинаның бала күту демалысы кезеңіне, 17.11.2024ж. дейін),   (C-R-4 санаты, 1 бірлік, индекс МКБ-2-3),  «C-R-4» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 186 632 (min) теңгеден 229 492 (max) теңгеге дейiн.

            Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік қызметтер көрсету, салық есептіліктері мен өтініштерді қабылдау, ақпараттық жүйеге салық есептіліктерін уақтылы енгізуді бақылау және салық төлеушілердің дербес шоттарына есептелген салық сомаларын тарату, салық төлеушілердің дербес шоттарын дұрыс жүргізу, берілген өтініштерге сәйкес салық төлеушілерге дербес шоттардың, салыстыру актілерінің көшірмелерін жіберу. Қосылған құн салығы төлеушілер тізімін, қосылған құн салығы төлеушілерді есепке қою, есептен шығару бойынша бақылау жүргізу. Болжам көрсеткіштерінің орындалуын бақылау және салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық және уақтылы түсуін қамтамасыз ету, әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша материалдар толтыру, мемлекеттік қызметшілердің табыс етілген декларацияларын тексеру, салық заңнамасын бұзған салық төлеушілерге хабарламаларды табыс етуді бақылау, камералды бақылауды жүзеге асыру, салық төлеушінің салық міндеттемесін орындауына салықтық бақылауды жүзеге асыру, облыстық мемлекеттік кірістер департаментіне есептіліктерді уақтылы дайындау және беру, тақырыптық және қарсы салық тексерулерін ұйымдастыру және жүргізу, уәкілетті органдармен жұмыс. Әкімшілік айыппұл соммаларының салынуы мен өндірілуіне бақылау. ЭҚАБЖ АЖЖ-де жұмыс жүргізу. Салық тексеру актісін толтыру. Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысы мен бөлім басшысының тапсырмаларын орындау. Әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша материалдардың дайындалуын, өз еркімен белгіленген мерзімде әкімшілік айыппұлды төлемеген жағдайда, әкімшілік материалды мәжбүрлеп өндіріп алуға жолдау. Web-АП платформасына 1-ӘЖ, №1-ӘҚ нысанды карточкаларының енгізілуін бақылау. Өндірістік емес төлемдерді, соның ішінде, жеке тұлғалардың мүлік салығы, жер салығы, көлік құралдары салығы бойынша әкімшілендіру. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу және жинау бойынша заңнама, нормативтік-құқықтық актілерді қолдану бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.  Салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың, сондай-ақ дербес шоттардағы өсімақылар мен айыппұлдардың қоса есептелген (есептелген, кемітілген) және төленген (есепке жатқызылған, қайтарылған) сомаларының есебінің дұрыс жүргізілуіне бақылау және есептілікті дұрыс жасау функцияларын атқару. 1-Н есебін жасау, ҚҚС-ның қайтарылуын жүргізу. ОСДШ бағдарламасының арқылы тускен түсімдерді қабылдап, күн сайын қате төлем құжаттарының тиістілігін анықтау бойынша жұмыс жүргізу. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 622 Бұйрығымен бекітілген «Дербес шоттарды жүргізу ережесіне» сәйкес, дербес шоттарды жүргізу. Қате реквизиттермен келіп түскен салықтарды түзетіп отырғызу. Заңды тұлғаларды және жеке тұлңалардың салықтарын, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, есімпұлдар мен айыппұлдарды есепке жатқызу және қайтару. Жоғарыдан және басқада жерлерден келіп түскен құжаттарға қатынас қағаздарына уақтылы жауап қайтару. Келесі БСК болжам көрсеткіштерін бақылауды жүзеге асырады және орындайды: Өз құзыреті шегінде әкімшілік іс жасау және жасалған әкімшілік істің № 1-ӘЖ, №1-ӘҚ нысанды карточкаларын уақтында шығару, СЕӨС АЖ-де сұрауларды өндеу, 2-Н есептілігін дайындауға қатысу. Дербес шоттарды Мемлекеттік кірістер басқарма арасында салық төлеушілердің өтніші бойынша салыстыру актісін жасау, артық және қате түскен салық төлемдерін дербес шоттарын бақылау жасау. Республика бюджетіне және жергілікті бюджетке түсетін тусімдерге бақылау жасап, сараптама өткізіп уақытылы түзетуге үсыныс беріп отыру. Тоқсандық, жылдық түсімдер бойынша жоспарлардың орындалуын қамтамасыз ету.

         Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім  - әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару немесе құқық: құқықтану, кеден ісі немесе техникалық ғылымдар және технологиялар: автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету.

Құзыреттер бойынша талаптар:

стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірбиесі талап етілмейді.

Әңгімелесу өткізудің мерзімі мен орны:

Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде C-R-4 санаты бойынша мына мекен жайы бойынша 090100, Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Чапаев  ауылы, Әбілхайыр хан көшесі, 57 үй мекен-жайы бойынша өтеді.

             Құжаттар 2022 жылдың  04 мамырынан бастап 2022 жылдың 06 мамырын қоса алғанда 3 жұмыс күні ішінде,  ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – Уәкілетті орган) интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

         Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш (бұдан әрі – Өтініш);

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 211 қазандағы No 14 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде No 14436 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.

         Қосымша ақпарат

Кандидаттың келісімі болған жағдайда онымен әңгімелесуді интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде онлайн-трансляциялауға жол беріледі.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Әңгімелесу және іріктеудің басқа тәсілдерін өткізу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының барысына кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін  отырысқа  байқаушылар шақырылады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары негізінде жүргізіледі.

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру
Дата публикации
04 мая 2022