«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Орал қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы»республикалық мемлекеттік мекемесі, 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Некрасова көшесі, 30/1 үй, анықтама телефоны: (87112) 24-28-35, электрондық мекенжайы: sа.akhmetova@kgd.gov.kz, kaskarauova@kgd.gov.kz .
1.Заңды тұлғаларды әкімшілендіру бөлімінің бас маманы («C-R-4» санаты, 1 бірлік, индексі МКБ-1-5-2), «C-R-4» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 95 209 (min) теңгеден 128 834 (max) теңгеге дейiн.
Функционалдық міндеттері:
Салық салу объектілері бойынша мемлекеттік уәкілетті органдардан түскен ақпараттар және салық төлеушілердің тапсырған салық есептіліктері негізінде салық міндеттемесінің толық орындалуына камералды бақылау жүргізу. Салық төлеушілерге уақытында хабарламаларды жолдау және табыстау. БҚО МКД-не салық төлеуші ретінде тіркелуін заңсыз деп таныған жалған кәсіпкерлік материалдарын жолдау. Мемлекеттік тапсырыс аясында ақша алған, кеден одағы мемлекеттерінен импорттаушы салық төлеушілерге камералды бақылау жүргізу. Камералды бақылау нәтижесі бойынша орындалмаған хабарламаларға уақытында әкімшілік шараларды қолдану. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық және уақтылы түсуін қамтамасыз ету, камералды бақылау жүргізу және хабарламаларды табыстау, салық төлеушілердің міндеттемелерін орындауына салықтық бақылау жүргізу, әрекетсіз салық төлеушілер тізімін қалыптастыру, артық төлемге бақылау жүргізу. Патент және жеңілдетілген арнайы салық режимін қолданатын салық төлеушілердің тіркелу деректерінің талапқа сәйкестігін әкімшілендіру. ҚР ӘҚК сәйкес салық төлеушілерге әкімшілік шараларды қолдану, тарату сатысындағы, әрекетсіз деп танылған салық төлеушілердің салықтық міндеттерді орындауы бойынша камералдық бақылау, талдау, әкімшілендіруді іске асырады.
Хронометраждық зерттеулер жүргізу, салық төлеушінің нақты тұрғылықты жері бойынша жоқ болған жағдайда акті толтыру, салық төлеушілерге салық міндеттемесін орындау жөніндегі хабарламаны табыс ету, тіркелмеген салық төлеушілерді анықтау жұмысын жүргізу.
Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі - әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару.
Құзыреттер бойынша талаптар:
стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, алалдық, өздігінен даму, жеделдік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірбиесі талап етілмейді.
2. «Салық төлеушілердің ақпараттарын қабылдау мен өндеу және салықтық тіркеу орталығы» бөлімінің басшысы, («C-R-3» санаты, 1 бірлік, индексі МКБ-1-7-1) «C-R-3»санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 106 358 (min) теңгеден 142 814 (max) теңгеге дейiн.
Функционалдық міндеттері:
Жалпы бөлім жұмысына басшылық ету, бөлім құзыретіне қарай басқа мемлекеттік органдармен немесе басқа да мекемелермен байланыс ұйымдастыру.
Мемлекеттік қызмет көрсету, орталықтар ережесімен бекітілген салық есептіліктері мен өтініштердің уақытында қабылданып өңдеуге жолдануына бақылау жасау, қабылданған салық есептіліктерінің сапасына бақылау, берілген тапсырмалардың, есептердің, сұраныстардың, ақпараттардың, хаттар мен өтініштердің жоғары тұрған органға уақытында және сапалы орындалуына бақылау жүргізу. Азаматтармен жұмыс жасау.
Орталықтар ережесімен бекітілген құжаттарды салық органы ақпараттық жүйесіне енгізу және өңдеу жұмысына бақылау жасау, қосылған құн салығы төлеушілерін уақытында есепке қою және шығару, құжаттарды беруге тізімді дайындау. Салық төлеушілерге бөлім құзіретіне жататын сұрақтар бойынша салық заңнамасын түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Берілген тапсырмалардың, есептердің, сұраныстардың, ақпараттардың, хаттар мен өтініштердің жоғары тұрған органға уақытында және сапалы орындалуына бақылау жүргізу. бөлім қызметкерлерімен Қазақстан Респбликасының заңнамаларын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ Заңын, «Мемлекеттік қызмет туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V ҚРЗ заңын, «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі» 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚР Заңын, «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығын, ҚР заңын 09 маусым 2016 жылғы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының №326 «Аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша мемлекеттік кірістер органдарымен қызметтерді көрсету тәртібін бекіту» туралы бұйрығын, 2 қаңтар 2007 жылғы № 221 «Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңын, ҚР Қаржы Министрлігінің 2020 жылғы «10» маусымдағы №665 «Мемлекеттік қызмет көрсету қағидараларын» сақтау, 29.12.2017 жылғы «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің «БСАЖ», «СЕӨЖ», «Акциз» және «ОБДШ» ақпараттық жүйелеріне ақпараттарды енгізу және өңдеу регламентін бекіту туралы» ҚР ҚМ бұйрығын, 25.12.2019 жылғы ҚР ҚМ МККМ № КГД -14-1/27227-И хатымен бектіліген «Қызмет көрсету орталығының қызметкерлерінің іскерлік қатынасын ұйымдастыру мәдениетті» атты методикалық нұсқаулығын сақталуын қадағалау, бақылау
Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:
Жоғары - әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару.
Мүмкіндігінше, негізгі қызмет саласы бойынша қайта даярлау курстарынан өткені туралы сертификаттың болуы.
Құзыреттер бойынша талаптар:
стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
Әңгімелесу өткізу мерзімі мен орны:
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде С-R-4 санаты бойынша Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Некрасова көшесі 30/1 үй мекен-жайы бойынша әңгімелесуден өтеді.
Құжаттар 2021 жылдың 27 қазанынан бастап 2021 жылдың 29 қазанын қоса алғанда 3 жұмыс күні ішінде, ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – Уәкілетті орган) интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш (бұдан әрі – Өтініш);
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 211 қазандағы No 14 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде No 14436 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.
Қосымша ақпарат
Кандидаттың келісімі болған жағдайда онымен әңгімелесуді интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде онлайн-трансляциялауға жол беріледі.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Әңгімелесу және іріктеудің басқа тәсілдерін өткізу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының барысына кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін отырысқа байқаушылар шақырылады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары негізінде жүргізіледі.