Меню

Страницы

Статья

2025 жылдың желтоқсан айында Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша есебінің Талдау анықтамасы

Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен (аумақтық басқармаларын қоса есептегенде) 2025 жылдың он екі айында 1 712 569 қызмет көрсетілген, оның ішінде 1 710 025 немесе 99,9%, – электронды түрде (соның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы – 7994 қызмет, «Е-лицензирование» - 1259 қызмет), 2 514 немесе 0,1% – қағаз жүзінде, сондай-ақ Мемлекеттік корпорация арқылы – 30.

Сондай-ақ, 2025 жылдың желтоқсан айында 134 725 қызмет көрсетілген, оның ішінде 134 592 немесе 99,9%, – электронды түрде (соның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы – 332 қызмет, «Е-лицензирование» - 98 қызмет), 131 немесе 0,1% – қағаз жүзінде, сондай-ақ Мемлекеттік корпорация арқылы – 2.

Есептік кезеңінде (2025 жылдың желтоқсан айында) ең сұраулы келесі қызметтер:

- «Салық есептілігін қабылдау» қызметі - 9 695 немесе 7,2%;

- «Транзиттік декларацияны қабылдау» - 96 626 немесе 71,8% құрайды. 

Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту саны – 2242, оның ішінде электрондық түрде – 2241, қағаз түрде – 1.

Есептік кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету кезінде заңдылықты бұзулуы анықталмаған.

Желтоқсан айында қызмет алушылардың салық және кедендік міндеттемелерін уақытында орындауы бойынша түсіндірме түрінде 2 199 іс-шара өткізілді, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде мақалалар, жарияланымдар жарияналып, тікелей эфирлер, радиохабар бойынша хабарландырулар, теледидарда сұхбаттар өткізілді.

Сонымен қатар, желтоқсан айында 11.06.2025 жылғы №П-303 Департаментімен бекітілген Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша 2025 жылдың 2 жартыжылдығына арналған бақылау іс-шараларының жоспарына, Департаментінің 01.12.2025 ж. №П-428, №П-582 бұйрықтарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы №78 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларының 13, 41 тармақтарына сәйкес мемлекеттік тізілімінде көзделген мемлекеттік қызметтерді көрсету  бойынша 35 жасырын мемлекеттік қызмет бойынша, «Құпия тұтынушы» әдесімен Ескелді ауданы, Талдықорған, Текелі қалалар бойынша Мемлекеттік кірістер басқармаларында, Департаменттің Тарифтік реттеу басқармасы мен Кедендік әкімшілендіру басқармаларында жоспарлы тексеру жүргізілді.

 

Дата публикации
12 июня 2026
Дата обновления
12 июня 2026
Тип
Мақалалар

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
22 октября 2026
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесі
Ақпарат
16 октября 2026
ҚАЗАҚСТАНДА ЖОСПАРЛАНҒАН (АТАЛЫП АЙТҚАНДА, ӘДЕЙІ) БАНКРОТТЫҚТЫҢ АРТЫ НЕГЕ ӘКЕЛЕДІ?
Ақпарат
21 сентября 2026
Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері 2026 жылғы 25 қыркүйекте жұмыс істемейді

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы