Функционалдық міндеттері:
ҚР ҚМ МКК ақпараттар мен есептерді уақытылы және сапалы ұсынуды қамтамасыз ету, Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жұмысты ұйымдастыруда төмен тұрған мемлекеттік кірістер басқармаларына практикалық және әдіснамалық көмек көрсету. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру, салық заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар беру. Қазақстан Республикасының резиденттігін растау бойынша Мемлекеттік қызметтерді сапалы және уақтылы көрсету. Халықаралық шарт негізінде және Салық кодексіне сәйкес бюджеттен немесе шартты банк салымынан табыс салығын қайтару туралы өтініштерді қарау. КСШ барлауға (өндіруге) келісімшарттар жасасқан жер қойнауын пайдаланушылармен салық заңнамасы нормаларының сақталуы тұрғысынан жұмысты бақылауды жүзеге асыру. Мониторингке жататын ірі салық төлеушілер, жер қойнауын пайдаланушылар және ірі кәсіпкерлік субъектілері бойынша салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтарудың ықтимал схемаларының жолын кесу бойынша ұсыныстар әзірлеу. 101.04 СЕН халықаралық шарт ережелерінің сақталуы бойынша камералдық бақылау жүргізу, 101.04 және 200.02 СЕН деректері бойынша резидент еместер бойынша басқа облыстардың Мемлекеттік кірістер органдарынан сұрау салуға жауап беру.
Салықтардың, бюджетке төленетін міндетті төлемдердің, МЗЖ есептеу, ұстап қалу және аударудың, салықтық тексерулер нәтижелері бойынша есептелген әлеуметтік аударымдарды МӘСҚ есептеу мен төлеудің толықтығын қамтамасыз ету. Ірі салық төлеушілердің, жер қойнауын пайдаланушылардың және ірі кәсіпкерлік субъектілерінің мониторингіне жататын салықтық тексерулерді, ірі салық төлеушілердің жекелеген салық түрлері және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша салық міндеттемесін орындау мәселесі бойынша тақырыптық тексерулерді жүргізу. Қажет болған жағдайда үшінші тұлғаларға қатысты, сондай-ақ басқа облыстардың салық органдары мен құқық қорғау органдарының ірі салық төлеушілерге қатысты сұрау салулары бойынша қарсы тексерулер жүргізу, ірі салық төлеушілердің өтініштері, хабарламалары мен шағымдары бойынша салықтық тексерулер жүргізу.
Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:
Жоғары немесе жоғары оқу орыннан кейінгі білім - әлеуметтік ғылымдар және бизнес: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, радиотехника, электроника және телекоммуникациялар.
Құзыреттер бойынша талаптар:
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Функционалдық міндеттері:
Экспорттық бақылауға жататын өнімнің мемлекеттік шекара арқылы өткізілуін бақылау, лицензиялар/ рұқсаттарды тіркеуді жүзеге асыру, олардың орындалуы туралы СЭҚ қатысушыларына анықтамалар беру, экспорттық бақылау мәселелері бойынша тәуекелдер профилін жасау, тізілімдегі тауарларды бақылау, ҚР аумағына әкелінген және кедендік процедураларға орналастырылған тауарлар туралы мәліметтерді талдау және мониторинг жүргізу, СЭҚ қатысушыларының экспорттық бақылау туралы заңнамаларды, ҚР халықаралық келісімшарттарының сақтауын талдау және мониторингті жүзеге асыру, ақпараттық-талдау материалдарын дайындау, Қазақстан Республикасы аумағына үшінші елдерден әкелінетін және баждардың төменгі ставкасы қолданылатын тауарлардың шығуын болдырмауға бақылауды жүзеге асыру, ҚР аумағына және ЕАЭО мүше басқа мемлекеттерден импортталатын және экспортталатын тауарларға салық төлеушілермен тапсырылған декларациялар арқылы талдау жасау және бақылау, шолу хаттар дайындау.
Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:
Жоғары немесе жоғары оқу орыннан кейінгі білім – құқық: құқықтану, кеден ісі, халықаралық құқық немесе әлеуметтік ғылымдар және бизнес: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару немесе техникалық ғылымдар және технологиялар: ақпараттық технологиялар немесе тауартанушы-коммерсант.
Құзыреттер бойынша талаптар:
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Функционалдық міндеттері:
Салық берешектерін өндіріп алу шараларын жүргізуде өзге де мемлекеттік мекемелермен, ұйымдармен бірлесе жұмыс жасау, төмен тұрған мемлекеттік кірістер басқармаларына практикалық және әдістемелік көмек көрсету. Салық берешектерін өндіру мәселесі бойынша қажетті мәліметтерді, есептіліктерді дайындау, талдау, сараптамалық жұмыс әдістері мен түрлерін білу, сот органдарында Департаменттің мүддесін қорғау, бөлімде кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұлдардың өндірілу жұмыстарын ұйымдастыруға және кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұлдардың мәжбүрлеп өндірілу шараларын жүргізуді жүзеге асыру. Азаматтармен жұмыс жасау.
Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім - әлеуметтік ғылымдар және бизнес: экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару немесе құқық: құқықтану.
Құзыреттер бойынша талаптар:
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Әңгімелесу өткізудің мерзімі мен орны:
Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде C-O-5 санаты бойынша БҚО, Орал қаласы, А.Каримуллин көшесі 2/2 үй мекен-жайы бойынша әңгімелесуден өтеді.
Құжаттар 2021 жылдың 19 ақпанынан бастап 2021 жылдың 23 ақпанын қоса алғанда 3 жұмыс күні ішінде, ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – Уәкілетті орган) интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш (бұдан әрі – Өтініш);
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 211 қазандағы No 14 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде No 14436 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.
Қосымша ақпарат
Кандидаттың келісімі болған жағдайда онымен әңгімелесуді интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде онлайн-трансляциялауға жол беріледі.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Әңгімелесу және іріктеудің басқа тәсілдерін өткізу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының барысына кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін отырысқа байқаушылар шақырылады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары негізінде жүргізіледі.