І. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Бөрлі ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі, 090000, Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы, Орталық көшесі №1 үй, анықтама үшін телефон 8(71133) 52-8-85, , электрондық мекен жайы: zko_burlin@kgd.gov.kz.
1. Өндірістік емес төлемдер бөлімінің бас маманы («C-R-4» санаты, 1 бірлік, индекстік №МКБ-4-5-3), «C-R-4» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 226 837 (min) теңгеден 263 000 (max) теңгеге дейiн.
Функционалдық міндеттері: Бөлім жұмысын ұйымдастыру және жалпы басшылық жасау. Өндірістік емес төлемдердің бюджетке толық түсуін қамтамасыз ету, салық төлеушілердің салық міндеттемесінің орындауына салықтық бақылау жүргізу, уәкілетті органдардың және мемлекеттік мекемелердің салық төлеушілерді, салық салу объектілерін және салық салумен байланысты объектілерді есепке алумен байланысты міндеттемелерінің орындалуына салықтық бақылауды жүзеге асыру. Тексерулердің жүргізілуіне және тексеру актілерінде көрсетілген бұзушылықтардың уақтылы жойылуына бақылау жасау. Салық төлеушілер арасында салық заңнамасын қолдану жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Өндірістік емес төлемдердің бюджетке толық, дұрыс және уақтылы төленуін бақылауды жүзеге асыру. 2-Н есебін дайындау.
Білімі бойынша конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:
Жоғары білім, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, кәсіби білім: бизнес, басқару және құқық (менеджмент, құқық, экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, мемлекеттік аудит); бизнес, басқару және құқық (бухгалтер, экономист-бухгалтер, экономист, менеджмент және басқару, құқық).
Құзыреттер бойынша талаптар:
Күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болған жағдайда жұмыс өтілі талап етілмейді;
бір жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Әңгімелесу өткізу мерзімі мен орны: Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде С-R-4 санаты бойынша Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы, Орталық көшесі №1 үй мекен-жайы бойынша әңгімелесуден өтеді.
Құжаттар 2026 жылдың 3 маусымынан бастап 2026 жылдың 5 маусымын қоса алғанда 3 жұмыс күні ішінде, ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – Уәкілетті орган) интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш (бұдан әрі – Өтініш);
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 211 қазандағы No 14 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде No 14436 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.
Қосымша ақпарат
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары негізінде жүргізіледі.