«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер  департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі, 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, А.Каримуллин көшесі, 2/2 үй, анықтама үшін телефондар: 8(7112) 53-84-40, факс 8 (7112) 53-84-40, электрондық адресі sа.nurgalieva@kgd.gov.kz.   

1.Ұйымдастыру-қаржы басқармасының басшысы («C-О-3» санаты, 1 бірлік, индекстік №МКД-9), «C-О-3» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 123 171 теңгеден 166 528 (max) теңгеге дейiн.

Функционалдық міндеттері:

Басқарма жұмысына жалпы басшылық жасау,  басқармаға жүктелген міндеттердің сапалы әрі уақтылы орындалуын қадағалау, бөлінген ақша қаражаттарының тиімді және мақсатты пайдаланылуын бақылау, жасалатын қаржы  операцияларының дұрыс рәсімделуіне, заңдылығына бақылау жасау, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алулар туралы заңнамасының дұрыстығына бақылауды жүзеге асыру, мемлекеттік сатып алулар бағытында жасалатын жұмыстардың ұйымдастырылуын қадағалау, негізгі құралдардың, арзан бағалы тез тозғыш заттардың жағдайын және сақталуын, әкімшілік ғимараттың инженерлік-техникалық жай-күйін бақылау, алдағы жылдарға бюджеттік өтінімнің жасалуына бақылау жасау. Аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларына жүргізілетін кешенді тексерулер жоспарын жасау, алқа мәжілістерін өткізуді ұйымдастыру. Жоғары тұрған органға ақпараттар мен есептердің уақтылы және сапалы берілуін қамтамасыз ету, алқа мәжілістеріне материалдар дайындау, жиналыстар мен алқа мәжілістерінің хаттамасын жасау, Мемлекеттік кірістер департаментінің құрылымдық бөлімшелерінің жұмыс жоспарларын жинақтау, келіп түскен құжаттардың уақтылы және сапалы орындалуына бақылау жасау, жоғары тұрған органның, департамент басшысының хаттамалық тапсырмаларының орындалуына бақылау жасау.               

Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім  - әлеуметтік ғылымдар және бизнес: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару немесе құқық: құқықтану.

Құзыреттер бойынша талаптар:      

стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  • мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  • осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  • А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  • өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  • мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе облыстық деңгейдегі басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
  • осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;
  • жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  • ғылыми дәрежесінің болуы.
  1. Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының басшысы («C-О-3» санаты, 1 бірлік, индекстік №МКД-15), «C-О-3» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 123 171 теңгеден 166 528 (max) теңгеге дейiн.

             Функционалдық міндеттері: Басқарма қызметкерлерінің жұмысын жоспарлау, ұйымдастыру және басшылық ету, ҚҚС әкімшілендіру бойынша жұмысты бақылауды жүзеге асыру, ҚҚС бойынша салық заңнамалары талаптарының сақталуын қамтамасыз етуді бақылау, акцизделетін өнімдер бойынша салық міндеттемелерінің орындалуына бақылауды жүзеге асыру, облыс бойынша акцизделетін өнімдердің қозғалысына бақылауды жүзеге асыру, жанама салықтарды  әкімшілендіру бойынша жұмыс жағдайын бақылау, жанама салықтардың бюджетке толық түсуін қамтамасыз ету бойынша салықтық бақылауды жүзеге асыруды ұйымдастыру. Басқарманың лауазымды тұлғаларымен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормаларын сақтауларына бақылау жасау. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің, сақталуын қамтамасыз ету, сонымен қатар мүдделер қақтығысын болдырмау және  реттеу.

Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім - әлеуметтік ғылымдар және бизнес: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару.

Құзыреттер бойынша талаптар:      

стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  • мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  • осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  • А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  • өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  • мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе облыстық деңгейдегі басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
  • осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;
  • жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  • ғылыми дәрежесінің болуы.

           Әңгімелесу өткізудің мерзімі мен орны:

Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде С-О-3 санаты бойынша БҚО, Орал қаласы, А.Каримуллин көшесі 2/2 үй мекен-жайы бойынша әңгімелесуден өтеді.

Құжаттар 2021 жылдың 06 қазанынан бастап 2021 жылдың 08 қазанын қоса алғанда 3 жұмыс күні ішінде,  ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – Уәкілетті орган) интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

          Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш (бұдан әрі – Өтініш);

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 211 қазандағы No 14 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде No 14436 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.

         Қосымша ақпарат

Кандидаттың келісімі болған жағдайда онымен әңгімелесуді интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде онлайн-трансляциялауға жол беріледі.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Әңгімелесу және іріктеудің басқа тәсілдерін өткізу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының барысына кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін  отырысқа  байқаушылар шақырылады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары негізінде жүргізіледі.

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру
Дата публикации
05 октября 2021