Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен (аумақтық басқармаларын қоса есептегенде) 2025 жылдың алты айында 820 840 қызмет көрсетілген, оның ішінде 819 584 немесе 99,9%, – электронды түрде (соның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы – 3999 қызмет, «Е-лицензирование» - 772 қызмет), 1 231 немесе 0,1% – қағаз жүзінде, сондай-ақ Мемлекеттік корпорация арқылы – 25.
Сондай-ақ, 2025 жылдың маусым айында 133 460 қызмет көрсетілген, оның ішінде 133 290 немесе 99,9% – электронды түрде (соның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы – 1422 қызмет, «Е-лицензирование» - 150 қызмет), 170 немесе 0,1% – қағаз жүзінде, сондай-ақ Мемлекеттік корпорация арқылы – 0.
Есептік кезеңінде (2025 жылдың маусым айында) ең сұраулы электронды түрде келесі қызметтер:
- «Салық есептілігін қабылдау» қызметі 12 681 немесе 9,5%;
- «Жолаушылар кедендік декларациясын қабылдау» - 94 396 немесе 70,9% құрайды.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту саны – 2 289, оның ішінде электрондық түрде – 2288, қағаз түрде – 1.
Есептік кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету кезінде заңдылықты бұзулуы анықталмаған.
Маусым айында қызмет алушылардың салық және кедендік міндеттемелерін уақытында орындауы бойынша түсіндірме түрінде 5968 іс-шара өткізілді, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде мақалалар, жарияланымдар жарияналып, тікелей эфирлер, радиохабар бойынша хабарландырулар, теледидарда сұхбаттар өткізілді.
Сонымен қатар, маусым айында 09.12.2024 жылғы №П-522 Департаментімен бекітілген Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша 2025 жылдың 1 жартыжылдығына арналған бақылау іс-шараларының жоспарына, Департаментінің 13.06.2025 ж. №К-222 бұйрығына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы №78 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларының 13, 41 тармақтарына сәйкес Ақсу, Алакөл, Сарқан аудандары бойынша Мемлекеттік кірістер басқармаларында «Жасырын тұтынушы» әдісін қолданып қызмет көрсету орталықтарының қызметін ұйымдастыру тәртібі және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау бойынша тақырыптық тексерістер жүргізілді.