«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін жалпы конкурс

  1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер  департаменті Орал қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы»республикалық мемлекеттік мекемесі, 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Некрасова көшесі, 30/1 үй, анықтама телефоны: (87112) 24-28-35, электрондық мекенжайы: d.kaskarauova@kgd.gov.kz

1.Салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің бас маманы, (уақытша, негізгі қызметкердің С.Ахметованың бала күту демалысы кезеңінде, 15.10.2022ж. дейін) («C-R-4» санаты, 1 бірлік, индексі МКБ-1-7-2), «C-R-4» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 186632 (min) теңгеден 229492 (max) теңгеге дейiн.

         Функционалдық міндеттері: Орталық ережесімен бекітілген құжаттарды уақытында қабылдап, өңдеуге жолдау, бақылау касса машиналарын есепке қою, шығару бойынша өтініштерді қабылдау, дайын құжаттарды беру. Электронды құжаттармен алмасу барысында электронды цифрлық қолтаңбаны қолданып қабылдауға келісім беру, электронды үлгіде салық есептіліктерін тапсыру бойынша «Салықтөлеушілер тирминалында» қызмет ету. Салық төлеушілерге салық заңдылығын түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Орталықтар ережесімен бекітілген құжаттарды мемлекеттік кірістер органы ақпараттық жүйесіне енгізу және өңдеу, қосылған құн салығы төлеушілерін уақытында есепке қою және шығару. Патент есебін өңдеу, тіркеуге қою, салық төлеушілердің тіркеу деректерін өзгерту туралы өтініштерін өңдеу, ТСАЖ бағдарламасына салық төлеуші деректерін енгізу, берешегі бары немесе жоғы туралы анықтаманы қалыптастыру, қосылған құн салығы төлеушісі куәлігін беру, салық төлеуші тапсырған салық есептілігі бойынша салық төлеушінің дербес шотын тексеру. Казнашылық басқармасына төлемдер қорытындысын жолдау, қызметтің жеке түрі бойынша ақпараттарды уақытында беру. Салық төлеушіні мемлекеттік кірістер органы шешімі бойынша есептен шығару.  Кезекті электронды басқару жүйесінің үнемі жұмыс істеуін қамтамассыз етуін уақытылы қадғалау, бақылау жасау.

         Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

         Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім  - әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару.

Құзыреттер бойынша талаптар:

стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, алалдық, өздігінен даму, жеделдік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірбиесі талап етілмейді.

 

  1. Жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімінің жетекші маманы, («C-R-5» санаты, 1 бірлік,индексі МКБ-1-9-3), «C-R-5» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 161809 (min) теңгеден 199226 (max) теңгеге дейiн.

Функционалдық міндеттері: Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы елдерден қаңтар, наурыз, мамыр, шілде, қыркүйек, қараша айларында әкелінген тауарлар бойынша 328.00 нысанын қабылдауды және өңдеуді жүзеге асыру. Қаңтар, наурыз, мамыр, шілде, қыркүйек, қараша айларында тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштерді қабылдау кезінде 105115 коды бойынша салықтардың толық есептелуіне және уақтылы төленуіне бақылауды жүзеге асыру. Қаңтар, наурыз, мамыр, шілде, қыркүйек, қараша үшін тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы ұсынылған өтініштердің жасалу сапасына оларды қабылдаған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде (ЕАЭО елдерінің салық органдарына беру үшін маманның міндетті белгісімен немесе осы белгіні қоюдан дәлелді бас тартумен) тексеруді жүзеге асыру. 328.00 нысаны бойынша форматты-логикалық бақылау, қаңтар, наурыз, мамыр, шілде, қыркүйек, қараша айларындағы мәртебелерді бақылау. ҚР ӘҚБтК-нің 272, 288, 287, 571, 571-1-баптары бойынша «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінде белгіленген тәртіппен ақпан, сәуір, маусым, тамыз, қазан, желтоқсан айларына әкімшілік жауапкершілікке тарту.

Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

         Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім - әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, құқық: құқықтану, құқық, кеден ісі.

Мүмкіндігінше, негізгі қызмет саласы бойынша қайта даярлау курстарынан өткені туралы сертификаттың болуы.

Құзыреттер бойынша талаптар:

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде  С-R-4,  С-R-5 санаттары бойынша Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Некрасова көшесі 30/1 үй мекен-жайы бойынша әңгімелесуден өтеді.

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

Құжаттар 2022 жылдың  05  сәуірінен бастап 2022 жылдың  13 сәуірін қоса алғанда 7 жұмыс күні ішінде, жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап ұсынылуы керек.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не "Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) Өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);

3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

      "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

      Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың (осы Қағидалардың 79-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда):

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

Осы Қағидалардың 76-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:

1) Өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы тапсырған кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы қолхатты береді.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссияның хатшысымен оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде электрондық почта мекенжайына тыпсырған кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық почта мекенжайына жолданады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Қосымша ақпарат:

Конкурсқа қатысып жатқан мемлекеттік қызметшілер тестілеуден өтпейді.

Кандидаттың келісімі болған жағдайда онымен әңгімелесуді интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде онлайн-трансляциялауға жол беріледі.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Әңгімелесу және іріктеудің басқа тәсілдерін өткізу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының барысына кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін  отырысқа  байқаушылар шақырылады.

          Конкурсқа қатысатын мемлекеттік қызметшілер мен теріс себептермен немесе олардың қызметін бағалау, сынақ мерзімінің не аттестаттау қорытындыларының нәтижелері бойынша қызметтен шығарылғандарды қоспағанда, мемлекеттік қызметтен шығарылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, егер ол өзге жеке және мемлекеттік органдар болып табылмайтын заңды тұлғалармен еңбек қатынастарында тұрмаған, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерге шықпаған жағдайда, тестілеуден өтпестен, "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурсқа және сайлауға қатысуға құқылы.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.               

 Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары негізінде жүргізіледі.

 

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін жалпы конкурс
Дата публикации
05 апреля 2022