«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер  департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі, 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, А.Каримуллин көшесі, 2/2 үй, анықтама үшін телефондар: 8(7112) 53-84-40, факс 8 (7112) 53-84-40, электрондық адресі sa.nurgalieva@kgd.gov.kz
  1. ЕАЭО шеңберінде ҚҚС әкімшілендіру басқармасының басшысы («C-О-3» санаты, 1 бірлік, индекстік №МКД-4), «C-О-3» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 285 201 теңгеден 350 413 (max) теңгеге дейiн.

        Функционалдық міндеттері: Басқарма қызметкерлерінің жұмысын жоспарлау, ұйымдастыру және басшылық ету, басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуын қамтамасыз ету, экспорттық бақылау шараларының сақталуын бақылау бойынша өткізу пункттарының қызметін ұйымдастыру, жүйелеу және мониторингін жүргізу, экспорттық бақылауға жататын өнімнің мемлекеттік шекара арқылы өткізілуін бақылау, экспорттық бақылаудың жалпы мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың құрамында жұмыс топтарына қатысу, тізілімдегі тауарлардың мемлекеттік шекара арқылы өткізу мәселелері бойынша өткізу пункттарына тексеру жүргізу,  ЕАЭО халықаралық шарттар базасына сәйкес ЕАЭО-та импорт/экспорт, тауарларды өткізу, жұмыс орындау және қызметтер көрсету кезінде бюджетке ҚҚС толық түсуін қамтамасыз етуді бақылау, импортталатын және экспортталатын тауарларды есепке алу және талдауды бақылау, түсімдер резервін анықтау және бюджетке импортқа салынатын ҚҚС түсуін ұлғайту бойынша ұсыныстар енгізу, экспорттық бақылау мәселелері бойынша Комитетпен, басқа департаменттермен  және Департаменттің құрылымдық бөлімшелерімен өзара әрекет ету.

Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

Жоғары немесе жоғары оқу орыннан кейінгі білім - құқық: құқықтану, кеден ісі, халықаралық құқық немесе әлеуметтік ғылымдар және бизнес: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент,  мемлекеттік және жергілікті басқару.

Құзыреттер бойынша талаптар:      

стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  • мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  • осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  • А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  • өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  • мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе облыстық деңгейдегі басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
  • осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;
  • жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  • ғылыми дәрежесінің болуы.
  1. Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімінің бас маманы («C-О-5» санаты, 1 бірлік, индекстік №МКД-15-2/3), «C-О-5» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 212061 теңгеден 260 615 (max) теңгеге дейiн.

        Функционалдық міндеттері: Ақпараттық-сараптамалық жұмыс әдісін білу. Облыс бойынша алкоголь өнімдері нарығының жағдайы туралы мониторинг, ақпараттық-сараптамалық материалдарды жүзеге асыру. Акцизделетін өнімдердің қозғалысына бақылау, пайдалану балансына талдау жасау, акциздердің түсіміне бақылау жасау, жоғары тұрған органдарға есептіліктерді уақытында дайындап жіберу, акцизделетін өнімдерге байланысты салық  міндеттемелерін орындау мәселелеріне қатысты шаруашылық субъектілеріне құжаттық тексеру және хронометраждық зерттеу жүргізу. ҚҚС түсімін талдау негізінде болжам жасауға қатысу, қосылған құн салығы бойынша салық заңдарының талаптарын сақтау, ҚҚС әкімшілендіру және оның әдістемесін білу, Тауарларды шығарғаннан кейінгі кедендік бақылау басқармасымен берілген мәліметтерге сәйкес есепке жатқызу әдісі арқылы тауар импорты кезіндегі ҚҚС төлеу жөніндегі міндеттемелердің орындалуына бақылау.  ҚҚС төлеушілер электрондық шот-фактураларына бақылау.  Құрылымдық бөлімшелердің ҚҚС бойынша міндетті есепке қою және ҚҚС бойынша есептен шығару жұмыстарына тұрақты түрде бақылау.

       Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім - әлеуметтік ғылымдар және бизнес: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару.

       Құзыреттер бойынша талаптар:

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

        Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

       Әңгімелесу өткізудің мерзімі мен орны:

Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде С-О-3, С-О-5 санаттары бойынша БҚО, Орал қаласы, А.Каримуллин көшесі 2/2 үй мекен-жайы бойынша әңгімелесуден өтеді.

ІІ.    «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің  Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер  департаменті Орал қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы»республикалық мемлекеттік мекемесі, 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Некрасова көшесі, 30/1 үй, анықтама телефоны: (87112) 24-28-35, электрондық мекенжайы: sа.akhmetova@kgd.gov.kz, d.kaskarauova@kgd.gov.kz .

1.Заңды тұлғаларды әкімшілендіру бөлімінің бас маманы, (уақытша, негізгі қызметкер А.Джумагазиеваның бала күту демалысы кезеңінде, 16.10.2022ж. дейін), («C-R-4» санаты, 1 бірлік, индексі МКБ-1-6-2), «C-R-4» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 186 632 (min) теңгеден 229 492 (max) теңгеге дейiн.

          Функционалдық міндеттері: Заңды тұлғалардың салық төлеушiлерiнiң санын есепке алу, әрекетсiз салық төлеуші санын қысқарту жөнiндегi жұмыстар, нөлдiк декларацияны табыс етушi салық төлеуші саны. Заңды тұлғалардың сандық есебінің коды. 2,3,5,7 кестелерді қоса алғанда, белгіленген  мерзімге 2-Н есебін сапалы ұсыну. Заңды тұлғалардың салық төлеушiлерiне, сауда базарларының, сауда үйлерiнiң иелерiне салықтық әкiмшiлiк ету (ТНС 871.00). 19.2 «Өткен тоқсанмен салыстырғанда қағып кеткен тексерулер санының өсу қарқыны» өлшемін орындау. Деректерді онлайн беру арқылы кассаларды пайдалану туралы заңды тұлғалардың ақпаратын талдау және дамыту. Салық заңнамасының бұзылуын жою туралы хабарламаларды жіберу, жеткізу, 60 күннен кешіктірілмей ақпараттық жүйелерде хабарламаларды жеткізу жағдайын қамтамасыз ету. Салық кодексінің 70, 71-бабының ережелеріне сәйкес тексеру актілерін жүргізу. ҚҚС бойынша тіркелген жеке кәсіпкерді анықтаған кезде тексеру актілерін салықтық тексеруден кейін 1 жұмыс күні ішінде салық кодексінің 70-бабына сәйкес әрекет ету үшін жанама салықтарды басқару бөліміне беру. Жұмыс барысында «жалған» тіркеу белгілері және басқа да заңсыз кәсіпкерлік белгілері анықталған жағдайда, ақпаратты 3 жұмыс күні ішінде құқық қорғау органдарына беру. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес БҚО МКД-не жіберген есептерді, ақпараттарды, сұраныстарға жауаптарды, Орал қаласы бойынша МКБ-ның  басқа бөлімдеріне, құқық қорғау органдарына және басқа ұйымдарға уақтылы және сапалы ұсыну.

         Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі - әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару.

Құзыреттер бойынша талаптар:

стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, алалдық, өздігінен даму, жеделдік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірбиесі талап етілмейді.

 Әңгімелесу өткізудің мерзімі мен орны:

Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде C-R-4 санаты бойынша Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Некрасова көшесі 30/1 үй мекен-жайы бойынша әңгімелесуден өтеді.

Құжаттар 2022 жылдың 17 қаңтарынан бастап 2022 жылдың 19 қаңтарын қоса алғанда 3 жұмыс күні ішінде,  ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – Уәкілетті орган) интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

         Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш (бұдан әрі – Өтініш);

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 211 қазандағы No 14 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде No 14436 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.

         Қосымша ақпарат

Кандидаттың келісімі болған жағдайда онымен әңгімелесуді интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде онлайн-трансляциялауға жол беріледі.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Әңгімелесу және іріктеудің басқа тәсілдерін өткізу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының барысына кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін  отырысқа  байқаушылар шақырылады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары негізінде жүргізіледі.

 

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру
Дата публикации
14 января 2022