Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен (аумақтық басқармаларын қоса есептегенде) 2025 жылдың сегіз айында 1 139 541 қызмет көрсетілген, оның ішінде 1 137 716 немесе 99,8%, – электронды түрде (соның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы – 5586 қызмет, «Е-лицензирование» - 961 қызмет), 1 797 немесе 0,2% – қағаз жүзінде, сондай-ақ Мемлекеттік корпорация арқылы – 28.
Сондай-ақ, 2025 жылдың тамыз айында 167 720 қызмет көрсетілген, оның ішінде 167 300 немесе 99,8% – электронды түрде (соның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы – 835 қызмет, «Е-лицензирование» - 68 қызмет), 418 немесе 0,2% – қағаз жүзінде, сондай-ақ Мемлекеттік корпорация арқылы – 2.
Есептік кезеңінде (2025 жылдың тамыз айында) ең сұраулы электронды түрде келесі қызметтер:
- «Салық есептілігін қабылдау» қызметі 37 240 немесе 22,3%;
- «Жолаушылар кедендік декларациясын қабылдау» - 102 291 немесе 61,1% құрайды.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту саны – 2 236, оның ішінде электрондық түрде – 2 235, қағаз түрде – 1.
Есептік кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету кезінде заңдылықты бұзулуы анықталмаған.
Тамыз айында қызмет алушылардың салық және кедендік міндеттемелерін уақытында орындауы бойынша түсіндірме түрінде 4 889 іс-шара өткізілді, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде мақалалар, жарияланымдар жарияналып, тікелей эфирлер, радиохабар бойынша хабарландырулар, теледидарда сұхбаттар өткізілді.
Сонымен қатар, тамыз айында 11.06.2025 жылғы №П-303 Департаментімен бекітілген Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша 2025 жылдың 2 жартыжылдығына арналған бақылау іс-шараларының жоспарына, Департаментінің 15.08.2025 ж. №П-408 бұйрығына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы №78 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларының 13, 41 тармақтарына сәйкес мемлекеттік тізілімінде көзделген мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша 35 жасырын мемлекеттік қызмет бойынша, «Құпия тұтынушы» әдесімен «Алтынкөл жол», «Нұр жолы», «Қорғас» ХШЫО кеден бекеттерінде жоспарлы тексеру жүргізілді.