Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен (аумақтық басқармаларын қоса есептегенде) 2025 жылдың жеті айында 971 821 қызмет көрсетілген, оның ішінде 970 416 немесе 99,9%, – электронды түрде (соның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы – 4751 қызмет, «Е-лицензирование» - 893 қызмет), 1 379 немесе 0,1% – қағаз жүзінде, сондай-ақ Мемлекеттік корпорация арқылы – 26.
Сондай-ақ, 2025 жылдың шілде айында 150 981 қызмет көрсетілген, оның ішінде 150 832 немесе 99,9% – электронды түрде (соның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы – 752 қызмет, «Е-лицензирование» - 121 қызмет), 148 немесе 0,1% – қағаз жүзінде, сондай-ақ Мемлекеттік корпорация арқылы – 1.
Есептік кезеңінде (2025 жылдың шілде айында) ең сұраулы электронды түрде келесі қызметтер:
- «Салық есептілігін қабылдау» қызметі 30 885 немесе 20,5%;
- «Жолаушылар кедендік декларациясын қабылдау» - 91 928 немесе 60,9% құрайды.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту саны – 1 945, оның ішінде электрондық түрде – 1 944, қағаз түрде – 1.
Есептік кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету кезінде заңдылықты бұзулуы анықталмаған.
Маусым айында қызмет алушылардың салық және кедендік міндеттемелерін уақытында орындауы бойынша түсіндірме түрінде 957 іс-шара өткізілді, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде мақалалар, жарияланымдар жарияналып, тікелей эфирлер, радиохабар бойынша хабарландырулар, теледидарда сұхбаттар өткізілді.