Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен (аумақтық басқармаларын қоса есептегенде) 2026 жылдың екі айында 310 154 қызмет көрсетілген, оның ішінде 310 007 немесе 99,96%, – электронды түрде (соның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы – 2645 қызмет, «Е-лицензирование» - 283 қызмет), 134 немесе 0,04% – қағаз жүзінде, сондай-ақ Мемлекеттік корпорация арқылы – 13.
Есептік кезеңінде (2026 жылдың ақпан айында) ең сұраулы электронды түрде келесі қызметтер:
- «Салық есептілігін қабылдау» қызметі - 48 227 немесе 15,6%;
- «Транзиттік декларацияны қабылдау» - 83 198 немесе 26,8% құрайды.
Электрондық түрде мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту саны – 2 079.
Есептік кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету кезінде заңдылықты бұзулуы анықталмаған.
Ақпан айында қызмет алушылардың салық және кедендік міндеттемелерін уақытында орындауы бойынша түсіндірме түрінде 6 782 іс-шара өткізілді, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде мақалалар, жарияланымдар жарияналып, тікелей эфирлер, радиохабар бойынша хабарландырулар, теледидарда сұхбаттар өткізілді.