Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен (аумақтық басқармаларын қоса есептегенде) 2026 жылдың жеті айында 1 066 955 қызмет көрсетілген, оның ішінде 1 066 608 немесе 99,96%, – электронды түрде (соның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы – 7060 қызмет, «Е-лицензирование» - 1154 қызмет), 332 немесе 0,04% – қағаз жүзінде, сондай-ақ Мемлекеттік корпорация арқылы – 15.
Сондай-ақ, 2026 жылдың шілде айында 172 825 қызмет көрсетілген, оның ішінде 172 796 немесе 99,98% – электронды түрде (соның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы – 523 қызмет, «Е-лицензирование» - 190 қызмет), 29 немесе 0,02% – қағаз жүзінде, сондай-ақ Мемлекеттік корпорация арқылы – 0.
Есептік кезеңінде (2026 жылдың шілде айында) ең сұраулы электронды түрде келесі қызметтер:
- «Салық есептілігін қабылдау» қызметі – 24 613 немесе 14,24%;
- «Транзиттік декларацияны қабылдау» - 118 055 немесе 68,32% құрайды.
Электрондық түрде мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту саны – 1 575.
Есептік кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету кезінде заңдылықты бұзулуы анықталмаған.
Шілде айында қызмет алушылардың салық және кедендік міндеттемелерін уақытында орындауы бойынша түсіндірме түрінде 1 575 іс-шара өткізілді, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде мақалалар, жарияланымдар жарияналып, тікелей эфирлер, радиохабар бойынша хабарландырулар, теледидарда сұхбаттар өткізілді.