Меню

Страницы

Статья

Сақ болыңыз! Алаяқтардың қулықтарына түспеңіз!

Соңғы уақытта өзін Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкері ретінде таныстырып, салық төлеушілерге телефон арқылы хабарласатын белгісіз тұлғалардың азаматтарды жаңылыстыру фактілері тіркелуде.

Алаяқтар қызмет түрін шұғыл түрде растау, тіркеу деректерін жаңарту немесе мобильді қосымша арқылы міндетті растаудан өту қажет екенін айтып, азаматтарды түрлі қосымшаларды жүктеуге, күмәнді сілтемелерге өтуге, авторизациядан өтуге, SMS-кодтарды, ЭЦҚ деректерін немесе өзге де жеке мәліметтерді енгізуге көндіреді.

Мысалы, алаяқтар қызметті «әр екі жыл сайын растау қажет» деген желеумен e-Salyq mobile немесе басқа қосымшаларды жүктеуді талап етіп, орындалмаған жағдайда қызметтің тоқтатылатынын айтуы мүмкін. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді және алаяқтық схема болып табылады.

Мемлекеттік кірістер комитеті мұндай мазмұндағы қоңыраулар шалмайды, сондай-ақ телефон арқылы мобильді қосымшаларды жүктеуді, растау кодтарын, банк картасының деректерін, ЭЦҚ кілттерін, парольдерді беруді немесе бөгде сілтемелерге өтуді талап етпейді.

Азаматтарды сақ болуға шақырамыз:

- белгісіз тұлғалардың телефон арқылы берген нұсқауларын орындамаңыз;

-  SMS-кодтарды, парольдерді және ЭЦҚ деректерін ешкімге бермеңіз;

- ақпаратты тек МКК-ның ресми ақпарат көздері арқылы тексеріңіз.

Осындай қоңыраулар түскен жағдайда әңгімені дереу тоқтатуды ұсынамыз.

 

 

Дата публикации
11 июня 2026
Дата обновления
11 июня 2026
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
22 октября 2026
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесі
Ақпарат
16 октября 2026
ҚАЗАҚСТАНДА ЖОСПАРЛАНҒАН (АТАЛЫП АЙТҚАНДА, ӘДЕЙІ) БАНКРОТТЫҚТЫҢ АРТЫ НЕГЕ ӘКЕЛЕДІ?
Ақпарат
21 сентября 2026
Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері 2026 жылғы 25 қыркүйекте жұмыс істемейді

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы