«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер  департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі, 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, А.Каримуллин көшесі, 2/2 үй, анықтама үшін телефондар: 8(7112) 53-84-40, факс 8 (7112) 53-84-40, электрондық адресі sa.nurgalieva@kgd.gov.kz.   

 

  1. Аудит басқармасының САЭБ   бөлімінің басшысы («C-О-4» санаты,   1 бірлік, индекстік №МКД-12-2), «C-О-4» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 126 356 (min) теңгеден 170 599 (max) теңгеге дейiн.

Функционалдық міндеттері: Бөлім жұмысын  ұйымдастыру. Бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттігін анықтау. Бөлімнің жалпы қызметін басқару. Жоғарғы органдарға тапсырылатын  есептер мен ақпараттардың уақытылы орындалуын қадағалау. Бөлім жұмысының жоспарын және салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің дұрыс есептелуі мен уақытылы аударылуы мәселесі бойынша жеке және заңды тұлғаларға құжаттық тексеру жүргізу кестесін  дайындау. Бөлім қызметінің бағалау көрсеткіштерінің орындалуын бақылау. «Пирамида» аналитикалық есебімен жұмыс жасау.

Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

Жоғары немесе жоғары оқу орынан кейінгі білім - әлеуметтік ғылымдар және бизнес: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару.

2.Аудит  басқармасының пост-кедендік бақылау  бөлімінің басшысы («C-О-4» санаты, 1 бірлік, индекстік №МКД-12-3-1), «C-О-4» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 126 356 (min) теңгеден 170 599 (max) теңгеге дейiн.

Функционалдық міндеттері: Бөлімнің жұмысына жалпы басшылық және бақылау жасау. Камералдық кедендік және көшпелі кедендік тексерулердің сапалы жүргізілуін бақылауды жүзеге асыру. Есепке алу әдісімен төленген кедендік ресімдеу кезінде шартты түрде шығарылған тауарлар мен ҚҚС тауарларын бақылау бойынша жұмысты ұйымдастыру. "Көк дәлізде" "АСТАНА-1" АЖ арқылы тауарларға түсетін декларацияларға электрондық түрде және қағаз жеткізгіште, тауарлар шығарылғаннан кейін басталған кедендік құжаттар мен мәліметтерге, сондай-ақ қызметті тоқтатуға арналған кедендік тексерулерге және тарату салық есептілігіне, тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, ЕАЭО кедендік аумағына тауарларды әкелуді жүзеге асыратын салық төлеушілерді салықтық және кедендік әкімшілендірудің пилоттық жобасы шеңберінде тауарларға арналған декларацияларға кедендік тексерулерге және түзетулерге тексерулерді жүзеге асыру. Тауарларды пайдалану және (немесе) билік ету бойынша шектеулермен ұштасатын, кедендік әкелу баждары мен салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер берілген шартты түрде шығарылған тауарларды есепке алуды және бақылауды жүзеге асыру, Кеден одағы комиссиясының 2013 жылғы 10 желтоқсандағы №289 шешіміне сәйкес ТД-да мәлімделген мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) енгізуге байланысты кедендік операцияларды жүзеге асыру.  Консультациялық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыру, қолданыстағы заңнаманың қолданылуына талдау жүргізу, бөлімнің қызметіне қатысты нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру бойынша ұсыныстар жіберу.

Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

Жоғары немесе жоғары оқу орынан кейінгі білім - әлеуметтік ғылымдар және бизнес: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару немесе құқық: құқықтану, халықаралық құқық, кеден ісі.

Құзыреттер бойынша талаптар:

стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  • мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  • осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда 2 жылдан кем емес;
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі 1 жылдан кем емес;
  • өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;
  • мемлекеттік қызмет өтілі 2 жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында 1 жылдан кем емес;
  • жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  • ғылыми дәрежесінің болуы.

Әңгімелесу өткізудің мерзімі мен орны:

Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде С-О-4 санаты бойынша БҚО, Орал қаласы, А.Каримуллин көшесі 2/2 үй мекен-жайы бойынша әңгімелесуден өтеді.

Құжаттар 2021 жылдың 22 қазанынан бастап 2021 жылдың 26 қазанын қоса алғанда 3 жұмыс күні ішінде,  ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – Уәкілетті орган) интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

         Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш (бұдан әрі – Өтініш);

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы  №14 бұйрығымен бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.

         Қосымша ақпарат

Кандидаттың келісімі болған жағдайда онымен әңгімелесуді интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде онлайн-трансляциялауға жол беріледі.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Әңгімелесу және іріктеудің басқа тәсілдерін өткізу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының барысына кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін  отырысқа  байқаушылар шақырылады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары негізінде жүргізіледі.

Дата публикации
21 октября 2021