Меню

Страницы

Статья

Арнайы салық режимдерінің жүйесі жеңілдетілді

Шағын бизнеске салынатын салықтың ашықтығын арттырып, әкімшілік жүктемені азайтуға бағытталған реформа аяқталды

 

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап бұған дейін қолданыста болған жеті нұсқаның орнына үш әмбебап арнайы салық режимі (САР) қалады:

  1. Өзін өзі жұмыспен қамтығандарға арналған АСР
  2. Қарапайым декларацияға негізделген АСР
  3. Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған АСР (ШФҚ)

 

  1. Өзін өзі жұмыспен қамтығандарға арналған АСР
  • Қолдана алатындар: жеке кәсіпкер (ЖК) мәртебесі жоқ, жалдамалы қызметкерлері жоқ жеке тұлғалар.
  • Табыс шегі: айына 300 АЕК ке дейін (≈ 1,3 млн тг); жылына 15 млн тг дейін.
  • Салық жүктемесі: табыстан 4 % мөлшерінде әлеуметтік төлемдер; ЖТС (ИПН) төленбейді.
  • Есептілік: декларация жоқ — есеп ай сайын e Salyq Business мобильді қосымшасындағы чектер негізінде автоматты түрде жүргізіледі.

 

  1. Қарапайым декларацияға негізделген АСР
  • Табыс шегі: жылына 600 000 АЕК ке дейін (≈ 2,5 млрд тг).
  • Жұмысшылар: саны бойынша шектеу жоқ.
  • ЖТС ставкасы: 4 % (мәслихаттар 50 %-ға көтеру/төмендету құқығымен).
  • Есептілік: 910.00 нысаны жылына екі рет.
  • Жеңілдіктер:
  • табыс 24 000 АЕК тен асқанда жалақы қоры сомасына салық жүктемесін азайту;
  • түсім 135 000 АЕК тен аз болса, бухгалтерлік есеп жүргізу талап етілмейді.
  • ҚҚС: қолданылмайды.
  • Шектеулер: рұқсат етілмеген қызмет түрлерінің тізбесі бекітілген.

 

  1. ШФҚ ға арналған АСР
  • Қызмет түрі: ауыл шаруашылығы (міндетті түрде меншікті немесе жалға алынған жер учаскесі болуы керек).
  • Салық: айналымнан 0,5 % (ЖТС ретінде төленеді).
  • Босатулар: ҚҚС тан, әлеуметтік салықтан, ауылшаруашылық жұмыстарына пайдаланылатын мүлік пен көлік салығынан босатылады.
  • Есептілік: 200.00 нысаны жылына бір рет.

 

Күтілетін нәтиже

–25 % — шағын бизнес үшін есептілік нысандарының санын қысқарту.

≈ 40 мың кәсіпкер салық органына бармай ақ ыңғайлы режимге автоматты түрде өтеді.

> 120 млрд тг — бизнес пен мемлекет үшін жыл сайынғы әкімшілік шығындарды үнемдеу.

Дата публикации
12 сентября 2025
Дата обновления
15 сентября 2026
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
22 октября 2026
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесі
Ақпарат
16 октября 2026
ҚАЗАҚСТАНДА ЖОСПАРЛАНҒАН (АТАЛЫП АЙТҚАНДА, ӘДЕЙІ) БАНКРОТТЫҚТЫҢ АРТЫ НЕГЕ ӘКЕЛЕДІ?
Ақпарат
21 сентября 2026
Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері 2026 жылғы 25 қыркүйекте жұмыс істемейді

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы