«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін жалпы конкурс

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына

орналасу үшін жалпы конкурс

 

 

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер  департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі, 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, А.Каримуллин көшесі, 2/2 үй, анықтама үшін телефондар: 8(7112) 53-84-40, факс 8 (7112) 53-84-40, электрондық адресі kuspanova@kgd.gov.kz,   t.bisalieva@kgd.gov.kz

 

  1. Экспорттық бақылау басқармасының экспорттық бақылау бөлімінің жетекші маманы («C-O-6» санаты, 2 бірлік, индекстік №МКД-4-2/1,2,3,4,5,6,7,8,9). Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты «С-O-6» санаты үшін 97 510 (min) теңгеден бастап 132 019 (max) теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері:

Экспорттық бақылауға жататын өнімнің мемлекеттік шекара арқылы өткізілуін бақылау, лицензиялар/ рұқсаттарды тіркеуді жүзеге асыру, олардың орындалуы туралы СЭҚ қатысушыларына анықтамалар беру, экспорттық бақылау мәселелері бойынша тәуекелдер профилін жасау, тізілімдегі тауарларды бақылау, ҚР аумағына әкелінген  және кедендік процедураларға орналастырылған тауарлар туралы мәліметтерді талдау және мониторинг жүргізу,  ақпараттық-талдау материалдарын дайындау, Қазақстан Республикасы аумағына үшінші елдерден әкелінетін және баждардың төменгі ставкасы  қолданылатын тауарлардың шығуын болдырмауға бақылауды жүзеге асыру, ҚР аумағына және ЕАЭО мүше басқа мемлекеттерден импортталатын және экспортталатын тауарларға салық төлеушілермен тапсырылған декларациялар арқылы талдау жасау және бақылау.

Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

Жоғары немесе жоғары оқу орыннан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім – құқық: құқықтану, кеден ісі, халықаралық құқық немесе әлеуметтік ғылымдар және бизнес: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент,  мемлекеттік және жергілікті басқару немесе техникалық ғылымдар және технологиялар: ақпараттық технологиялар.

Мынадай құзыреттердің бар болуы:

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

  1. Ірі салық төлеушілер және резиденттер еместер басқармасының бас маманы, («C-О-5» санаты, 1 бірлік, индестік № МКД-19/1,2,3,4,5,6), «C-О-5» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 108 305 (min) теңгеден 146 177 (max) теңгеге дейiн.

Функционалдық міндеттері:

ҚР ҚМ МКК ақпараттар мен есептерді уақытылы және сапалы ұсынуды қамтамасыз ету, Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жұмысты ұйымдастыруда төмен тұрған мемлекеттік кірістер басқармаларына практикалық және әдіснамалық көмек көрсету. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру, салық заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар беру. Қазақстан Республикасының резиденттігін растау бойынша Мемлекеттік қызметтерді сапалы және уақтылы көрсету. Халықаралық шарт негізінде және Салық кодексіне сәйкес бюджеттен немесе шартты банк салымынан табыс салығын қайтару туралы өтініштерді қарау. КСШ барлауға (өндіруге) келісімшарттар жасасқан жер қойнауын пайдаланушылармен салық заңнамасы нормаларының сақталуы тұрғысынан жұмысты бақылауды жүзеге асыру. Мониторингке жататын ірі салық төлеушілер, жер қойнауын пайдаланушылар және ірі кәсіпкерлік субъектілері бойынша салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтарудың ықтимал схемаларының жолын кесу бойынша ұсыныстар әзірлеу. 101.04 СЕН халықаралық шарт ережелерінің сақталуы бойынша камералдық бақылау жүргізу, 101.04 және 200.02 СЕН деректері бойынша резидент еместер бойынша басқа облыстардың Мемлекеттік кірістер органдарынан сұрау салуға жауап беру.

Салықтардың, бюджетке төленетін міндетті төлемдердің, МЗЖ есептеу, ұстап қалу және аударудың, салықтық тексерулер нәтижелері бойынша есептелген әлеуметтік аударымдарды МӘСҚ есептеу мен төлеудің толықтығын қамтамасыз ету. Ірі салық төлеушілердің, жер қойнауын пайдаланушылардың және ірі кәсіпкерлік субъектілерінің мониторингіне жататын салықтық тексерулерді, ірі салық төлеушілердің жекелеген салық түрлері және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша салық міндеттемесін орындау мәселесі бойынша тақырыптық тексерулерді жүргізу. Қажет болған жағдайда үшінші тұлғаларға қатысты, сондай-ақ басқа облыстардың салық органдары мен құқық қорғау органдарының ірі салық төлеушілерге қатысты сұрау салулары бойынша қарсы тексерулер жүргізу, ірі салық төлеушілердің өтініштері, хабарламалары мен шағымдары бойынша салықтық тексерулер жүргізу.

Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

Жоғары немесе жоғары оқу орыннан кейінгі білім - әлеуметтік ғылымдар және бизнес: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, радиотехника, электроника және телекоммуникациялар.

Құзыреттер бойынша талаптар:

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Әңгімелесу өткізудің мерзімі мен орны:

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде C-O-5, C-O-5 санаттары бойынша БҚО, Орал қаласы, А.Каримуллин көшесі 2/2 үй мекен-жайы бойынша әңгімелесуден өтеді.

 

  • «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Орал қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы»республикалық мемлекеттік мекемесі, 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Некрасова көшесі, 30/1 үй, анықтама телефоны: (87112) 24-28-35, электрондық мекенжайы: sа.akhmetova@kgd.gov.kz, kaskarauova@kgd.gov.kz

   

  1. Жеке кәсіпкерлерді әкімшілендіру бөлімінің жетекші маманы, («C-R-5» санаты, 1 бірлік, индексі МКБ-1-7-3), «C-R-5» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 84414 (min) теңгеден 114853 (max) теңгеге дейiн.

Функционалдық міндеттері:

Салық салу объектілері бойынша мемлекеттік уәкілетті органдардан түскен ақпараттар және салық төлеушілердің тапсырған салық есептіліктері негізінде салық міндеттемесінің толық орындалуына камералды бақылау жүргізу. Салық төлеушілерге уақытында хабарламаларды жолдау және табыстау. Мемлекеттік тапсырыс аясында ақша алған, кеден одағы мемлекеттерінен импорттаушы салық төлеушілерге камералды бақылау жүргізу. Камералды бақылау нәтижесі бойынша орындалмаған хабарламаларға уақытында әкімшілік шараларды қолдану. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық және уақтылы түсуін қамтамасыз ету, камералды бақылау жүргізу және хабарламаларды табыстау, салық төлеушілердің міндеттемелерін орындауына салықтық бақылау жүргізу, әрекетсіз салық төлеушілер тізімін қалыптастыру, артық төлемге бақылау жүргізу. Патент және жеңілдетілген арнайы салық режимін қолданатын салық төлеушілердің тіркелу деректерінің талапқа сәйкестігін әкімшілендіру. Бақылау касса машинасын қолданылу ережесінің сақталуына бақылау жасау, тіркелмеген кәсіпкерлік субъектілерін анықтау, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру, жүргізілген тексеру қорытындысы бойынша акті толтыру, хронометраждық зерттеулер жүргізу, салық төлеушінің нақты тұрғылықты жері бойынша жоқ болған жағдайда акті толтыру, салық төлеушілерге салық міндеттемесін орындау жөніндегі хабарламаны табыс ету, тіркелмеген салық төлеушілерді анықтау жұмысын жүргізу.Салық және басқа міндетті төлемдердің бюджетке уақытында толық түсіміне бақылау жасау, қарсы тексеру актілерінің дұрыстығына, салық төлеушілерге хабарламалардың уақытылы жолдануына бақылау жасау. Салық міндеттемесін уақытында орындамаған салық төлеушілерге орындату әдістерінің қолданылуын қамтамасыз ету, жүргізілген тексерулердің сапасын бақылау.

Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

         Жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім - әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару.

Құзыреттер бойынша талаптар: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

  1. Заңды тұлғаларды әкімшілендіру бөлімінің жетекші маманы, («C-R-5» санаты, 1 бірлік, индексі МКБ-1-6-3), «C-R-5» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 84414 (min) теңгеден 114853 (max) теңгеге дейiн.

Функционалдық міндеттері: Салық салу объектілері бойынша мемлекеттік уәкілетті органдардан түскен ақпараттар және салық төлеушілердің тапсырған салық есептіліктері негізінде салық міндеттемесінің толық орындалуына камералды бақылау жүргізу. Салық төлеушілерге уақытында хабарламаларды жолдау және табыстау. Мемлекеттік тапсырыс аясында ақша алған, кеден одағы мемлекеттерінен импорттаушы салық төлеушілерге камералды бақылау жүргізу. Камералды бақылау нәтижесі бойынша орындалмаған хабарламаларға уақытында әкімшілік шараларды қолдану. Автоматтандырылған камералды бақылау бойынша хабарламалардың уақытылы және сапалы өңдеу, жалған кәсіпкерлікті анықтау және жолын кесу бойынша жұмыстар жүргізу.Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық және уақтылы түсуін қамтамасыз ету, камералды бақылау жүргізу және хабарламаларды табыстау, салық төлеушілердің міндеттемелерін орындауына салықтық бақылау жүргізу, әрекетсіз салық төлеушілер тізімін қалыптастыру, артық төлемге бақылау жүргізу. Патент және жеңілдетілген арнайы салық режимін қолданатын салық төлеушілердің тіркелу деректерінің талапқа сәйкестігін әкімшілендіру. ҚР ӘҚК сәйкес салық төлеушілерге әкімшілік шараларды қолдану, тарату сатысындағы, әрекетсіз деп танылған салық төлеушілердің салықтық міндеттерді орындауы бойынша камералдық бақылау, талдау, әкімшілендіруді іске асырады. Хронометраждық зерттеулер жүргізу, салық төлеушінің нақты тұрғылықты жері бойынша жоқ болған жағдайда акті толтыру, салық төлеушілерге салық міндеттемесін орындау жөніндегі хабарламаны табыс ету, тіркелмеген салық төлеушілерді анықтау жұмысын жүргізу.

         Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

         Жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім - әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару.

Құзыреттер бойынша талаптар:

стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

  1. Өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіру бөлімінің жетекші маманы, («C-R-5» санаты, 1 бірлік, индексі МКБ-1-10-3), «C-R-5» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 84414 (min) теңгеден 114853 (max) теңгеге дейiн.

Функционалдық міндеттері:

Толық деректер базасын құру негізінде салық салу объектілері бар салық төлеушілер есебін жүргізу. Салық төлеушілердің мүлік салығы, жер салығы, көлік құралдарына салығын төлеу бойынша салық міндеттемесін орындалуына салықтық бақылау жүргізу. Салық төлеушілерге есептелген салық соммасы туралы хабарламаны шығарып, табыс ету, төлемеген жағдайда салық заңдылығы бұзушылықтарын жою туралы хабарлама. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық және уақтылы түсімін қамтамасыз ету, салық бересін азайтуға бойынша жұмыс, түсім мониторингісін жүргізу. Уәкілетті органдармен бірлескен іс шараларға қатысу. Өндірістік емес төлемдер түсімдерін талдау. Салық салу объектілері бойынша салық төлеушілердің есебін жүргізу. Бюджетке өнідірістік емес төлемдер салығы түсімінің уақытында толық түсуін қамтамасыз ету, салық төлеушілердің салық міндеттемесін орындауына бақылау жасау, мемлекет меншігіне айналдырылған мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және жүзеге асыру ережесінің сақталуына бақылау жүргізу және одан түскен қаражаттың бюджетке уақытында толық түсуіне бақылау. Барлық өндірістік емес төлемдер түрлері бойынша мемлекеттік мекемелердің салық міндеттемесін орындауына қатысты жоспарлы тақырыптық тексеру жүргізу, тексеру актісінде көрсетілген салық заңдылығы бұзушылықтарының жойылуына және қоса есептелген сомманың уақытында түсуіне бақылау жасау.

Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

         Жоғары  немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім - әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, техникалық ғылымдар жəне технологиялар: автоматтандыру жəне басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы жəне бағдарламалық қамтамасыз ету.

Құзыреттер бойынша талаптар:

стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

          Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Әңгімелесу өткізу мерзімі мен орны: 

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде  С-R-5 санаты бойынша Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Некрасова көшесі 30/1 үй мекен-жайы бойынша әңгімелесуден өтеді.

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

Құжаттар 2021 жылдың  5 тамызынан бастап 2021 жылдың  9 тамызын қоса алғанда 7 жұмыс күні ішінде, жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап ұсынылуы керек.

 

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не "Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) Өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);

3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

      "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

      Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың (осы Қағидалардың 79-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда):

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

Осы Қағидалардың 76-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:

1) Өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы тапсырған кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы қолхатты береді.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссияның хатшысымен оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде электрондық почта мекенжайына тыпсырған кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық почта мекенжайына жолданады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Қосымша ақпарат:

Кандидаттың келісімі болған жағдайда онымен әңгімелесуді интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде онлайн-трансляциялауға жол беріледі.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Әңгімелесу және іріктеудің басқа тәсілдерін өткізу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының барысына кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін  отырысқа  байқаушылар шақырылады.

         Конкурсқа қатысып жатқан мемлекеттік қызметшілер тестілеуден өтпейді.

          Конкурсқа қатысатын мемлекеттік қызметшілер мен теріс себептермен немесе олардың қызметін бағалау, сынақ мерзімінің не аттестаттау қорытындыларының нәтижелері бойынша қызметтен шығарылғандарды қоспағанда, мемлекеттік қызметтен шығарылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, егер ол өзге жеке және мемлекеттік органдар болып табылмайтын заңды тұлғалармен еңбек қатынастарында тұрмаған, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерге шықпаған жағдайда, тестілеуден өтпестен, "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурсқа және сайлауға қатысуға құқылы.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.               

 Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары негізінде жүргізіледі.

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін жалпы конкурс
Дата публикации
04 августа 2021