«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Орал қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы»республикалық мемлекеттік мекемесі, 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Некрасова көшесі, 30/1 үй, анықтама телефоны: (87112) 24-28-35, электрондық мекенжайы: sа.akhmetova@kgd.gov.kz, kaskarauova@kgd.gov.kz .
1.Заңды тұлғаларды әкімшілендіру бөлімінің бас маманы, (уақытша, негізгі қызметкер А.Джумагазиеваның бала күту демалысы кезеңіне, 16.10.2022ж. дейін) («C-R-4» санаты, 1 бірлік, индексі МКБ-1-5-2), «C-R-4» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 95 209 (min) теңгеден 128 834 (max) теңгеге дейiн.
Функционалдық міндеттері:
Салық салу объектілері бойынша мемлекеттік уәкілетті органдардан түскен ақпараттар және салық төлеушілердің тапсырған салық есептіліктері негізінде салық міндеттемесінің толық орындалуына камералды бақылау жүргізу. Салық төлеушілерге уақытында хабарламаларды жолдау және табыстау. БҚО МКД-не салық төлеуші ретінде тіркелуін заңсыз деп таныған жалған кәсіпкерлік материалдарын жолдау. Мемлекеттік тапсырыс аясында ақша алған, кеден одағы мемлекеттерінен импорттаушы салық төлеушілерге камералды бақылау жүргізу. Камералды бақылау нәтижесі бойынша орындалмаған хабарламаларға уақытында әкімшілік шараларды қолдану. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық және уақтылы түсуін қамтамасыз ету, камералды бақылау жүргізу және хабарламаларды табыстау, салық төлеушілердің міндеттемелерін орындауына салықтық бақылау жүргізу, әрекетсіз салық төлеушілер тізімін қалыптастыру, артық төлемге бақылау жүргізу. Патент және жеңілдетілген арнайы салық режимін қолданатын салық төлеушілердің тіркелу деректерінің талапқа сәйкестігін әкімшілендіру. ҚР ӘҚК сәйкес салық төлеушілерге әкімшілік шараларды қолдану, тарату сатысындағы, әрекетсіз деп танылған салық төлеушілердің салықтық міндеттерді орындауы бойынша камералдық бақылау, талдау, әкімшілендіруді іске асырады.
Хронометраждық зерттеулер жүргізу, салық төлеушінің нақты тұрғылықты жері бойынша жоқ болған жағдайда акті толтыру, салық төлеушілерге салық міндеттемесін орындау жөніндегі хабарламаны табыс ету, тіркелмеген салық төлеушілерді анықтау жұмысын жүргізу.
Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі - әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару.
Құзыреттер бойынша талаптар:
стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, алалдық, өздігінен даму, жеделдік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірбиесі талап етілмейді.
2.Жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімінің бас маманы, (уақытша, негізгі қызметкердің М.Хамреденованың бала күту демалысы кезеңіне, 01.03.2023 ж. дейін), («C-R-4» санаты, 1 бірлік, индексі МКБ-1-9-2), «C-R-4» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 95 209 (min) теңгеден 128 834 (max) теңгеге дейiн.
Функционалдық міндеттері:
Қосылған құн салығы төлеушілер тізімін, қосылған құн салығы төлеушілерді есепке қою, есептен шығару бойынша бақылау жүргізу. 2-Н есебіне өндіріп алу бойынша бақылау, әкімшілік айыппұл соммаларының салынуы мен өндірілуіне бақылау, артық төлемді өңдеу. ҚҚС бойынша салық заңдылығы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, ҚҚС әкімшілендіру және оның әдістемесін білу. ҚҚС қатысты салық заңнамаларын жетілдіру жөніндегі ұсыныс беру. Өз еркімен белгіленген мерзімде әкімшілік айыппұлды төлемеген жағдайда, әкімшілік материалды мәжбүрлеп өндіріп алуға жолдау. Қажет болған жағдайда салық тексеру актісін толтыру. Салық төлеушілердің бюджетке артық төленген қосылған құн салығы соммасын қайтару, есептеу бойынша өтініштерін қарау. Форматты-логикалық бақылау жүргізу, ҚҚС 300.00 нысанының қате тапсырылауы бойынша өңдеу жұмыстарын жүргізіп, шаралар қолдану. ҚР ӘҚК туралы Заңына сәйкес әкімшілік шаралар қолдану.Кеден одағы мемлекеттерінен әкелінген тауарлар бойынша 320.00 және 328.00 салық есептілігі нысанын қабылдау, салықтың уақытында толық есептелуіне бақылау жасау. Әкелінген тауарлар бойынша жанама салықтардың төленуі мен қабылданған өтінішітердің сапасын бақылау, расталған әкелінген тауар және жанама салығының төленгендігі туралы өтініштерге, жанама салық және импортталған тауарларлар декларациясына камералды бақылау жүргізу, уақытында орындалмаған салық міндеттемесі орындалуын қамтамасыз ету. ҚР ӘҚК сәйкес әкімшілік шараларды қолдану. Тақырыптық, хронометраждық салық тексерулерін жүргізу, материалдарды ведомстволыққа жолдау, әкімшілік істерді қарау бойынша сот отырыстарына қатысу. Актілер мен хаттамаларлардың уақытында және сапалы орындалып, мәжбүрлеп өндіріп алу бөліміне берешекті өндіріп алу үшін жолдау. Хабарламаларды шығару және уақытында орындамаған жағдайда шаралар қолдану. Алкоголь өнімдерін шығаратын салық төлеушілер тізімін жүргізу. Тапсырылған акциздік өнім айналымы, алкоголь өнімдерін бөлшектеп жүзеге асыру бойынша ілеспе жолдамалары бойынша салық есептіліктерін талдап, камералды бақылау жүргізу.
Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі - әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес: экономика, есепжәне аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, құқық: кеден ісі.
Құзыреттер бойынша талаптар:
стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, алалдық, өздігінен даму, жеделдік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірбиесі талап етілмейді.
3.Өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіру бөлімінің бас маманы, (уақытша,негізгі қызметкердің Н.Арстанованың бала күту демалысы кезеңіне, 11.04.2022 ж. дейін), («CR-4» санаты,1 бірлік, индексі МКБ-1-10-2), «C-R-4» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 95 209 (min) теңгеден 128 834 (max) теңгеге дейiн.
Функционалдық міндеттері:
Толық деректер базасын құру негізінде салық салу объектілері бар салық төлеушілер есебін жүргізу. Салық төлеушілердің мүлік салығы, жер салығы, көлік құралдарына салығын төлеу бойынша салық міндеттемесін орындалуына салықтық бақылау жүргізу. Салық төлеушілерге есептелген салық соммасы туралы хабарламаны шығарып, табыс ету, төлемеген жағдайда салық заңдылығы бұзушылықтарын жою туралы хабарлама, әрі қарай құқықтық қамтамасыз ету бөліміне сот органына жолдау үшін материалддарды жіберу. Мемлекеттік қызметшілердің мүлкіне жеке табыс салығы декларациясының дұрыстығына бақылау жұмысын жүргізу. ҚР ӘҚК сәйкес әкімшілік шараларды қолдану.Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық және уақтылы түсімін қамтамасыз ету, салық бересін азайтуға бойынша жұмыс, түсім мониторингісін жүргізу. Уәкілетті органдармен бірлескен іс шараларға қатысу. Өндірістік емес төлемдер түсімдерін талдау. Салық салу объектілері бойынша салық төлеушілердің есебін жүргізу.Бюджетке өнідірістік емес төлемдер салығы түсімінің уақытында толық түсуін қамтамасыз ету, салық төлеушілердің салық міндеттемесін орындауына бақылау жасау, мемлекет меншігіне айналдырылған мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және жүзеге асыру ережесінің сақталуына бақылау жүргізу және одан түскен қаражаттың бюджетке уақытында толық түсуіне бақылау. Барлық өндірістік емес төлемдер түрлері бойынша мемлекеттік мекемелердің салық міндеттемесін орындауына қатысты жоспарлы тақырыптық тексеру жүргізу, тексеру актісінде көрсетілген салық заңдылығы бұзушылықтарының жойылуына және қоса есептелген сомманың уақытында түсуіне бақылау жасау.
Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі - экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, техникалық ғылымдар жəне технологиялар: автоматтандыру жəне басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы жəне бағдарламалық қамтамасыз ету.
Құзыреттер бойынша талаптар:
стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, алалдық, өздігінен даму, жеделдік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірбиесі талап етілмейді.
4.Талдау және есепке алу бөлімінің бас маманы, (уақытша,негізгі қызметкердің А.Шамшинаның бала күт демалысы кезеңінде, 27.03.2022ж. дейін) («C-R-4» санаты, 1 бірлік, индексі МКБ-1-4-2), «C-R-4» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 95 209 (min) теңгеден 128 834 (max) теңгеге дейiн.
Функционалдық міндеттері:
Қала көлемінде салықтар мен салықтық емес төлемдердің түрлері бойынша болжам түсімінің жоспарын жасау. Барлық салық және міндетті төлемдер түрлері бойынша болжам жоспарның орындалуына бақылау жасау. Түсімдердің талдауы мен болжамын жүргізу, бюджетке түскен салық және басқа да міндетті төлемдерді қадағалауына алынған салық түрлері бойынша талдау және болжау жасау, негізсіз артық төлемдермен жұмыстану және артық төлемдерді азайту үшін сәйкес бөлімдерге жіберу. Сараптамалық ақпарат дайындау (УАМ-1, күтілетін түсімдер туралы мәлімет). Салық төлеушілерден түскен салықтар мен міндетті төлемдерді дербес шоттарына отырғызу, барлық салық және міндетті төлемдер түрлері түсімдеріне талдау жасау, салық төлеушінің дербес шотын ашу, уақытылы және толық жүргізу, анықталмаған төлемдермен жұмыс, жүйелі түрде есептілік дайындау. Салық төлеушілердің өтініштері бойынша төлем тапсырмаларды және қорытындыларды Қазынашылық органдарына жолдау. Қаланың макроэкономикалық дамуы қарқыны динамикасы негізінде мемлекеттік бюджетке түсімге талдау жасау. Салықты есептеу, жинау және басқа да міндетті төлемдер бойынша заңнамалық, нормативті құқықтық актілерінің қолдануына түсіндіру жұмыстарын жүргізу. - көрсетілген тізімдеме бойынша Қабылдау және беру тобының қызметшілерінен кіріс құжаттарын қабылдауды жүзеге асыру, мемлекеттік қызмет көрсетустандарттарына және регламенттеріне сәйкес кіріс құжаттарын уақытылы өндеуді жүзеге асыру, почта бойынша немесе Мемлекеттік корпорациясынан келіп түскен кіріс құжаттарын беру журналына қолын қойып қабылдау, соның ішінде салық төлеушілердің өтініштері бойынша бюджетке артық (қате) төленген салықтар және басқада міндетті төлемдер туралы қорытындыларды және алу/қайтару туралы төлем тапсырмаларды қалыптастыру; салықтар мен төлемдер және МЗҚ немесе ӘА бойынша берешегі бар/жоғы туралы анықтамаларды қалыптастыру; салық төлеушілердің өтініштері бойынша төлем тапсырмаларды және қорытындыларды Қазынашылық органдарына жолдау; сыртқы жүйелерден анықтамаларға, кері қайтару туралы келіп түскен арыздардарды өндеу; тапсырылған салық есептіліктеріне сәйкес салық төлеушілердің дербес шоттарының сәйкестігін тексеру, дербес шотттарының сәйкес еместігін анықтаған жағдайда тиісті шара қолдану.
Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі - әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару.
Құзыреттер бойынша талаптар:
стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, алалдық, өздігінен даму, жеделдік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірбиесі талап етілмейді.
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде С-R-5 санаты бойынша Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Некрасова көшесі 30/1 үй мекен-жайы бойынша әңгімелесуден өтеді.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
Құжаттар 2021 жылдың 27 қазанынан бастап 2021 жылдың 04 қарашасын қоса алғанда 7 жұмыс күні ішінде, жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап ұсынылуы керек.
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не "Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) Өтініш;
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);
3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;
"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.
Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың (осы Қағидалардың 79-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда):
1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;
2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.
Осы Қағидалардың 76-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.
Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:
1) Өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.
Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы тапсырған кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы қолхатты береді.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссияның хатшысымен оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде электрондық почта мекенжайына тыпсырған кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық почта мекенжайына жолданады.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Қосымша ақпарат:
Кандидаттың келісімі болған жағдайда онымен әңгімелесуді интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде онлайн-трансляциялауға жол беріледі.
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Әңгімелесу және іріктеудің басқа тәсілдерін өткізу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының барысына кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін отырысқа байқаушылар шақырылады.
Конкурсқа қатысып жатқан мемлекеттік қызметшілер тестілеуден өтпейді.
Конкурсқа қатысатын мемлекеттік қызметшілер мен теріс себептермен немесе олардың қызметін бағалау, сынақ мерзімінің не аттестаттау қорытындыларының нәтижелері бойынша қызметтен шығарылғандарды қоспағанда, мемлекеттік қызметтен шығарылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, егер ол өзге жеке және мемлекеттік органдар болып табылмайтын заңды тұлғалармен еңбек қатынастарында тұрмаған, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерге шықпаған жағдайда, тестілеуден өтпестен, "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурсқа және сайлауға қатысуға құқылы.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары негізінде жүргізіледі.