"Адал азамат" - жауапкершілік пен салық мәдениетін қалыптастыру.
Салық мәдениетінің деңгейін арттыру және халық арасында азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру мақсатында Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті "Адал азамат"білім беру бағдарламасы шеңберінде іс-шараларды іске асырады. Бағдарлама азаматтардың мемлекет пен қоғам алдындағы өз міндеттеріне, оның ішінде салық салу саласындағы саналы көзқарасын дамытуға бағытталған. Іс-шаралар ел экономикасының дамуына қосқан жеке үлесін түсінетін қаржылық сауатты және жауапты азаматтарды тәрбиелеуге ықпал етеді.