2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда жаңа Салық кодексі қолданысқа енді. Ережелер өзгерді — барлығын қарапайым тілмен түсіндіреміз.
📌 Негізгі ереже: салық тек пайдадан ғана төленеді
Сату сомасының барлығы емес, тек сатып алу бағасы мен сату бағасының айырмасы салық салынады. Мысалы, пәтерді 20 млн теңгеге сатып алып, 25 млн теңгеге сатсаңыз — салық тек 5 млн теңгеден есептеледі.
🏠 ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІК: пәтерлер, үйлер, саяжайлар, гараждар, паркингтер
Иелік ету мерзімі — негізгі фактор:
Салықтан босату үшін жылжымайтын мүлік кемінде 2 жыл меншікте болуы керек (бұрынғы 1 жылдың орнына). Маңызды: бұл ереже тек 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап сатып алынған объектілерге қолданылады. Егер мүлік 2026 жылға дейін сатып алынған болса — бұрынғы ереже сақталады: 1 жылдан астам иеленген болса, салық төленбейді.
2026 жылдан бастап салық ставкалары — прогрессивті:
Базалық ставка 10% күйінде қалады, бірақ 8 500 АЕК-тен (шамамен 36,7 млн теңге) асатын пайдаға асқан сомаға 15% ставкасы қолданылады.
Жоғарылатылған ставка тек шекті мөлшерден асқан сомадан есептеледі, мәміле бойынша жалпы пайдадан емес.
Мысал: 30 млн теңгеге сатып алып, 35 млн теңгеге сатсаңыз → пайда 5 млн теңге → салық 500 000 теңге (5 млн-нан 10%).
🚗 КӨЛІК және басқа жылжымалы мүлік
Мұнда ережелер басқаша. Көлікті сатқанда мүліктік табыс тіркеу күнінен сату күніне дейін 1 жылдан аз уақыт меншікте болған жағдайда туындайды. Ставка — сату мен сатып алу бағасының айырмасынан 10%.
Көлікті 1 жылдан астам иеленіп отырсыз ба? Салық жоқ.
📋 Декларация: ұмытпаңыз!
Сатушы 270.00 нысаны бойынша салық декларациясын сату жылынан кейінгі жылдың 15 қыркүйегіне дейін тапсыруға міндетті. Яғни, 2025 жылы сатсаңыз — тапсыру мерзімі 2026 жылдың 15 қыркүйегіне дейін.
🌍 Шетелдіктер — жеке ережелер
Шетелдіктер иелік ету мерзіміне қарамастан әрқашан 15% төлейді.
💬 Сатуды жоспарлап жатырсыз ба? Бұл жазбаны сақтаңыз және салық маманымен кеңесіңіз — әр жағдай жеке.
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік қорғауға және бірқатар салықтық жеңілдіктерге құқылы. Жұмыс берушілер жалақы мен салықтарды есептеу кезінде осы ерекшеліктерді ескеруі қажет.
🔹 Қандай жеңілдіктер қарастырылған?
✅ ЖТС (жеке табыс салығы)
Мүгедектігі бар қызметкерлерге қосымша салықтық шегерімдер беріледі:
▪️ I және II топ – жылына 5 000 АЕК
▪️ III топ – жылына 882 АЕК
Сонымен қатар 30 АЕК мөлшеріндегі базалық шегерім қолданылады.
✅ МӘМС
Мүгедектігі бар қызметкерлер үшін МӘА және МӘМС жарналары төленбейді. Оларды мемлекет төлейді.
✅ МЗЖ
Міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден тек мерзімсіз мүгедектігі бар I және II топтағы адамдар босатылады.
🔹 Жалпы тәртіппен төленетін төлемдер:
▪️ Әлеуметтік аударымдар
▪️ Әлеуметтік салық
▪️ МЗЖ — III топ және мерзімді мүгедектік кезінде
📄 Қандай құжаттар қажет?
Жеңілдіктерді қолдану үшін жұмыс берушіге:
✔️ өтініш
✔️ мүгедектікті растайтын анықтама ұсыну қажет
📌 Анықтаманы Egov.kz порталы арқылы онлайн алуға болады.
Маңызды: егер қызметкер бірнеше жұмыс орнында еңбек етсе, салықтық шегерім тек бір жұмыс орнында ғана қолданылады.
Салықтық әкімшілендіруді цифрландыру жағдайында артық төлемдерді есепке жазу механизмі іс жүзінде толығымен автоматтандырылды. 2026 жылғы Салық кодексі артық төленген сома (іс жүзінде аударылған және есептелген сомалар арасындағы оң айырмашылық) мен қате төленген сома (қате деректемелермен, БСН/ЖСН немесе БКК-мен жасалған төлем) ұғымдарын нақты ажыратады.
Салық органы есепке жазуды тек ұлттық валютада екі тәсілмен жүргізеді:
1. Автоматты түрде (өтінішсіз): қолданыстағы салықтық берешекті өтеу үшін.
2. Салықтық өтініш бойынша: сомаларды алдағы төлемдер есебіне бағыттау немесе құрылымдық бөлімшелердің берешектерін өтеу үшін.
Егер салық төлеушінің дербес шотында артық сома пайда болса, жүйе оны өтеу үшін қатаң кезектілікпен бөледі:
· салықтың дәл сол түрі бойынша ағымдағы міндеттемелер;
· осы салық бойынша өсімпұл (негізгі қарыз);
· салықтар мен төлемдердің басқа түрлері бойынша өсімпұлдар;
· барлық салықтар бойынша өсімпулдар (өсімақы);
· айыппұлдар.
· Талап қою мерзімі: есепке жазу салық төлеушілердің көпшілігі үшін 3 жыл шегінде, ал ірі кәсіпкерлік субъектілері мен жер қойнауын пайдаланушылар үшін 5 жыл шегінде мүмкін болады. Осы мерзім өткеннен кейін артық төлем есепке жазуға жатпайды және салық органымен есептен шығарылуы тиіс.
· Атаулылық (бағыттылық): заңды тұлға мен оның филиалы арасындағы операцияларды қоспағанда, бір салық төлеушінің артық төлемін басқа салық төлеушінің берешегі есебіне жазуға тыйым салынады.
· Қате төлемдер: қателік расталған жағдайда (мысалы, қате БКК), салық органы есепке жазуды тиісті кодқа немесе тиісті органға жүргізуге міндетті.
🚨 Көптеген бизнес иелері мен басшылары банкроттық — бұл компанияның барлық қарыздарын кешірудің оңай жолы деп қате ойлайды. Дегенмен, Қазақстан Республикасының заңнамасы несие берушілердің құқықтарын қатаң қорғайды және мүлікті заңсыз алып шығу әрекеттерінің жолын кеседі.
🔍 Әдейі банкроттық деп не танылады?
«Оңалту және банкроттық туралы» ҚР Заңына сәйкес, әдейі банкроттық — бұл құрылтайшының (қатысушының), лауазымды тұлғаның жеке мүдделерінде немесе өзге де тұлғалардың мүдделерінде банкрот деп танылғанға дейінгі үш жыл ішінде мүлікті иеліктен шығару немесе жасыру арқылы несие берушілер алдындағы міндеттемелерді орындаудан жалтару мақсатында жасаған әрекеттері.
⚖️ Басшылық пен құрылтайшылар үшін басты тәуекелдер мен салдарлар:
💡 Банкроттық алдында активтерді қайта рәсімдеу жеке сату арқылы сақтап қалу әрекеті компанияның мәселелерін шешпейді, сонымен қатар бизнестің бүкіл қарызын құрылтайшылар мен директорлардың жеке қалтасына жүктейді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – бұл жай ғана ережелер жиынтығы емес. Бұл – адалдық, сатылмаушылық және жемқорлықтың кез келген көрінісіне мүлдем төзбеушілік қағидаттарына негізделген, барлық қызметкерлер ұстанатын құндылықтар жүйесі мен этикалық нормалар. Бұл міндеттің маңыздылығы заңнамалық деңгейде атап өтілген: Заңның 6-бабына сәйкес, «сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» құқық бұзушылықтарға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жоюмен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесіндегі негізгі шаралардың бірі болып табылады. Мұндай мәдениеттің МКО үшін маңызы зор: оған қоғамның сенімі, елдің экономикалық қауіпсіздігі және оның инвестициялық тартымдылығы тәуелді.
Мұндай мәдениетті құру – заңнамада бекітілген қағидаттарға негізделген кешенді процесс. Барлығының негізі – көшбасшылық және басшылықтың үлгі көрсетуі. Бөлім басшысынан бастап ведомство басшысына дейінгі барлық деңгейдегі басшылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды іс жүзінде ұстанатынын көрсетуі тиіс. Бұл қағидат – жай ғана ұсыныс емес, тікелей талап. Заңның 19-бабында мемлекеттік органдардың басшылары өздері басқаратын ұжымдарда «сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстың жай-күйі үшін дербес жауапты болады» деп көрсетілген. Осымен қатар, нақты жағдаяттар мен этикалық дилеммаларды талдай отырып, тиімді оқыту жүйесін құру қажет. Бұл әрбір қызметкердің сыбайлас жемқорлықтың мәні мен салдарын нақты түсінуі үшін маңызды.
Сыбайлас жемқорлықтан арылудың ең жақсы жолы – цифрландыру және ашықтық арқылы адами факторды барынша азайту. Қызметтерді онлайн форматқа көшіру және түсініксіздікке жол бермейтін нақты регламенттер субъективті шешімдер қабылдау мүмкіндігін тарылтады. Мұндай проактивті тәсіл 3-бапта өз негізгі қағидаттарының бірі ретінде «сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларының басымдығын» бекітетін заңның рухына да, әрпіне де толық сәйкес келеді. Бұл жұмысты тұрақты аналитика толықтыруы тиіс: ең осал лауазымдар мен учаскелердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтап, оларды басқару.
Алайда, технологиялар адами факторды алмастыра алмайды, сондықтан ынталандыру жүйесінің маңызы зор. Лайықты еңбекақы және таныстыққа емес, кәсібилікке негізделген мансаптық өсу заңсыз баюға деген азғыруды азайтады. Сонымен бірге, әрбір қызметкер кез келген заң бұзушылық анықталып, оның артынан жаза қолданылатынын сезінуі тиіс. Бұл сондай-ақ Заңның 3-бабында бекітілген іргелі қағидаттардың бірі – «сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін жазаның бұлтартпастығы». Ол үшін ішкі қауіпсіздік қызметтерінің тиімді жұмысы және қудалаудан қорықпай, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы жасырын хабарлауға болатын қорғалған арналар құру маңызды.
Осылайша, мемлекеттік кірістер органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – бұл спринт емес, марафон. Бұл процесс жүйелі тәсілді, басшылықтың саяси ерік-жігерін және ең бастысы, әрбір қызметкердің атсалысуы мен жеке жауапкершілігін талап етеді. Жазадан қорқу мәдениетінен сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікке негізделген ішкі сенім мәдениетіне көшу – бұл заманауи, тиімді және азаматтардың сеніміне ие фискалдық қызмет құрудың кепілі, сондай-ақ бүкіл мемлекеттің тұрақты дамуына салынған тікелей инвестиция болып табылады.
Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда салық есептілігін ұсынудың жаңа тәртібі қолданылатынын еске салады.
Салық кодексінің нормаларына сәйкес, белгіленген тапсыру мерзімі өткеннен кейін салық органының ақпараттық жүйесі тиісті салық кезеңі үшін нөлдік көрсеткіштері бар есептілікті автоматты түрде қалыптастырады.
🖥 Осыған байланысты, салық төлеушілер «Салық төлеушінің кабинеті» веб-қосымшасында ұсынылуға тиіс салық есептілігі нысандарын (СЕН) алдын ала белгілеуі қажет.
✍ Іс-қимыл алгоритмі:
🔸 «Салық төлеушінің кабинеті» (СӘИЖ) веб-қосымшасына кіру;
🔸 «Ұсынылатын СЕН» бөліміне өту;
🔸 Қолданылатын салық режимі мен қызмет түріне сәйкес қажетті салық есептілігі нысандарын қосу;
🔸 Әрбір СЕН бойынша тапсыру басталған «жыл мен салық кезеңін» көрсету;
🔸 Енгізілген мәліметтерді сақтау.
❗Бұл ретте нөлдік көрсеткіштері бар есептіліктің автоматты түрде қалыптасуы салық төлеушіні іс жүзіндегі салық міндеттемелерін көрсету міндетінен босайтпайды.
📌 Егер есептілік автоматты түрде қалыптасқаннан кейін салық төлеушіде есептілікте көрсетілуге тиіс салық салу объектілері нақты тіркелген болса, ол тиісті салық кезеңі үшін қосымша салық есептілігін тапсыруға міндетті.
✅ Аталған тәртіп жеке тұлғалардың жеке кәсіпкерлікке қатысы жоқ қызметі бойынша салық есептілігін ұсынуына қолданылмайды.
Осылайша, есептілікті нөлдік көрсеткіштермен автоматты түрде қалыптастыру салықтық әкімшілендіруді жеңілдетуге және салық төлеушілерге түсетін әкімшілік жүктемені азайтуға бағытталған.
Құрметті жүргізушілер мен тасымалдаушылар!
Жетісу облысы бойынша МКД «Нұр Жолы» кеден бекетінде «Qoldau» ақпараттық платформасының техникалық ақауына байланысты рәсімдерден өту және көлік құралдарының қозғалысы кезінде уақытша қиындықтар туындаған болатын.
Жүргізушілер мен тасымалдаушыларға келтірілген қолайсыздықтар және мәжбүрлі түрде күту уақыты үшін шын жүректен кешірім сұраймыз.
2026 жылғы 28 қыркүйекте сағат 02:40-та «Qoldau» ақпараттық платформасының жұмысында техникалық ақау орын алды. Сол күні сағат 22:15-те платформаның жұмысқа қабілеттілігі толығымен қалпына келтірілді. Қазіргі уақытта «Нұр Жолы» кеден бекеті штаттық режимде жұмыс істеуде, көлік құралдарын рәсімдеу және өткізу белгіленген тәртіппен жүзеге асырылуда.
Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін жағымсыз салдардың алдын алу мақсатында 2026 жылғы 28, 29 және 30 қыркүйекке электрондық кезектің жүйесінде орындарды брондаған барлық көлік құралдарын кедергісіз рәсімдеуді және міндетті түрде өткізуді қамтамасыз ету туралы шешім қабылданды.
Бұдан басқа, аталған көлік құралдары үшін электрондық кезектің мерзімі бір күнге автоматты түрде ұзартылатын болады.
Осылайша, көрсетілген күндерге қолданыстағы броны бар жүргізушілер мен тасымалдаушыларға қосымша әрекеттер жасау немесе электрондық кезекте орнын қайта брондау қажет емес.
Жүргізушілер мен тасымалдаушылардан кедендік рәсімдерден өтудің белгіленген тәртібін сақтауды және көлік құралдарын өткізудің қолданыстағы ережелерін ұстануды сұраймыз. Түсіністік пен ынтымақтастық үшін алғыс айтамыз.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда ресми ақпараттық ресурстар мен жауапты қызметтердің түсіндірмелерін қадағалауды сұраймыз.
Құқықтық сауаттылықты арттыру және деструктивті идеологияларға қарсы тұрақты иммунитет қалыптастыру мақсатында Жетісу облысы Дін істері басқармасының мамандары Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері үшін оқыту семинарын өткізді.
Кездесудің басты тақырыбы «Діни экстремизм — қоғам үшін қауіпті деструктивті бағыт» атты дәріс-пікірталас болды.
Семинар барысында сарапшылар «діни экстремизм» және «деструктивті ағым» ұғымдарының мәнін жан-жақты түсіндіріп, әсіресе интернет-кеңістік пен әлеуметтік желілер арқылы азаматтарды радикалды ұйымдарға тартымсыз тарту тетіктеріне ерекше назар аударды.
Тыңдаушыларға Қазақстан Республикасының діни қызмет және экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы қолданыстағы заңнама нормалары, сондай-ақ тыйым салынған материалдарды тарағаны үшін заңды жауапкершілік шаралары таныстырылды.
Дәріскерлер ақпараттық гигиена, желідегі контентті сын көзбен қабылдау және деструктивті насихат белгілерін анықтау бойынша практикалық ұсыныстарымен бөлісті.
Іс-шара ашық диалог форматында өтті: мемлекеттік қызметшілер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, дінтанушы мамандардан білікті жауаптар алды.
Мұндай профилактикалық іс-шаралар рухы мен адамгершілік құндылықтарын нығайтуға, мемлекеттік органдар қызметкерлерінің қырағылығын арттыруға және өңірдегі тұрақтылық пен конфессияаралық келісімді қамтамасыз етіп, қоғамды топтастыруға ықпал етеді.
24 қыркүйек 2026 жылы «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңында Есеп берудің бірыңғай күні өтті. Іс-шара бақылау және қадағалау органдарының кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік бақылау нәтижелерін талқылауға, сондай-ақ бизнес-қоғамдастықпен тиімді кері байланыс орнатуға бағытталған.
Кездесуде Жетісу облысы бойынша МКД басшысының орынбасары А. Калиев баяндама жасады.
Өз сөзінде Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары А. Калиев ведомствоның бақылау-қадағалау жұмыстарының нәтижелеріне, салық заңнамасындағы өзгерістерге және салық төлеушілермен өзара іс-қимылдың өзекті аспектілеріне ерекше назар аударды. Мемлекет пен бизнес арасындағы серіктестік қатынастарды дамытуға баса мән берілді, бұл ретте консультациялық қолдау көрсету мен қызметтерді цифрландыру басымдыққа ие болды.
«Атамекен» алаңындағы мұндай кездесулер Жетісу облысындағы іскерлік ахуалды жақсартуда, кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруда және компромистік шешімдерді жедел табуға көмектесуде маңызды рөл атқарады.
🔰 Құрметті сыртқы экономикалық қызмет қатысушылары!
📌 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер комитеті Қытай Халық Республикасының Құрылған күнін мерекелеуге байланысты (2026 жылғы 1–3 қазан) Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері жұмысын уақытша тоқтата тұратынын хабарлайды. Көрсетілген күндері жеке тұлғалар, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайды.
♻️ Сонымен қатар, көлік-логистикалық қатынастың тұрақтылығын қамтамасыз ете отырып, теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.
🖇️ Комитет тасымалдаушыларды, сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларын және азаматтарды маршруттарды жоспарлау кезінде осы шектеулерді ескеруге және тасымалдау кестелерін алдын ала түзетуге шақырады.