«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін жалпы конкурс

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер  департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі, 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, А.Каримуллин көшесі, 2/2 үй, анықтама үшін телефондар: 8(7112) 53-84-40, факс 8 (7112) 53-84-40, электрондық адресі sа.nurgalieva@kgd.gov.kz

 

  1. ЕАЭО шеңберінде ҚҚС әкімшілендіру басқармасының экспорттық бақылау бөлімінің бас маманы             («C-О-5» санаты,  1 бірлік, индекстік №МКД-4-2/36), «C-О-5» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 212 601 (min) теңгеден 260 615 (max) теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Экспорттық бақылауға жататын өнімнің мемлекеттік шекара арқылы өткізілуін бақылау, лицензиялар/ рұқсаттарды тіркеуді жүзеге асыру, олардың орындалуы туралы СЭҚ қатысушыларына анықтамалар беру, экспорттық бақылау мәселелері бойынша тәуекелдер профилін жасау, тізілімдегі тауарларды бақылау, ҚР аумағына әкелінген  және кедендік процедураларға орналастырылған тауарлар туралы мәліметтерді талдау және мониторинг жүргізу, СЭҚ қатысушыларының экспорттық бақылау туралы заңнамаларды, ҚР халықаралық келісімшарттарының сақтауын талдау және мониторингті жүзеге асыру, ақпараттық-талдау материалдарын дайындау, Қазақстан Республикасы аумағына үшінші елдерден әкелінетін және баждардың төменгі ставкасы  қолданылатын тауарлардың шығуын болдырмауға бақылауды жүзеге асыру, ҚР аумағына және ЕАЭО мүше басқа мемлекеттерден импортталатын және экспортталатын тауарларға салық төлеушілермен тапсырылған декларациялар арқылы талдау жасау және бақылау, шолу хаттар дайындау.

Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

Жоғары немесе жоғары оқу орыннан кейінгі білім – құқық: құқықтану, кеден ісі, халықаралық құқық немесе әлеуметтік ғылымдар және бизнес: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент,  мемлекеттік және жергілікті басқару немесе техникалық ғылымдар және технологиялар: ақпараттық технологиялар.

Құзыреттер бойынша талаптар:                   

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

  

  1. Аудит басқармасының САЭБ бөлімінің бас маманы (уақытша, негізгі қызметкер А.Е.Куспанованың бала күту демалысы кезеңіне, 05.01.2025ж. дейін), («C-О-5» санаты, 1 бірлік, индекстік №МКД-12-2/2),        «C-О-5» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 212 601 (min) теңгеден 260 615 (max) теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Жоғарғы органдарға тапсырылатын  есептер мен ақпараттарды орындау, 2-Н есептілігімен жұмыс. Бөлім қызметінің бағалау көрсеткіштерінің орындалуын бақылау. «Пирамида» аналитикалық есебімен жұмыс жасау. Аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларының мамандарымен жүргізілген құжаттық тексеру сапасына, актілердің дұрыс жасалуына және тексеру кезінде анықталған бұзушылықтар үшін салынған айыппұлдардың заңдылығына тексеру жүргізу. Салық заңнамасын сақтамаған салық төлеушілер тобын анықтау үшін жүргізілген тексеру қорытындыларын талдау. Жүргізілген тексеру қорытындыларын сараптау арқылы салық заңнамаларын толық орындамайтын салық төлеушілерді анықтау. Аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларының жұмысын жақсарту жөнінде ұсыныстар мен тексеру кезінде анықталған кемшіліктерді жою туралы хаттар, бұйрықтар мен алқа мәжілісінің шешімдерін дайындау, тексеру материалдарына талдау жасау.

Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

Жоғары немесе жоғары оқу орыннан кейінгі білім – әлеуметтік ғылымдар және бизнес: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару.

Құзыреттер бойынша талаптар:                   

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Әңгімелесу өткізудің мерзімі мен орны:

Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде С-О-5  санаты бойынша БҚО, Орал қаласы, А.Каримуллин көшесі 2/2 үй мекен-жайы бойынша әңгімелесуден өтеді.

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

Құжаттар 2022 жылдың  15 сәуірінен бастап 2022 жылдың 25 наурызын қоса алғанда 7 жұмыс күні ішінде, жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап ұсынылуы керек.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не "Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) Өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);

3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

      "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

      Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың (осы Қағидалардың 79-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда):

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

Осы Қағидалардың 76-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:

1) Өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы тапсырған кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы қолхатты береді.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссияның хатшысымен оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде электрондық почта мекенжайына тыпсырған кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық почта мекенжайына жолданады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Қосымша ақпарат:

Конкурсқа қатысып жатқан мемлекеттік қызметшілер тестілеуден өтпейді.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Кандидаттың келісімі болған жағдайда онымен әңгімелесуді интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде онлайн-трансляциялауға жол беріледі.

Әңгімелесу және іріктеудің басқа тәсілдерін өткізу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының барысына кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін  отырысқа  байқаушылар шақырылады.

          Конкурсқа қатысатын мемлекеттік қызметшілер мен теріс себептермен немесе олардың қызметін бағалау, сынақ мерзімінің не аттестаттау қорытындыларының нәтижелері бойынша қызметтен шығарылғандарды қоспағанда, мемлекеттік қызметтен шығарылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, егер ол өзге жеке және мемлекеттік органдар болып табылмайтын заңды тұлғалармен еңбек қатынастарында тұрмаған, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерге шықпаған жағдайда, тестілеуден өтпестен, "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурсқа және сайлауға қатысуға құқылы.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.               

 Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары негізінде жүргізіледі.

 

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін жалпы конкурс
Дата публикации
15 апреля 2022