Дара кәсіпкерлікті оңайтылған тәртіппен тоқтату тәртібі

Дара кәсіпкердің  жекелеген санаттары:

  • қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмайтын;
  • бірлескен кәсіпкерлік нысанында қызметті жүзеге асырмайтын;
  • жекелеген қызмет түрлерін (бензинді (авиациялық бензиннен басқа), дизель отынын өндіруді және оларды көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізуді, этил спиртін және (немесе) алкоголь өнiмдерін өндiруді, алкоголь өнiмдерiн көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізуді, темекi бұйымдарын өндiрудi және (немесе) көтерме саудада өткізуді,  ойын бизнесiн, тауарлармен электрондық саудасы) жүзеге асырмайтын;
  • салықтық тексерулер жоспарында немесе тәуекел дәрежесін бағалау негізінде ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін салықтық тексерулердің жартыжылдық графигінде болмаған;
  • салықтық берешегі, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі жоқ;
  • тәуекелдер деңгейі жоғары емес дара кәсіпкерлер қызметті оңайлатылған тәртіппен камералды тексерусіз тоқтатуға жатады.

       Дара кәсіпкер қызметін тоқтату туралы шешім қабылдағанда өзінің орналсақан жері бойынша салық органына ұсынады:

  • қызметті тоқтату туралы салықтық өтінішін;
  • таратудың салықтық есептілігін;
  • бақылау-касса машинасын (ол бар болған кезде) есептен шығару туралы салықтық өтінішін.

         Сондай-ақ, жоғарыда аталған қажетті құжаттамалар топтамаларын электронды түрде «Салық төлеуші кабинет» WEB қосымшасы арқылы жіберуге болады.

         Таратудың салықтық есептілігі қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкер салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің түрлері және әлеуметтік төлемдер бойынша қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш ұсынылған салықтық кезеңнің басынан бастап осындай өтініш ұсынылған күнге дейінгі кезең үшін жасалады және таратудың салықтық есептілігі ұсынылған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей төлемдерді төлеу бойынша салық міндеттемелері жүзеге асырылады.

        Салықтық міндеттеме орындалған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей дара кәсіпкерді тіркеу есебінен шығаруды жүзеге асырады және ол www.kgd.gov.kz сайтында  дара кәсіпкердің тіркеу есебінен шығарылғаны туралы ақпаратты орналастырады.

 

Дата публикации
15 сентября 2021