«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін жалпы конкурс

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер  департаменті Орал қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы»республикалық мемлекеттік мекемесі, 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Некрасова көшесі, 30/1 үй, анықтама телефоны: (87112) 24-28-35, электрондық мекенжайы: sа.akhmetova@kgd.gov.kz, kaskarauova@kgd.gov.kz .

  1. Заңды тұлғаларды әкімшілендіру бөлімінің жетекші маманы (уақытша, негізгі қызметкер А.Ескалиеваның бала күту демалысы кезеңіне, 17.06.2024ж. дейін), («C-R-5» санаты, 1 бірлік, индексі МКБ-1-6-3), «C-R-5» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 161 809 (min) теңгеден 199 226 (max) теңгеге дейiн.

Функционалдық міндеттері: Салық кодексiнiң 59-бабына сәйкес оңайлатылған тәртiппен резидент заңды тұлғалардың жекелеген санаттары бойынша үстел бақылауын жүргiзу және қорытынды жасау. Салық кодексiнiң 59-бабына сәйкес қызметiн оңайлатылған тәртiппен тоқтату туралы заңды тұлғалардың салық есептiлiктерiнiң уақтылы берiлуiн түгендеу. Салық есептілігін уақтылы ұсынбау немесе табыс етпеген жағдайда әкімшілік іс қозғау және әкімшілік жауапкершілікке тартуды қамтамасыз ету. Салық кодексінің 18-тарауының нормаларына және департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Кәсіпкерлік кодексінің нормаларына сәйкес хронометраждық тексерулер жүргізу. «Әкімшілік жауапкершілікке тартылатын салық төлеушілердің жалпы санындағы электрондық шот-фактураны уақтылы бермегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылмаған салық төлеушілердің үлесі» 10.6 критерийі бойынша орындау. Заңды тұлғалардың қолма-қол ақшаны есепке алу және қолма-қол ақшаны есепке алу, тесіп өтпеу және чек бермеу шарттарын бұзуын анықтау және әзірлеу. Бұзушылықтар анықталған, әкiмшiлiк iс қозғалған және әкiмшiлiк жауаптылыққа тартуды қамтамасыз еткен жағдайда. Салық кодексiнiң 114-бабының және Хабарлама беру ережелерiнiң талаптарына сәйкес салық төлеушiлерге уақтылы және сапалы бағыттау, хабарламаларды жеткiзу. Берілген хабарламаларды белгіленген тәртіпке сәйкес пысықтау және олардың орындалуын бақылау. Жұмыс барысында бұзушылықтар туындаған жағдайда, әкімшілік іс қозғау, уақтылы және сапалы қалыптастыру, әкімшілік айыппұлды өз еркімен төлеу туралы хабарлама жіберу және жеткізу, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы анықтау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қарауға уәкілеттік берілген соттарға, органға, лауазымды адамға уақтылы жолдану. Заңды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту шараларын қабылдау. Әкімшілік кодекстің әкімшілік материалдар бойынша талаптарын сақтау.

Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

         Жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім - әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару.

  1. Мәжбүрлеп өндіру бөлімінің жетекші маманы (уақытша, негізгі қызметкер Е.Мәжитовтың әскери борышын өтеу  кезеңіне), («C-R-5» санаты, 1 бірлік, индексі МКБ-1-5-3),  «C-R-5» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 161 809  (min) теңгеден 199 226 (max) теңгеге дейiн.

Функционалдық міндеттері: Салық заңнамасымен белгіленген мерзімде салықтық берешек есебіне мүлікке иелік етуді шектеу туралы қалыптасқан шешімді салық төлеушінің қолына береді. Заңнамаға сәйкес салықтық берешек есебіне мүлікке иелік етуді шектеу туралы қалыптасқан шешім негізінде уәкілетті органдарда ауыртпалықтар салады. Салық заңнамасымен белгіленген мерзімде және тәртіпте мүлікке иелік етуді шектеу тізімдемесінің актісін жасайды. Уәкілетті органдарда тіркелмеген мүлікті анықтайды. Касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімнің қолданылу мерзімінде мүлікті, ақша қаражатының қозғалысын анықтау мақсатында салық төлеушінің берген есептіліктеріне талдау жасайды. Салықтық тексерудің нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) жоғары тұрған салық қызметі органының хабарламаға түскен шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарған шешіміне шағым жасаған кезде Салық кодексімен белгіленген мерзімге және тәртіпке сәйкес салық төлеушінің мүлікке иелік етуге шектеу жасау(шектеу туралы шешім шығару, ауыртпалық салу, тізімдеме актісін жасау). «КРУА» АҚ-мен шектелген мүлікті қабылдау –тапсыру актісіне қол қою, сондай-ақ борышкер қол қоюдан бас тартқан немесе келмеген жағдайда мүлікті сатып алу-сату шартына қол қою. Салықтық берешек есебіне салық төлеушінің (салық агентінің) мүлікке иелік етуін шектеуді іске асыру қағидаларына сәйкес бірлескен бақылау шараларын қабылдау үшін электрондық аукцион әкімшілігімен өзара әрекет жасау. Салық төлеушінің салықтық берешегі есебіне мүлікке иелік етуді шектеу туралы қайта жасалған шешім бойынша БСАЖ-да күн сайын түгендеу жүргізу.

Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

         Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім - әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, құқық: құқықтану.

Құзыреттер бойынша талаптар:

стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде  С-R-5 санаты бойынша Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Некрасова көшесі 30/1 үй мекен-жайы бойынша әңгімелесуден өтеді.

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

Құжаттар 2022 жылдың  17 қаңтарынан  бастап 2022 жылдың  25 қаңтарын қоса алғанда  7 жұмыс күні ішінде, жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап ұсынылуы керек.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не "Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) Өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);

3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

      "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

      Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың (осы Қағидалардың 79-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда):

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

Осы Қағидалардың 76-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:

1) Өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы тапсырған кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы қолхатты береді.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссияның хатшысымен оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде электрондық почта мекенжайына тыпсырған кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық почта мекенжайына жолданады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Қосымша ақпарат:

Кандидаттың келісімі болған жағдайда онымен әңгімелесуді интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде онлайн-трансляциялауға жол беріледі.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Әңгімелесу және іріктеудің басқа тәсілдерін өткізу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының барысына кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін  отырысқа  байқаушылар шақырылады.

         Конкурсқа қатысып жатқан мемлекеттік қызметшілер тестілеуден өтпейді.

          Конкурсқа қатысатын мемлекеттік қызметшілер мен теріс себептермен немесе олардың қызметін бағалау, сынақ мерзімінің не аттестаттау қорытындыларының нәтижелері бойынша қызметтен шығарылғандарды қоспағанда, мемлекеттік қызметтен шығарылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, егер ол өзге жеке және мемлекеттік органдар болып табылмайтын заңды тұлғалармен еңбек қатынастарында тұрмаған, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерге шықпаған жағдайда, тестілеуден өтпестен, "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурсқа және сайлауға қатысуға құқылы.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.               

 Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары негізінде жүргізіледі.

 

 

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін жалпы конкурс
Дата публикации
14 января 2022