«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін жалпы конкурс

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің  Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер  департаменті Орал қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы»республикалық мемлекеттік мекемесі, 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Некрасова көшесі, 30/1 үй, анықтама телефоны: (87112) 24-28-35, электрондық мекенжайы: sа.akhmetova@kgd.gov.kz, kaskarauova@kgd.gov.kz .

1.Жеке кәсіпкерлерді әкімшілендіру бөлімінің бас маманы, (уақытша,

негізгі қызметкердің А.Жангалиеваның бала күт демалысы кезеңінде, 01.06.2022ж. дейін), («C-R-4» санаты, 1 бірлік, индексі МКБ-1-6-2), «C-R-4» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 95 209 (min) теңгеден 128 834 (max) теңгеге дейiн.

Функционалдық міндеттер

Салық салу объектілері бойынша мемлекеттік уәкілетті органдардан түскен ақпараттар және салық төлеушілердің тапсырған салық есептіліктері негізінде салық міндеттемесінің толық орындалуына камералды бақылау жүргізу. Салық төлеушілерге уақытында хабарламаларды жолдау және табыстау. Камералды бақылау нәтижесі бойынша орындалмаған хабарламаларға уақытында әкімшілік шараларды қолдану. Автоматтандырылған камералды бақылау бойынша хабарламалардың уақытылы және сапалы өңдеу, жалған кәсіпкерлікті анықтау және жолын кесу бойынша жұмыстар жүргізу. Патент және жеңілдетілген арнайы салық режимін қолданатын салық төлеушілердің тіркелу деректерінің талапқа сәйкестігін әкімшілендіру. Бақылау касса машинасын қолданылу ережесінің сақталуына бақылау жасау, тіркелмеген кәсіпкерлік субъектілерін анықтау, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру, жүргізілген тексеру қорытындысы бойынша акті толтыру, хронометраждық зерттеулер жүргізу, салық төлеушінің нақты тұрғылықты жері бойынша жоқ болған жағдайда акті толтыру, салық төлеушілерге салық міндеттемесін орындау жөніндегі хабарламаны табыс ету, тіркелмеген салық төлеушілерді анықтау жұмысын жүргізу.

         Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі - әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес: экономика, есепжәне аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару.

Мынадай құзыреттердің бар болуы:

стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, алалдық, өздігінен даму, жеделдік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

          Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірбиесі талап етілмейді.

2.«Салық төлеушілердің ақпараттарын қабылдау мен өндеу және салықтық тіркеу орталығы» бөлімінің бас маманы, (уақытша, негізгі қызметкердің А.Кажимованың бала күту демалысы кезеңінде, 23.09.2022ж. дейін) («C-R-4» санаты, 1 бірлік, индексі МКБ-1-7-2), «C-R-4» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 95 209 (min) теңгеден 128 834 (max) теңгеге дейiн.

         Функционалдық міндеттері:

Орталық ережесімен бекітілген құжаттарды уақытында қабылдап, өңдеуге жолдау, бақылау касса машиналарын есепке қою, шығару бойынша өтініштерді қабылдау, дайын құжаттарды беру. Электронды құжаттармен алмасу барысында электронды цифрлық қолтаңбаны қолданып қабылдауға келісім беру, электронды үлгіде салық есептіліктерін тапсыру бойынша «Салықтөлеушілер тирминалында» қызмет ету. Салық төлеушілерге салық заңдылығын түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Орталықтар ережесімен бекітілген құжаттарды мемлекеттік кірістер органы ақпараттық жүйесіне енгізу және өңдеу, қосылған құн салығы төлеушілерін уақытында есепке қою және шығару. Патент есебін өңдеу, тіркеуге қою, салық төлеушілердің тіркеу деректерін өзгерту туралы өтініштерін өңдеу, ТСАЖ бағдарламасына салық төлеуші деректерін енгізу, берешегі бары немесе жоғы туралы анықтаманы қалыптастыру, қосылған құн салығы төлеушісі куәлігін беру, салық төлеуші тапсырған салық есептілігі бойынша салық төлеушінің дербес шотын тексеру. Казнашылық басқармасына төлемдер қорытындысын жолдау, қызметтің жеке түрі бойынша ақпараттарды уақытында беру. Салық төлеушіні мемлекеттік кірістер органы шешімі бойынша есептен шығару.  Кезекті электронды басқару жүйесінің үнемі жұмыс істеуін қамтамассыз етуін уақытылы қадғалау, бақылау жасау.

         Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

         Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім  - әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару.

Құзыреттер бойынша талаптар:

стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, алалдық, өздігінен даму, жеделдік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірбиесі талап етілмейді.

3.«Салық төлеушілердің ақпараттарын қабылдау мен өндеу және салықтық тіркеу орталығы» бөлімінің бас маманы, (уақытша, негізгі қызметкердің А.Есенгалиеваның бала күту демалысы кезеңінде, 29.01.2023ж. дейін) («C-R-4» санаты, 1 бірлік, индексі МКБ-1-7-2), «C-R-4» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 95 209 (min) теңгеден 128 834 (max) теңгеге дейiн.

         Функционалдық міндеттері:

Орталық ережесімен бекітілген құжаттарды уақытында қабылдап, өңдеуге жолдау, бақылау касса машиналарын есепке қою, шығару бойынша өтініштерді қабылдау, дайын құжаттарды беру. Электронды құжаттармен алмасу барысында электронды цифрлық қолтаңбаны қолданып қабылдауға келісім беру, электронды үлгіде салық есептіліктерін тапсыру бойынша «Салықтөлеушілер тирминалында» қызмет ету. Салық төлеушілерге салық заңдылығын түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Орталықтар ережесімен бекітілген құжаттарды мемлекеттік кірістер органы ақпараттық жүйесіне енгізу және өңдеу, қосылған құн салығы төлеушілерін уақытында есепке қою және шығару. Патент есебін өңдеу, тіркеуге қою, салық төлеушілердің тіркеу деректерін өзгерту туралы өтініштерін өңдеу, ТСАЖ бағдарламасына салық төлеуші деректерін енгізу, берешегі бары немесе жоғы туралы анықтаманы қалыптастыру, қосылған құн салығы төлеушісі куәлігін беру, салық төлеуші тапсырған салық есептілігі бойынша салық төлеушінің дербес шотын тексеру. Казнашылық басқармасына төлемдер қорытындысын жолдау, қызметтің жеке түрі бойынша ақпараттарды уақытында беру. Салық төлеушіні мемлекеттік кірістер органы шешімі бойынша есептен шығару.  Кезекті электронды басқару жүйесінің үнемі жұмыс істеуін қамтамассыз етуін уақытылы қадғалау, бақылау жасау.

         Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

         Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім  - әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару.

Құзыреттер бойынша талаптар:

стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, алалдық, өздігінен даму, жеделдік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірбиесі талап етілмейді.

4.Мәжбүрлеп өндіру бөлімінің бас маманы, (уақытша, негізгі қызметкердің Ш.Усманованың бала күту демалысы кезеңінде, 21.05.2024ж. дейін), («C-R-4» санаты, 1 бірлік, индексі МКБ-1-8-2), «C-R-4» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 95 209 (min) теңгеден 128 834 (max) теңгеге дейiн.

Функционалдық міндеттері:

Салық міндеттемесін орындату әдісі бойынша жұмыстарды қамтамасыз ету және салық төлеушілерден мәжбүрлеп өндіріп алу, толық және уақытылы міндетті зейнетақы қорларын, әлеуметтік аударымдардың есептеліп, ұсталуына бақылау жасау. Салық берешектерін мәжбүрлеп өндіру жөніндегі заңмен белгіленген барлық шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз ету, Салық берешегіне талдау және оны азайту шараларын анықтау, барлық шараларды қолданғаннан соң ҚР «Банкрот және оңалту туралы» Заңына сәйкес салық заңдылығына сәйкес талап жұмыстарын жүргізу, салық заңдылығын, зейнетақымен қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау заңдылықтарын бұзғаны үшін әкімшілік шараларының қолданылуын қамтамасыз ету. Салық төлеушілерді банкрот деп тану бойынша істің сотта қаралуына қатысу. Салық және басқа да міндетті төлемдердің есептелу және ұсталу заңдылығы, нормативті құқықтық актілері бойынша түсінік жұмыстарын жүргізу. Салық заңнамасы бойынша белгіліенген тәртіп және мезгелі бойынша мүлік тізімдемесі актісін жасайды. Өкілетті органдарда тіркелмеген мүліктін тізімін анықтайды.

         Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

         Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі - әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару; құқық: құқықтану.

Құзыреттер бойынша талаптар:

стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, алалдық, өздігінен даму, жеделдік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

          Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірбиесі талап етілмейді.

5.Жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімінің бас маманы, (уақытша,

негізгі қызметкердің А.Қуанышқызының бала күту демалысы кезеңіне, 30.05.2022. дейін), («C-R-4» санаты, 1 бірлік, индексі МКБ-1-9-2), «C-R-4» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 95 209 (min) теңгеден 128 834 (max) теңгеге дейiн.

Функционалдық міндеттері:

Қосылған құн салығы төлеушілер тізімін, қосылған құн салығы төлеушілерді есепке қою, есептен шығару бойынша бақылау жүргізу. 2-Н есебіне өндіріп алу бойынша бақылау, әкімшілік айыппұл соммаларының салынуы мен өндірілуіне бақылау, артық төлемді өңдеу. ҚҚС бойынша салық заңдылығы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, ҚҚС әкімшілендіру және оның әдістемесін білу. ҚҚС қатысты салық заңнамаларын жетілдіру жөніндегі ұсыныс беру. Өз еркімен белгіленген мерзімде әкімшілік айыппұлды төлемеген жағдайда, әкімшілік материалды мәжбүрлеп өндіріп алуға жолдау. Қажет болған жағдайда салық тексеру актісін толтыру. Салық төлеушілердің бюджетке артық төленген қосылған құн салығы соммасын қайтару, есептеу бойынша өтініштерін қарау. Форматты-логикалық бақылау жүргізу, ҚҚС 300.00 нысанының қате тапсырылауы бойынша өңдеу жұмыстарын жүргізіп, шаралар қолдану. ҚР ӘҚК туралы Заңына сәйкес әкімшілік шаралар қолдану.Кеден одағы мемлекеттерінен әкелінген тауарлар бойынша 320.00 және 328.00 салық есептілігі нысанын қабылдау, салықтың уақытында толық есептелуіне бақылау жасау. Әкелінген тауарлар бойынша жанама салықтардың төленуі мен қабылданған өтінішітердің сапасын бақылау, расталған әкелінген тауар және жанама салығының төленгендігі туралы өтініштерге, жанама салық және импортталған тауарларлар декларациясына камералды бақылау жүргізу, уақытында орындалмаған салық міндеттемесі орындалуын қамтамасыз ету. ҚР ӘҚК сәйкес әкімшілік шараларды қолдану. Тақырыптық, хронометраждық салық тексерулерін жүргізу, материалдарды ведомстволыққа жолдау, әкімшілік істерді қарау бойынша сот отырыстарына қатысу. Актілер мен хаттамаларлардың уақытында және сапалы орындалып, мәжбүрлеп өндіріп алу бөліміне берешекті өндіріп алу үшін жолдау. Хабарламаларды шығару және уақытында орындамаған жағдайда шаралар қолдану. Алкоголь өнімдерін шығаратын салық төлеушілер тізімін жүргізу. Тапсырылған акциздік өнім айналымы, алкоголь өнімдерін бөлшектеп жүзеге асыру бойынша ілеспе жолдамалары бойынша салық есептіліктерін талдап, камералды бақылау жүргізу.

         Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

         Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі - әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес: экономика, есепжәне аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, құқық: кеден ісі.

Құзыреттер бойынша талаптар:

стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, алалдық, өздігінен даму, жеделдік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірбиесі талап етілмейді.

6.Мәжбүрлеп өндіру бөлімінің жетекші маманы, («C-R-5» санаты, 1

бірлік, индексі МКБ-1-8-3), «C-R-5» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 84414  (min) теңгеден 114853 (max) теңгеге дейiн.

Функционалдық міндеттері:

Салық міндеттемесін орындату әдісі бойынша жұмыстарды қамтамасыз ету және салық төлеушілерден мәжбүрлеп өндіріп алу, толық және уақытылы міндетті зейнетақы қорларын, әлеуметтік аударымдардың есептеліп, ұсталуына бақылау жасау. Салық берешектерін мәжбүрлеп өндіру жөніндегі заңмен белгіленген барлық шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз ету, Салық берешегіне талдау және оны азайту шараларын анықтау, барлық шараларды қолданғаннан соң ҚР «Банкрот және оңалту туралы» Заңына сәйкес салық заңдылығына сәйкес талап жұмыстарын жүргізу, салық заңдылығын, зейнетақымен қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау заңдылықтарын бұзғаны үшін әкімшілік шараларының қолданылуын қамтамасыз ету. Салық төлеушілерді банкрот деп тану бойынша істің сотта қаралуына қатысу. Салық және басқа да міндетті төлемдердің есептелу және ұсталу заңдылығы, нормативті құқықтық актілері бойынша түсінік жұмыстарын жүргізу.

Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

         Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім - әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес: экономика, есепжәне аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, құқық: құқықтану.

Құзыреттер бойынша талаптар:

стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

  1. Жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімінің жетекші маманы,

(«C-R-5» санаты, 1 бірлік, индексі МКБ-1-9-2), «C-R-5» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 84414  (min) теңгеден 114853 (max) теңгеге дейiн.

Функционалдық міндеттері:

Қосылған құн салығы төлеушілер тізімін, қосылған құн салығы төлеушілерді есепке қою, есептен шығару бойынша бақылау жүргізу. 2-Н есебіне өндіріп алу бойынша бақылау, әкімшілік айыппұл соммаларының салынуы мен өндірілуіне бақылау, артық төлемді өңдеу. ҚҚС бойынша салық заңдылығы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, ҚҚС әкімшілендіру және оның әдістемесін білу. ҚҚС қатысты салық заңнамаларын жетілдіру жөніндегі ұсыныс беру. Өз еркімен белгіленген мерзімде әкімшілік айыппұлды төлемеген жағдайда, әкімшілік материалды мәжбүрлеп өндіріп алуға жолдау. Қажет болған жағдайда салық тексеру актісін толтыру. Салық төлеушілердің бюджетке артық төленген қосылған құн салығы соммасын қайтару, есептеу бойынша өтініштерін қарау. Форматты-логикалық бақылау жүргізу, ҚҚС 300.00 нысанының қате тапсырылауы бойынша өңдеу жұмыстарын жүргізіп, шаралар қолдану. ҚР ӘҚК туралы Заңына сәйкес әкімшілік шаралар қолдану.Кеден одағы мемлекеттерінен әкелінген тауарлар бойынша 320.00 және 328.00 салық есептілігі нысанын қабылдау, салықтың уақытында толық есептелуіне бақылау жасау. Әкелінген тауарлар бойынша жанама салықтардың төленуі мен қабылданған өтінішітердің сапасын бақылау, расталған әкелінген тауар және жанама салығының төленгендігі туралы өтініштерге, жанама салық және импортталған тауарларлар декларациясына камералды бақылау жүргізу, уақытында орындалмаған салық міндеттемесі орындалуын қамтамасыз ету. ҚР ӘҚК сәйкес әкімшілік шараларды қолдану. Тақырыптық, хронометраждық салық тексерулерін жүргізу, материалдарды ведомстволыққа жолдау, әкімшілік істерді қарау бойынша сот отырыстарына қатысу. Актілер мен хаттамаларлардың уақытында және сапалы орындалып, мәжбүрлеп өндіріп алу бөліміне берешекті өндіріп алу үшін жолдау. Хабарламаларды шығару және уақытында орындамаған жағдайда шаралар қолдану. Алкоголь өнімдерін шығаратын салық төлеушілер тізімін жүргізу. Тапсырылған акциздік өнім айналымы, алкоголь өнімдерін бөлшектеп жүзеге асыру бойынша ілеспе жолдамалары бойынша салық есептіліктерін талдап, камералды бақылау жүргізу.

         Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

         Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі - әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес: экономика, есепжәне аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, құқық: кеден ісі.

Құзыреттер бойынша талаптар:

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

8.Өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіру бөлімінің жетекші маманы,

(«C-R-5» санаты, 1 бірлік, индексі МКБ-1-10-3), «C-R-5» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 84414  (min) теңгеден 114853 (max) теңгеге дейiн.

Функционалдық міндеттері:

Толық деректер базасын құру негізінде салық салу объектілері бар салық төлеушілер есебін жүргізу. Салық төлеушілердің мүлік салығы, жер салығы, көлік құралдарына салығын төлеу бойынша салық міндеттемесін орындалуына салықтық бақылау жүргізу. Салық төлеушілерге есептелген салық соммасы туралы хабарламаны шығарып, табыс ету, төлемеген жағдайда салық заңдылығы бұзушылықтарын жою туралы хабарлама. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық және уақтылы түсімін қамтамасыз ету, салық бересін азайтуға бойынша жұмыс, түсім мониторингісін жүргізу. Уәкілетті органдармен бірлескен іс шараларға қатысу. Өндірістік емес төлемдер түсімдерін талдау. Салық салу объектілері бойынша салық төлеушілердің есебін жүргізу. Бюджетке өнідірістік емес төлемдер салығы түсімінің уақытында толық түсуін қамтамасыз ету, салық төлеушілердің салық міндеттемесін орындауына бақылау жасау, мемлекет меншігіне айналдырылған мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және жүзеге асыру ережесінің сақталуына бақылау жүргізу және одан түскен қаражаттың бюджетке уақытында толық түсуіне бақылау. Барлық өндірістік емес төлемдер түрлері бойынша мемлекеттік мекемелердің салық міндеттемесін орындауына қатысты жоспарлы тақырыптық тексеру жүргізу, тексеру актісінде көрсетілген салық заңдылығы бұзушылықтарының жойылуына және қоса есептелген сомманың уақытында түсуіне бақылау жасау.

Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

         Жоғары  немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім - әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, техникалық ғылымдар жəне технологиялар: автоматтандыру жəне басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы жəне бағдарламалық қамтамасыз ету.

Құзыреттер бойынша талаптар:

стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

          Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде  С-R-4, С-R-5 санаттары бойынша Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Некрасова көшесі 30/1 үй мекен-жайы бойынша әңгімелесуден өтеді.

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

Құжаттар 2021 жылдың  11 қазанынан бастап 2021 жылдың  19 қазанын қоса алғанда 7 жұмыс күні ішінде, жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап ұсынылуы керек.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не "Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) Өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);

3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

      "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

      Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың (осы Қағидалардың 79-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда):

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

Осы Қағидалардың 76-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:

1) Өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы тапсырған кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы қолхатты береді.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссияның хатшысымен оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде электрондық почта мекенжайына тыпсырған кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық почта мекенжайына жолданады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Қосымша ақпарат:

Кандидаттың келісімі болған жағдайда онымен әңгімелесуді интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде онлайн-трансляциялауға жол беріледі.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Әңгімелесу және іріктеудің басқа тәсілдерін өткізу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының барысына кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін  отырысқа  байқаушылар шақырылады.

         Конкурсқа қатысып жатқан мемлекеттік қызметшілер тестілеуден өтпейді.

          Конкурсқа қатысатын мемлекеттік қызметшілер мен теріс себептермен немесе олардың қызметін бағалау, сынақ мерзімінің не аттестаттау қорытындыларының нәтижелері бойынша қызметтен шығарылғандарды қоспағанда, мемлекеттік қызметтен шығарылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, егер ол өзге жеке және мемлекеттік органдар болып табылмайтын заңды тұлғалармен еңбек қатынастарында тұрмаған, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерге шықпаған жағдайда, тестілеуден өтпестен, "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурсқа және сайлауға қатысуға құқылы.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.               

 Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары негізінде жүргізіледі.

 

 

 

 

 

 

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін жалпы конкурс
Дата публикации
11 октября 2021