Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен (аумақтық басқармаларын қоса есептегенде) 2026 жылдың бес айында 749 249 қызмет көрсетілген, оның ішінде 748 967 немесе 99,96%, – электронды түрде (соның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы – 5798 қызмет, «Е-лицензирование» - 775 қызмет), 269 немесе 0,04% – қағаз жүзінде, сондай-ақ Мемлекеттік корпорация арқылы – 13.
Сондай-ақ, 2026 жылдың мамыр айында 142 731 қызмет көрсетілген, оның ішінде 142 691 немесе 99,97% – электронды түрде (соның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы – 661 қызмет, «Е-лицензирование» - 150 қызмет), 40 немесе 0,03% – қағаз жүзінде, сондай-ақ Мемлекеттік корпорация арқылы – 0.
Есептік кезеңінде (2026 жылдың мамыр айында) ең сұраулы электронды түрде келесі қызметтер:
- «Салық есептілігін қабылдау» қызметі - 17 627 немесе 12,4%;
- «Транзиттік декларацияны қабылдау» - 100 713 немесе 70,6% құрайды.
Электрондық түрде мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту саны – 1 658.
Есептік кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету кезінде заңдылықты бұзулуы анықталмаған.
Мамыр айында қызмет алушылардың салық және кедендік міндеттемелерін уақытында орындауы бойынша түсіндірме түрінде 688 іс-шара өткізілді, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде мақалалар, жарияланымдар жарияналып, тікелей эфирлер, радиохабар бойынша хабарландырулар, теледидарда сұхбаттар өткізілді.